1 қыркүйек — Білім Күні


Республикалық 45minut.kz басы1лымы атынан 1 қыркүйек — Білім Күнімен және 2016-2017 жаңа оқу жылының басталуымен барша ұстаздарды және оқушылар мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!

Бірінші қыркүйек – айтулы және жалпыхалықтық үлкен мереке! Жаңа оқу жылының басталуы өмірімізде қастерлі дәстүрге айналып, бірталай ұрпақтарды біріктірді, осы айтулы, дәстүрлі күнді бала бақшадан бастап, мектеп табалалдырығын бірінші рет аттаған баладан жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге дейін атап өтуде. Бұл біздің жалпы мерекеміз, сондықтан болар барлық бастамалардың алдында бірі-бірегейі –білім.
Білім адам баласының өмірлік серігі, өз мүмкіндігін өмірде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін өмір азығы болады. Ұстаздар – білім әлеміне жол ашушылар, бағыт-бағдар көрсетушілер.
Отандық білім саласының дамуы мемлекеттік саясаттың басты және негізгі алдыңғы қатардағы бағыты. «Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз қажет» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясында» атап өтті.
Ғылымның жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, өмірге деген талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді. Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр.

Республикалық 45minut.kz басылымы ұстаздар баспасөзі ретінде 2012 жылдан бері тұрақты қызмет атқарып келеді. Редакция тарапынан тұрақты түрде ғылыми практикалық семинарлар, кездесулер, шығармашылық конкурстар ұйымдастырылуда. Редакция қызметінде «БАҚ өкілі — Тілші» ретінде қоғамдық қызметтерде ұстаздар белсенді еңбектенуде. Редакция тілшілері ҰБТ -2015 қоғамдық бақылаушы ретінде қатысып тәжірибе алды.
Редакцияның басты мақсаты педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау, ұстаздың әдістемесін және шығармашылық байланысын кеңейту. Сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек. Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.

Ұстаздарымыздың белсенді қызметі арқасында Республикалық 45minut.kz газеті (Апталық тиражы 3000 дана) және http://www.45minut.kz, http://www.45minut.org (Күнделікті қолданушылар 30 000 қолданушы) интернет ресурстары жұмыс істеуде. Ай сайын тұрақты түрде топтама жинақтар, әдістемелік кітаптар баспадан жарық көреді. Интернет ресурстар мұрағатында 20 000 нан астам сабақтар мен шығармашылық еңбектер жарияланған. Интернет ресурс материалдарын пайдалану және материал жариялау ақысыз негізде жүзеге асады. Сонымен қатар білім мекемелелерінің іс шаралары мен жаңалықтары күнделікті жарияланып отырады.

Өмірде жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!

 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s