Сабақтың тақырыбы: Дос болайық, бәріміз! 3 сынып


Алматы қаласы Шона Смаханұлы атындағы № 62 гимназия

Өзін-өзі тану пәні мұғалім Тышманова Чаризат Асетовна

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық, бәріміз! 3 сынып

Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-Достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, сыйластық, жауапкершілік, мейірімділік.

Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезеңі.

5-Т-ны еске түсіру, оны сыныптағы ереже ретінде көрінетін жерге іліп қою.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық сақтауға шақыру.

Көрнекі құралдар: слайд, дәптер, оқулық, саңырауқұлақтың үлгісі, жануарлардың маскалары А3 қағазы, түрлі түсті бояулар.

Топқа бөлу: (сары,қызыл, жасыл,көк түстер арқылы)

Тыныштық сәті: (нұрға бөлену)

Елестетіп көріңіз: күн нқры сіздің төбеіңзден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сізздің әр ойыңызды ,әр сезіміңізді ,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қлоымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға және тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттыңыз , құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттыңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге ,барлық тірі жанға таралсын: ғаламның барлық түпкір-түпкірінен нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын: Нұр менің ішімде……Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасы: «Саңырауқұлақтың саясы» сахналап келу.

Балалар үй тапсырмасын сахналау арқылы ашып береді.

Топпен ән айту: Оқушылар бірігіп, Х.Талғаровтың сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың «Дос болайық,бәріміз!» атты әнін үнтаспамен қосылып орындайды.

Әңгімелесу сұрақтары:

  • Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?
  • Достарыңды ренжітіп алсандар калай татуласар едіңдер?
  • Адал достықты қалай түсінесіңдер?
  • Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Оқушылар сұрақтарға жауаптар бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Жаңа сабақ: «Дос болайық, бәріміз !»

Бейнебаян (Екі дос туралы ертегі).

Ертегі бойынша балалар өз ойларын ортаға салады.

Шығармашылық жұмыс: (Әртопқа тапсырмалар беріледі)

1-топ: досыңның бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді? ( топтастыру)

2-топ: мақал-мәтелді толықтыру және мәнін түсіндіру

3-топ: достықты бейнелеу

4-топ: жағдаяттар құрастыру

Сергіту сәті: ( Балалардың денесін бір сәт сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады )

Дәйексөз: «Татулық – достық кепілі». (Халық мақалы.)

Енді балалар бүгінгі тақырыпқа сай мына дәйексөзді оқып,дәптерімізге жазып алайық.

Мұғалім «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

Үйге тапсырма: Дәптердегі 1тапсырма бойынша ребусты шешу.

Соңғы тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады. – Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректерімізге сақтап алайық. Барлықтарыңызға үлкен рахмет! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s