Мен өз Отанымның патриотымын


Түркістан қаласы, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия мектебінде 1 қыркүйекте «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Әсем безендірілген мектеп алаңында шаттыққа бөленген оқушылар бір-бірімен қауышып, мәре-сәре болды.

Мерекелік іс-шара үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде) жүргізілді. Мектеп басшысы Жаңыл Анишқызы Орынбаева мен Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы Жансая Касимқызы Орынбасарова бүгінгі Білім күнімен ата-аналарды, оқушыларды және мұғалімдерді құттықтады. «Азалы ана» ескерткішіне 11сынып оқушылары гүл шоқтарын қойды.

2016-2017 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1сынып оқушыларына көңіл бөлініп, оларға сыйлықтар табысталды. Қазақ тілінде оқытылатын үш сынып және орыс тілінде оқытылатын тоғыз сынып ашылып №9 мектеп-гимназия оқушыларының қатарын көбейтті.

Түркістан қаласындағы Славян орталығы филиалының директоры және орыс тілі пәнінің мұғалімі Александра Николаевна Пудовкина, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Крестина Владимировна Веркашенцева, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сабыржан Серикбаевич Есенқұлов, сынып жетекшілері т.б. іс- шараның өткізілуіне өз үлестерін қосты.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева мен Сауле Қаратайқызы Жорықбаеваның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара есте қаларлықтай әсерлі болды.

Ақпарат берген: Несіпкүл Өтебаева, Некрасов атындағы

№9 мектеп-гиназияның мұғалімі.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s