Өз балаңа үлгі бола біл


«Өз балаңа үлгі бола біл» тақырыбындағы республикалық конференциясынан Түркістан қаласындағы № 9 мектеп-гимназия да қалыс қалмады. Аталмыш конференция директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева мен Сәуле Қаратайқызы Жорықбаеваның ұйымдастыруымен жаңа сипаттағы тұрғыда Акт залда өткізілді. Ата-аналар Түркістан қаласында Ментальды арифметика мектебінің ашылғаны жөнінде де хабардар болды. Тіпті, сол мектептегі мамандар конференцияға арнайы келіп тегін оқыту жүргізілетінін де жеткізді.
Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары Гүлжахан Оразбекқызы Божбанбаева ата-аналарға келелі кеңесін айтып, ақпарат ғасырында, сандық технология ғасырында балаларға ақпаратты тікелей қабылдау шеберлігін арттыру мен күрделі материалдарды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру үшін оларға ерекше бақылау мен күтім керек екендігін айтып өтті. Ата-аналар комитетінің төрағасы Жүсіп Әсетхан Абибуллаұлы сөз кезегін алып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық» деп, бірлікке, ынтымаққа жүгініп, бірлескен Одақ құрайық деп, үндеу тастады.
Ата-аналар өз көкейлерінде мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Жаңа бағдарлама бойынша бастауыш сынып мұғалімі Анар Сырлыбаева 1-ші сыныптар бойынша оқулықтарының құрылымына тоқталып, жоғары жылдамдықта оқу және қабылдау, оқылатын материалдың меңгеру сапасын арттыру жолдарын түсіндіріп, ата-аналарға өз көмек кеңесін берді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Несіпкүл Өтебаева ( мақала авторы) да жалпы жаңа реформаның бағыт- бағдарын айқындау мақсатында 12жылдық білім жөнінде ақпарат берді. Мектеп дәрігері Гүлмира Атаханова да медициналық мәліметтер беріп, нейро- психофизиологтардың пайымдауымен бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына кеңес берді. Бұл конференцияға келген ата- аналар пайдалы, қажетті кеңес алғандарын айтып мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.
1-ші сынып жетекшілерінің тиянақты дайындауымен мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндер сахнада өнерлерін көрсетті. Мектеп формасы бойынша оқушылардың қатысуымен сахнада оқушы киім үлгілері көрсетілді.
Баланы мектепте оқытуға бейімдеу үшін ата-аналар мен ұстаздарға ыждаһаттылық, аса үлкен жауапкершілік, белсенділік, тығыз қарым-қатынас ортада орнау қажеттігі айтпаса да түсінікті болды. Тәрбие ісінің орынбасары Г.Наурызбаева мен оқу ісінің (қазақ бөлімі) орынбасары А. Сайдуллаева конференцияны қорытындылап, мектеп табалдырығын аттаған балаларға сәттілік тілеп, келген ата-аналарға рахмет айтып, конференцияны жабық деп, жариялады.

Несіпкүл Өтебаева,
Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s