«Жазғы олимпиада»спорттық шарасы


Атырау қаласы, Ақжар селосы

№59 «Ақбөбек» балабақшасы

Абуова Гүлнар Жолдасқызы дене шынықтыру нұсқаушысы

«Жазғы олимпиада»спорттық шарасы.

Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу, достық қарым-қатынастарын дамыту. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Көңілді ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар:велосипед, доп, кегли, тунель, шығыршық, қармақ, су бояқ, арқан, сылдырмақ, ысқырғыш.

Командалар музыка әуенімен шығады.

Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Жазғы олимпиада» атты спорттық шараға қош келдіңізер.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Музыка жүреді.
Топ кезек-кезек кіреді. Өздерін таныстыру.

1.Топтың аты: «Күншуақ»
Топ башысы.Алихан.

2.Топтың аты: «Кемпірқосақ»
Топ башысы.Байболат.

Әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.

1 Балабақшамыздың басшысы:

2 Балабақшамыздың әдіскері:

4 Медбике:

Әділқазылар алқасы 4,5 балдық жүйе бойынша бағалайды.

Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырады:Ойын 5 турдан тұрады:

1 «Кім жылдам?»

2«Күн шуағы »

3 «Икемділер»

4 «Су» ойыны.

5 «Балық аулау»

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Ойындарға қатысып,

Спортсмен бала болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

Әуенмен 2 сайқымазақ кіреді.

-Саламатсыңдар ма балалар? Бүгін сіздерде спорттық ойын болып жатыр екен, біз досымыз екеуміз, сіздермен бірге ойнауға келдік. Бізді ойнатасыңдар ма?

-Иә….

Нұсқаушы: Сайқымазақтар! Қош келдіңдер! Біздің балалар мен ойын ойнап, көңіл көтеріңіздер….

Жарысымызды бастамас бұрын,
ересек топ бүлдіршіндері «Күн нұры «гимнастикалық биін орындайды. Қабыл алыңыздар!!!

Ендігі кезекте жарымызды бастаймыз. Ойынның шарттары:

1«Кім жылдам?»

Шарты: Балалар велосипедти айдап, мәре сызығына дейін келіп түсіп, белгі бойынша себеттен допты алып,баскетбол сеткасына лақтырады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

2 «Күн шуағы»

Шарты:Екі топтың балалары бір-біріне сүйеніп, белдеріне арқан тағып, алақандарын сары бояуға батырып, тез қимылмен боялған алақандарын аққағазға күн шуағын бейнелу керек. Егер кім бірінші боялған алақанын қағазға басса, сол жеңіске жеткен болып табылады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

3. «Икемділер»
Шарты:Екі топтың балалары алдында тұрған шығыршықтың арасынан құлатпай өтіп, құттыда тұрған гүлді алып, құмыраға салу керек.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу

4 . «Су» ойыны.

Шарты:Екі топқа стол үстіне стаканмен су беріледі.Тунельдің астымен өтіп, суды ішу қажет. Бұл жерде жылдамдық және шапшаңдық маңызды..
Әділқазылар алқасының бағаларын білу

5. «Балық аулау»

Шарты:Екі топқа балық аулау құралдары беріледі (жүзуге арналған үрілмелі шеңбер және жұмсақ аяқ киім) , сол құралдар арқылы балық аулайды. Қай топ балықты көп аулайды, сол топ жеңіске жетеді.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.

Балалардың орындауында:Орта топ бүлдіршіндері «Чунга чанга» көңілді биін орындайды. Қабыл алыңыздар..

Қорытынды бөлімі:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл мықты.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,

Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен ,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты марапаттап,мақтау қағазын табыс етеді. Жарыс өз мәресіне жетті.
Нұсқаушы:

Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен думандатып,Аяқталды халайық жарысымыз!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s