Ел еркесі Ақан сері


Жексенгулова Куляш

11 Ы.Алтынсарин атындағы

орта мектептің саз пәні мұғалімі.

Атырау қаласы.

Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі Ақан сері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармалары туралы оқушыларға мол мағлұмат беріп, түсіндіру, әндерін үйрету.

Дамытушылық: Музыка тыңдау, ән орындау арқылы музыкалық сауаттары мен ырғақты қимылдарын дамыту.

Тәрбиелілік: Ұлттық өнерді суюге, қадірдеуге, қоршаған ортадағы сұлулықты, табиғат әсемдігін сезуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, буклет, слайдтар, ноутбук, музыкалық аспаптар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Тарих, өнер, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту

Шаттық шеңбері арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

-Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы таң,

Күліп шықты күн бүгін.

Қойылатын сұрақтар:

-Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

-Құрманғазы, Дина қай аспапта ойнаған?

-Өнер туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?

-Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, жұмыс жасайды.

-Ақан сері(1843-1913)-ақын, әнші, композитор Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Шын аты-Ақжігіт, халықтың еркесіне айналып, сері атанған. Қазақ халқында өзі әнші, өзі ақын, өзі домбырашы, өнерлі жігіттерді сал-сері деп атаған. Сал-серілер елден ерекше киініп, басына үкі тағып, жүйрік ат мініп, қасына әнші, күйші, палуан-өнерлі жігіттерді ертіп жүретін болған. Ақанның Құлагер деген жүйрік аты, Қараторғай деген қыран бүркіті, алғыр тазысы болған. Талай бәйгеде оның Құлагері бірінші келеді.

Әндері: «Маңмаңгер» әнін-Құлагердің маң-маң басқан жүрісіне арнап шығарған.

« Балқадиша әні»-Ақанның жас кезінде шығарғаны. Ел аралап жүрген кезінде ақылына көркі сай Балқадиша деген қызды ұнатады, бірақ қосыла алмайды, іштегі мұң-шерін өлеңмен шығарады, әнді «Балқадиша» деп атайды. Ақан серінің бұл әні қазақ даласына тарап кетеді.

-Музыка тыңдау: Ақанның «Қараторғай» әнін тыңдату. Шығарманы тыңдау кезінде музыка тілімен бейнелеу білуге, мазмұнын айтуға мән беру.

-Дауыс жаттығулары: Гамма орындау (тұрақты дыбыстарды тура және кері әндетіп орындау)

Жаңа ән үйрену: Балалық шақ –А.Маханбетова

-Денені тік ұстау

-Дауыс ырғағын жұмсақ әдемі орындау

-Алғашқы шумағын үйрету

-Дикциямен жұмыс

-Ырғағын бұзбай сөзін анық айту

-Әуенін үйрету

-Әнді хормен орындау;

ІІІ. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып қаламыз.

Алақанды созамыз,

Орнымызды табамыз.

Ойналған музыкаға лайықты ырғақты қимыл-қозғалыстар жасалады.

IV. Мағынаны тану

Нені білем? Нені білдім? Білгім келеді

V. Жаңа сабақты бекіту

-Сал сері деп кімді айтамыз?

-Ақанның қандай әндері бар?

-Ақан Серінің шын аты кім?

-Ақан Сері жүйрік атын қалай атаған?

VІ.Үйге тапсырма:Ақан сері оқу, әнді үйреніп жаттап келу

VІІ. Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s