Арыстан баб кесенесі жанында өткізілген қорытынды семинар


Педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби мәнді сапаларын дамыту үшін біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізуді, мамандардың кәсіби құзырлы болуын қамтамасыз ететін оқыту модельдері негізінде білім көтерушінің өзін-өзі өзгертуге әкелетін әлеуетіне әсер ететін біліктілікті арттырудың жаңа дидактикасының жасалуы кезек күттірмейтін істердің бірі. Педагогикалық әрекетте шығармашылық деңгейіне көтерілу үшін ұстаздардың ішкі әлеуетін ашудың мәні зор. Белгілі бір нәтижеге жету үшін жұмсалатын қор, ішкі мүмкіндіктер көзі деген мағына. Әлеуеті жоғары мамандар – елестің, интуицияның күшті дамуымен, қалыптан тыс өнімді ойлай алуымен, өзін-өзі көрсете білуімен, әрекет барысында ішкі күштерін жылдам жұмылдыра алушылығымен сипатталады.

Осы тұрғыда біліктілікті арттырудағы ұстаздардың өз санасын дамытуын, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне қол жеткізуді көздеген 45minut.kz, bilimnur.kz басылымының редакторы Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев жыл бойы атқарылған еңбекті екшелеп, «Бір жағадан бас, бір жағадан жең» дегендей, Оңтүстік өлкесінде ұстаздардың басын қосып, оларға тосын сый жасап, қуаныш сыйлады. Тамыз айының 19-20 жұлдыздары аралығында бір жыл бойы 45 minut.kz, bilimnur.kz басылымында жүргізілген Акцияның (байқаудың), өлкелерде өткізілген семинарлардың, азды-көпті атқарылған жалпы жұмыстардың нәтижесі ретінде «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» ақпараттық қорытынды семинары Арыстан баб кесенесінің жанында орналасқан Фараб қонақ үйінде ұйымдастыруымен өткізілді.

Семинар қатысушылары: Сейтбеков Жомарт Жандарұлы (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық Ж. Байгуттиева атындағы өнер мектебі МКҚК-нің директоры), Темірхан Қыстаубайұлы Әбдіков (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық Ж. Байгуттиева атындағы өнер мектебі МКҚК -нің тәрбие ісінің орынбасары), Шоқақов Перизат Сарқұлақұлы (Шымкент қаласы №103 орта мектептің директоры), Турсунжанова Ляззат Назиржановна (Шымкент қаласы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі), Садирова Сулушаш Сапаровна (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Мақтарал мектеп-гимназиясы математика пәні мұғалімі), Мырзалиева Нұрсұлу Курмановна (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық математика пәні әдіскері), Агленкина Ақмарал Жумагуловна( Ақтөбе облысы Ембі қалалық №7орта мектеп жанындағы интернатының бастауыш сынып мұғалімі), Утебаева Несипкул Мейманхановна (Түркістан қаласы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі, мақала авторы) т.б.

Қазақстанның төрт бұрышынан жиналған мұғалімдердің қатысуымен өткізілген қорытынды семинар жаңа сипатта өте жоғары деңгейде өткізілді. Бұл қорытынды семинардың аталымы – Teambuilding. Яғни, Қазақстанның тарихи шежірелі мекендеріне саяхат жасай отырып, ұстаздардың бас қосуы, атқарған өнімді еңбектерінің нәтижесі ретінде марапатталуы. Осындай алдына сан-салалы ауқымды мақсат қойған әсерлі семинардың тағлымы мен мазмұны терең болды. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, өзара танысқан, табысқан, пікірлескен, келіскен, кездескен мұғалімдердің шаттыққа кенелген жүздерінен осыны аңғарасың.

Ұмытылмас кездесу киелі Арыстан баб кесенесі жанындағы Фараб қонақ үйінен бастау алды. Жиналған зиялы қауым Арыстан бабқа зиярат етіп болған соң, ақ дастархан басында еркін пікірлесті. Осы Шәуілдірдің тумасы Шоқақов Перизат Сарқұлақұлы тарихтан біраз сыр шертті. Ұйып тыңдаған қонақтар Отырар қаласының, Арыстан бабтың, Қожа Ахмед Ясауидің өмірдерегіне әбден қанықты. Екінші күні қонақтардың таңалакеуімнен бастап Түркістан қаласына сапарлары басталды. Үкашата кесенесін, Қожа Ахмед Ясауи кесенелерін аралап, ата-бабалар рухына құран бағыштап, рухани азық алды. Саяхаттаған мұғалімдер кешке қарай Шәуілдір қаласында орналасқан Арыстан баб кесенесінің жанындағы «Фараб» қонақүйіне оралды. Кешкі қонақасында, кең дастархан басында семинар қорытындысы болып, ерекше марапаттау жүргізілді. Келген қадірменді ұстаздар кеуделеріне 45minut.kz, bilimnur.kz басылымының редакторы Ізгілік Байдрахманұлы Нағиевтің қолынан тағайындалған Республикалық деңгейдегі «Шығармашыл, тәжірибелі мұғалім», «Республикалық басылым жанашыры», «Ақпараттық тілшілік қызметі үшін» төсбелгілерін жарқырата тағып, төсбелгіні куәлігімен қоса бірге иеленіп, сонымен қатар қорытынды семинар топтамасына (жинақ) да қол жеткізді.

Осы тақырыптың мазмұнын ашу үшін ұлы Абай айтып кеткен мына бір сөздерге жүгінейік: «… Егер де естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір рет өзіңнен -өзің есеп ал! Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен…» Дана ақын бұл жерде есеп алу адамға өзінің әрбір ісі мен әрекетіне баға беру, соның нәтижесінде өкінбестей өмір сүруге қажет қорытындылар жасау үшін керек екенін меңзейді. Ерекше тұрғыда өткізілген Teambuilding семинардың әсері ауыз толтырып айтарлықтай болды. Шыны керек, бұрын-соңды мұндай нәтижелі семинар көрмеппіз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын…»дегендей, осындай ұмытылмас рухани кездесуді шебер ұйымдастырып мұғалімдерге шалқар шабыт сыйлаған, озық педагогикалық іс-тәжірибені Республика көлемінде басылымда жариялап тарата білген, ұстаздардың шамшырағын жаға білген, ізгі ниетімен ерекше тосын сый ретінде қорытынды семинар өткізіп, еселенген еңбекті бағалап, төсбелгілер тағайындаған Ізгілік Нағиев мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз! Қоғамымыздың қозғаушы күші бола білген тұғыры биік www.45minut.kz ақпараттық-танымдық порталы мен газетінің, айтары білім мен ілім, шашары өнеге мен әдеп болсын! Ахмет Байтұрсынов айтқандай, Білім жолы –нұрлы жол халықаралық интернет журналы, www.45minut.kz ақпараттық-танымдық порталы мен газеті, “Халықтың құлағы, көзі, һәм тілі болсын!” демекпіз.

Несіпкүл Өтебаева, Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s