F Сыпайы сөйлей білеміз бе?


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақата ауылы
№ 194 орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Кансейтова Шолпан

Сыпайы сөйлей білеміз бе?

І ж: Армысыздар, құрметті қонақтар, армысыздар құрметті достар!

Бүгінгі «Сыпайы сөйлей білеміз бе?» тақырыбындағы сырласарлық, ойдағыны ортаға саларлық алаңға қош келіпсіздер! Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз арамызда сирек сақталады. Сондықтан да бүгінгі бұл тақырып маңызды деп білеміз.

Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары

ақыл мәдениетіне жете алмаймыз.

Орынды — сөз абыройыңды асырады,

Құр сөз — құтыңды қашырады.

ІІ ж: Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

І ж: Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.

Doc5.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s