Білікті басшы


Еліміз тәуелсіздік алып,іргесін нығайтып,құлашын кеңге салған кезеңдегі қажеттіліктердің көшбасында,әрине,білім саласы жетекші орын алады.Дүниежүзілік жаhандану жағдайларына байланысты біздің республикамызда жалпы білім беретін мектептің оқушыларын бәсекеге қабілетті,ізгілікті,тұлғалық-бағдарлық бағытқа бейімдеу талабы тұр.
Міне,осы міндеттер мен талаптарды жүзеге асыру барысында мұғалімдерге білікті басшы керек.Ақпараттық заманның күнделікті өзгерістері мен тың жаңалықтары білім мен тәрбиенің ошағы-мектептен,кәсіптік білім беретін арнайы білім беру және жоғарғы оқу оындарынан бастау алатыны да сөзсіз.Білім мен тәрбиені егіз деп санаған халқымыз «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деп,ұстазын қадірлеп,төрінен орын берген,ерекше құрмет тұтқан.Білікті басшы-қоғамның ерекше тұтқасы,өткен мен болашақтың мызғымас көпірі,жарқын болашақтың кепілі.Сондай ерекше мақтауға лайық жандардың бірі-№167 мектептің басшысы білікті,білгір ұстаз,мектебіміздің директоры Ботагөз Әбенқызы Абеубекованы айтуға болады.
Ботагөз Әбенқызы 20-жылдан астам мектеп директоры болып,басшылық қызметін атқарған.25 жыл ғұмырын басшылықта атқарған мектеп директорлығымен өткеріп келе жатқан осы уақытқа дейін бағындырған белестері мен асқар асулары да аз емес.Бұған Ботагөдің басылым беттерінде жарық көрген мұғалімдерге үлгі боларлық әдістемелік сабақтары,қалалық пен республикалық семинарлардағы ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары жарқын дәлел.Білікті басшының еңбегі бағаланып,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған.Білікті басшы-мұғалім үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі,күннің шуақты сәулесіндей айналасына жақсылық нұрын шашқан ұстаз бейнесі мұғалімдердің жүрегінде мәңгі ұмытылмайды,есімі алтын әріптермен жазылып қалары анық.Жарты ғасырға жуық ғұмырын іздену мен оқуға «Өз бақытын аямай,өзгенің бақытын аялауға» жұмсаған ұстаз еңбегі өлшеусіз.Республикалық әдістемелік-ғылыми журналдарға мақалалары шығып тұрады.
Білікті басшы-Ботагөз Әбенқызына алдағы уақытта да мол табыстар жетістіктер тілейміз.

Бейбіткүл Әшімова
№167 жалпы білім беретін
мектептің тарих және құқықтану
пәндерінің мұғалімі.
Алматы қаласы.
2016жыл,10шілде.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s