Құстар біздің досымыз


№59 «Ақбөбек» балабақшасының

тәрбиешісі

Тулегенова Данагул Қалибайкызы

«Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Балаларды жергілікті жердің құстарымен
таныстырып, оны күтіп-баптауға, аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстардың табиғатқа келтірер пайдасы туралы түсінік беру.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: Ақпараттық комуникативтік технология, ағаштың макеті, атрибуттар, құс ұясы.
Тәрбиеші:
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай — саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Құрметті тәрбиешілер, балалар міне көктем мезгілімен бірге көктем жыршысы құстар келе бастады. Бүгінгі «Құстар біздің досымыз» атты ойын сауығымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбиеші: Балалар кәне ортаға шеңбер жасап тұрайық, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмамыз. Ал енді көзімізді ашамыз. Ой балалар біз қайда келдік? (Сигнал дауысы шығады залға табиғат қорғаушысы кіреді)
Табиғат қорғаушысы:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің мына компюьтерлік құрылғыма осы жердің ластанып жатқаны жөнінде белгі түсті. Мына жер неге шашылып жатыр, қоқысты осылай шашуға болады ма? Сендер ма шашып тастаған.
Балалар: Жоқ біздер емес.
Табиғат қорғаушысы:Кәне балалар маған көмектесіп жіберіңдер мына жерді қоқыстан тазартайық. Міне керемет қандай таза болды. Бұл жерде ағаштар бүршік атып әдемі болып тұр екен. Ағаштарды сындыруға болмайды, су құйып күтуіміз керек. Мына жерде сендердің алдарыңда келген балалар құстарға ұя жасап, жем шашып кетіпті. Көктемде ұшып келген құстарға ұя жасап қамқорлауымыз керек.
Тәрбиеші: Біздің балалар ағаштарды сындырмайды, құстарды қамқорлайды. Табиғат қорғаушысы бүгін біздің балабақшада «Құстар- біздің досымыз» атты ойын-сауық өтіп жатыр. Сіз де бізбен бірге болыңыз. Ендеше балалар табиғат қорғаушысына арнап «Көктем» әнін орындап берейік.
Ән: «Көктем»
Табиғат қорғаушысы: Жарайсыңдар балалар! Ал енді мен қазір өзімнің достарымды ортаға шақырамын.
Қарлығаш: Қарлығашпын мен адамның тұрағын,
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй-ішін,
Шыбын деген кеселден,
Ел аузында мақтаулы.
Санитармын төселген. (Дәрмен)

Тәрбиеші: Балалар құстар туралы қандай ертегі білеміз?
Балалар: «Қарлығаш пен Дәуіт»

Торғай: Қараторғай, бозша торғай,
Терезеге қырыңдап.
(Абай К)
Шоқаң-шоқаң ұшып қонып,
Жем сұрайды шырылдап.
Тәрбиеші: Ой балалар бізге торғай ұшып келген екен кәне торғайға арнап «Торғай» әнін орындап берейік.
Ән: «Торғай»

Көгершін: Көк көгершін, көгершін,
Көгершін келер жем үшін.
Балалар жем себелеп, (Ақмырза)
Жем жесін де семірсін.
Тәрбиеші: Балалар міне көгершінде ұшып келген екен құр жібермейік көгершінмен бірге ойын ойнайық. Ойын: «Ағаштарға құстарды қондыр»
Шарты: Үстел үстінде торғай мен көгершіннің атрибуты тұрады Балалар өздеріне ұнаған атрибутты киіп, сол үстел үстінде жатқан атрибутына сәйкес құсты алып ағаштарға орналастырады.

Аққу: Құс сұлу аққумын,
Табиғаттың көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген, (Шырайлым)
Атуға көзін қимаған.
Тәрбиеші: Ал енді ортада әдемі аққуларымыздың биін қабыл алыңыздар
Би: «Аққу»
Тәрбиеші: Балалар табиғат қорғаушысы өзімен бірге құстарын ала келіпті. Ендеше бізде құр жібермейік балабақшада үйренген тақпақтарымызды айтып берейік.

Айкөркем:
Біз қамқоршы баламыз ,
Құстарға ұя саламыз.
Жем су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.

Азиз: Күзде салқын даламыз,
Қыста құссыз қаламыз.
Көктем келсе оларды,
Қайта қарсы аламыз.

Д.Ернар: Келіп көктем құстары,
Бау — бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.

Тәрбиеші: Балалар табиғат қорғаушысымен бірге бойымызды сергітіп алайық. (Табиғат қорғаушысы балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Тәрбиеші: Балалар құс болып ұшып тез-тез балабақшамызға жетіп алайық.
Көрініс: «Қарлығаш пен Дәуіт»
Автор: Ертеде бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапандарын шығарыпты. Бірде ұяға жауыз жылан өрмелеп бара жатады. Оны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, көкекке барып көмек сұрайды.
Қарлығаш: Шиқ-шиқ, көкек, көкек балапандарыма көмек бере көр.
Көкек: Уақытым жоқ. Бүркіт қонаққа шақырып еді кук-кук-кук.
Автор: Қарлығаш шыр-шыр етіп қарғаға келіп көмек сұрап жалынады.
Қарлығаш: Қарғажан маған көмектесші, жылан балапандарымды жегелі жатыр.
Қарға: Мазамды алмашы, мен үйленейін деп жатырмын.
Автор: Қарлығаш амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Алдынан Дәуіт кездеседі. Дәуіт: Достым неге жылайсың?
Қарлығаш: Жауыз жылан балапандарымды жегелі жатыр, ұяма өрмелеп барады.

Автор: Олар көзді ашып жұмғанша да ұяға келіп жетеді. Ол кезде ұяға жыланда жақындап қалған еді. Дәуіт жыланның көзін аяғымен қарғыды. Жылан сылқ етіп жерге құлайды. Қарлығаш пен дәуіт ажырамас дос болып ғұмыр кешіпті. Міне балалар құстар туралы ертегіден көрініс тамашаладық. Құстар адамдарға дос, құстар да бір-біріне көмектесіп жүреді екен. Міне құрметті апайлар, балалар осымен құстарға арналған «Құстар біздің досымыз» атты ойын сауық кешіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

Данка Алтын күз.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s