Еңбегі еленіп, табысқа кенелген ұстаз


“Ұстаз” ұғымын ұлағатты түрде тарқатсақ, үлкен мән, айрықша абырой жатыр. Өн бойына кемеңгерлік пен өнегені өсиет тұтқан асыл жандардың шәкірт алдында жетістікке жеткендері зор абырой. Білім нәрімен табыстың толағайын ту еткен жандарды дәріптеу біз үшін де мәртебе. Жуырда осындай қуанышты хабардың жаршысы болған Несіпкүл Өтебаева туралы газет бетіне жазып құттықтағанды жөн көрдік.
Қаладағы есімі елең етер, білімі бәсекеге лайықты білім ордаларының бірі – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы.
Осында табан алмай 25 жыл қызмет етіп келе жатқан Несіпкүл Өтебаева Мейманханқызы жуырда білім саласында ойып тұрып орын алар “Шығармашыл, тәжірибелі мұғалім” төсбелгісін кеудесіне тақты. Ол “Білім жолы – нұрлы жол” ақпараттық қорытынды семинарда Республикадағы үздік ұстаздар арасында белсенділігімен көзге түсті. “45 minut.kz”, басылымының, “bilimnur.kz” порталының редакторы Ізгілік Нағиев Байдрахманұлы Республикалық деңгейдегі куәлікті оған табыс етті.
Қолы қалт етсе, шығармашылықпен айналысып, қаламын қаруы санаған Несіпкүл Мейманханқызы аталған порталда ұстаздар арасындағы өзекті де өткір мәселелерді, мектеп өміріндегі мол тәжірибені ізденіспен жариялап жүр. Өзінен кейінгі өмірлік азық, қатарластарына қолғабыс болар дүниелерді жиі тудыру арқылы өз мамандығын жан-тәнімен сүйетіндігін дәлелдеп келеді. Бұл ұстаздың есімі тек жоғарыда аталған төсбелгімен ғана емес, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иесі ретінде де таныс. Ендеше, еткен еңбек, төккен тер текке кетпеген. Ұстаздық жолда білімнен құралған табысыңыз көп болғай!

Ақмарал Ғаниқызы,
Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s