Жаңа сабақтар

Искакова Гулия Шалқарқызы


Сəлеметсіздер ме 45 минут сайтының шығармашылық тобы. Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты кенті. Мойынты ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гулия Шалқарқызы

Мен биыл 1- сынып қабылдадым. Мəңгілік ел аясында Мен -өз елімнің патриотымын сынып сағатын өткіздім.

Реклама
Жаңа сабақтар

Мен өз Отанымның патриотымын


Түркістан қаласы, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия мектебінде 1 қыркүйекте «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Әсем безендірілген мектеп алаңында шаттыққа бөленген оқушылар бір-бірімен қауышып, мәре-сәре болды.

Мерекелік іс-шара үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде) жүргізілді. Мектеп басшысы Жаңыл Анишқызы Орынбаева мен Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы Жансая Касимқызы Орынбасарова бүгінгі Білім күнімен ата-аналарды, оқушыларды және мұғалімдерді құттықтады. «Азалы ана» ескерткішіне 11сынып оқушылары гүл шоқтарын қойды.

2016-2017 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1сынып оқушыларына көңіл бөлініп, оларға сыйлықтар табысталды. Қазақ тілінде оқытылатын үш сынып және орыс тілінде оқытылатын тоғыз сынып ашылып №9 мектеп-гимназия оқушыларының қатарын көбейтті.

Түркістан қаласындағы Славян орталығы филиалының директоры және орыс тілі пәнінің мұғалімі Александра Николаевна Пудовкина, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Крестина Владимировна Веркашенцева, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сабыржан Серикбаевич Есенқұлов, сынып жетекшілері т.б. іс- шараның өткізілуіне өз үлестерін қосты.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева мен Сауле Қаратайқызы Жорықбаеваның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара есте қаларлықтай әсерлі болды.

Ақпарат берген: Несіпкүл Өтебаева, Некрасов атындағы

№9 мектеп-гиназияның мұғалімі.

Жаңа сабақтар

«Жазғы олимпиада»спорттық шарасы


Атырау қаласы, Ақжар селосы

№59 «Ақбөбек» балабақшасы

Абуова Гүлнар Жолдасқызы дене шынықтыру нұсқаушысы

«Жазғы олимпиада»спорттық шарасы.

Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу, достық қарым-қатынастарын дамыту. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Көңілді ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар:велосипед, доп, кегли, тунель, шығыршық, қармақ, су бояқ, арқан, сылдырмақ, ысқырғыш.

Командалар музыка әуенімен шығады.

Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Жазғы олимпиада» атты спорттық шараға қош келдіңізер.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Музыка жүреді.
Топ кезек-кезек кіреді. Өздерін таныстыру.

1.Топтың аты: «Күншуақ»
Топ башысы.Алихан.

2.Топтың аты: «Кемпірқосақ»
Топ башысы.Байболат. Продолжить чтение ««Жазғы олимпиада»спорттық шарасы»