Оқыту мен оқуға өзгерістер енгізу заман талабы


Шымкент қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Бименова Меруерт Тилеубергеновна

Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға!
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.

Ұлы Абайдың даналық сөздерінің дүниеге келгеніне қаншама уақыт өтсе де, өшпестей ұранға айналған қасиеттілігіне тіл жетпес байлық деп қастерлеп қараймыз. Иә, еңбек етеміз, жалыққан да емеспіз, біз үнемі іздену үстіндеміз, әлі де іздене береміз, іздене отырып дамимыз, жетілеміз. Өткен уақыт бізден осыны күтті, келешек бізден нені күтеді? Еткен еңбегіміздің далаға кетпесіне, біздер- мұғалімдер, ұзақ уақыт керек екендігін сабырмен, шыдамдылықпен нәтижесін көре алатындығымызға осы мамандықты таңдаған сәтте-ақ өзімізді дайындап қадам жасаған жандар болғандықтан да «қадірлі», «құрметті», «ұлағатты» теңеулерге лайықты ел үмітін арқалап табан тірей күресуден жалыққан емеспіз. Қазақстан педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы Үшінші деңгей бағдарламасын меңгеру мен зерделеу барысында «мұғалім- оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» екендігін түсінігенде, басқару мен басшылық етуі негізінде көшбасшылық қасиетімізді тани алдық. Яғни, мұғалім көшбасшы ретінде өзгереді.
Өз тәжірибесіне курстан алған білімдері мен әдіс-тәсілдерін ендіріп, бағдарламаның негізгі идеяларын қамти отырып, өзгеру алға қарай бет алу, ұмтылу, даму үдерісін іске асыру керекпіз. Бұл қарапайымды күрделендіру мен күрделіні қарапайым ету алдағы күннің еншісінде десек, ертеңнің бүгіннен басталарын айдан анық. Сындарлы оқыту теориясының негізіндегі Бағдарламаның идеясын мақсат етіп қоюды нақты, қолжетімді, шындыққа сай, өлшемге бағытталған болуын басты назарда ұстауды үйренеді. Өзгеру қажет, себебі әлем өзгеруде және әлемді танитын тұлға өзгеруде. Өзгерісті қажет еткен қоғамда өмір сүре отырып еш өзгеріссіз қалу мүмкін емес. Ал, бірқалыптылық, бір сарындылық, жылдар бойы бізге өзгеріссіз өмір сүрудің тоқтап қалғаны секілді ілгерушілік байқалғанын білдірмейді. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Сол үшін де өзгерісті жалғыз емес қауымдастық болып, бірлесе отырып жасауға әрекет жасауымыз керек. Заман талабына сай өмір ағымында, мүмкіндігің бар болған ортада қоғам қажеттіліктерін пайдаланып өзгеру мен өзгерту адамдық қасиеттеріміздің бірі. Бір қалыпты өмір адамды тек жалықтырып қана қоймай, өзге де өзгерістерге бағыттауы мүмкін. Әйтсе де еш өзгеруді қажет етпейтін, сонымен бірге өзгеге де мойынсұна бермейтін «ерекше» жандардың да бары жасырын емес. Адамның қоршаған орта әсерінен өзгермеуі, өзіндік ұстанымы болуы да ықтимал. Егер сезіне алар болсақ, әсер алар сәт пен сабақ болар тұстар жүректен өшпес, қайталанбас өзгерістер көптеп табылады, әрине, сіз оны дұрыс және өз қажетіне пайдалана алар болсаңыз. Демек, біз өз қажеттіліктеріміз үшін де өзгеруге тиіспіз. Өзгеріс-өрге өрлеудің өзегі. Өр –биік, яғни нәтиже, жетістік; өрлеу-іс-әрекет, тәжірибе болса, өзегі-қадамы мен мақсаты. Адам өзгеруі үшін ең алдымен мақсат қойып, қадам жасауы керек. Қадамның сәтті болуы өз ұстанымыңызға байланысты, қандай жағдайда, қалай әсер ету сын тұрғысынан ойлай алуды қажет етеді. Сын тұрғысынан ойлау –«ойлау туралы ойлану» болса, демек, айнала әсерінен ойының өзгеруі өзгеге әсер етуі мен жүзеге асыруы сын тұрғысынан ойлана алуы. Сондай-ақ, өзін-өзі реттеу, өз-өзін жақсы көру, өзін бағалай алу, сыйлау, құрметтеу сынды өзіндік «мені» бар әрбір тұлға алдымен өзгеруді өзінен бастағаны дұрыс. Қалай дегенде де мұндай адамдар өз бақытын бағалай білетін, өз өміріне жауапкершілікпен қарай алатын «нағыз адам» деген атқа лайықты жандар. Үздіксіз өзгеріс адамды биік шыңдарға жетелері хақ. Шың шыңырауы шындық болса, биігі арман мен қиял жетегіндегі нақтылық. Кім-кімге де болсын арман мен қиял әлемінің асқақтығының өзі оның өмірге деген махаббатынан тұрады. Өмірді сүю мен қадірлей білу бүкіл жаратылыс иелерінің дерлік қолынан келе беретін ерлік іс деп айта алмаймыз.
Нәтижелі жұмыстың өмірге берері мен тигізер әсері мол. Мұғалім көшбасшы ретінде оқушыны бағыттап өзгеге керегін бере алса, оқушы да өз оқып үйренгенін керекті жерінде, қай кезде де пайдалануы оның даму жолы. Міне, осыдан келіп оқушы-адам, келешек өмір иесі, пайдасы мен зияны. Атап айтар болсақ, жаңалық ашуға жаны құмар жандардың, неше жылдық зерттеу еңбек нәтижелерінің қорытындысындағы өзгерістердің куәсіміз. Ал, сол өзгерістерге немқұрайлы қарамай, оларды меңгеру үшін, пайдалана алу мен іске асыру, сын көзбен қарай отырып ойлану. Қалай оқу керектігін біліп, бағытталып, қадам жасап өзгеруді жүзеге асыруды қолға алған екенбіз, сол бағытта тәжірибе, зерттеу сынды атқарылар жұмыстар жеке тұлғаның да қалыптасуының басты қадамын жасай алуымыз керек. Осыны шын түсінумен болашақты жасап жатқанымды елестетіп алға қадам жасаймыз. Бұл жолдағы кедергілерден өту немесе көз жұма қарау өзімізге сын, атымызға кір келтіреді. Біз осындай пікір-көзқарастарымыз негізінде көшбасшы болып, оқушы ортасында қарым-қатынас орнату сол арқылы білімді ету — сапалы білім көрсеткіші. Сапаның құндылығы- оқытудың тиімділігі. Өзгерудің басты шарты да нақтылық пен сенімділік екендігін білумен қатар, оқу, оқу үдерісі, қалай оқу керектігі, сын тұрғысынан ойлау, «көпірше», табиғат, тәрбие, қоршаған орта, сандық технологияларда құзырлылық таныту, интерпретация, метатану, метасана… секілді ұғымдармен танысып, дамуға «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей көш бастауға дайынбыз. Қазақта «Көш жүре түзелетіндігіндей», оқу үдерісі де жүре келе дами алады. Оқу-кешенді үдеріс, біз жылдар бойғы жеткен жетістіктерімізге өзіміз мойындағандай уақытты қажет етеді. Ұзақ уақыттардан бергі үдерістің күрт өзгеріп кетуі, әрине, мүмкін емес жағдай. Сол себепті де біз әлі де нәтижені күтуден жалықпаймыз, егер ол ұзаққа созылар болса, бірақ қазір мұнда бізге көмектесуші тұлғалар болғанда, дамыту бірлесіп жұмыс жасаудың нәтижесі екендігін көрсетеді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген- ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынастың белсенділігінің көрсеткішін айқындайды. Ұлы Абайдың ақыл, қайрат, жүрегі- Шульманның үш көмекшісімен астасып жатса, «Мұғалім-мектептің жүрегі» -«мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деген пікірлер де бір-біріне сай келіп тұрғанындай, мұғалім- мектептің жүрегі, оқушы-оның дене мүшесі деп қарар болсақ, мұғалім өзінің жүрек екенін сезінуі оның әрекеттерінен байқалады. Жүрек соқпаса, адам өмір сүре ме? Жүрек әлсіресе, көңіл көтеріле ала ма? Жүрек қалап, бағыттап отырмаса, дене мүшесі қызмет ете ме? Демек, өмірдегі өз орнымызбен қоса, өзгеге де орын ұсына алу- адамдық борышымыз деп түсіне отырып, өзгеріп, өзгертіп ұсынар жаңалықтар мен ұстаным қалыптастырып, көзқарастарымызды дұрыстап, оқытудың өзгерісіне бейімдеп, тиімділік пен сенімділікті мұрат етіп, сын тұрғысынан ойлай алуға әрекеттік қадамдар жасайық. Осы қадамдағы барлық әріптестер мен барша ізгі ниетті жандарға да жеңіс пен жеміс, үлкен жетістік пен жоғарғы дәрежелі нәтиже тілеймін!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s