Тұрғын үйді сәндік қолданбалы өнер бұйыммен әсем деу


Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
Аакадемик О.А.Жаутіков атындағы ЖББ
№1 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Айтбаева Гуля Тулеухановна

Тұрғын үйді сәндік қолданбалы өнер бұйыммен әсемдеу

Пәтердегі түстер үйлесімділігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тұрғын үй жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: Түстер үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп,таңдауға үйрету.Жиһаздарды орынды орналастыру,түстерді дұрыс таңдай білу,есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,эстетикалық талғамға,өмір сүрудің және адам қызметінің оптималды жағдайын жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас,интерактивті

Сабақ типі: жаңа білім беру.

Сабақ әдісі: түсіндіру,сарамандық.

Сабақ көрнектілігі: суреттер,интерактивті тақта,бүктеме, бағалау фишкалары.

Пәнаралық байланыс: әдеп,бейнелеу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Жаңа сабақ.

Тұрғын үй интерьері:

Интерьер француз тілінен аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс,ішкі жоба(жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін)жобалайтын ұғым.

Компазиция латын тілінен аударғанда құрастыру,жалғастыру байланыстыру деген ұғымды білдіреді.

Тұрғын үй интерьерінің компазициясы тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің үйлесімділігі.

Қазіргі заман ғылымы түстердің біздің өміріміздегі рөлінің ерекше екенін дәлелдеп отыр ол адамның жүйке жүйесіне,көңіл күйңне әсер етеді.Бөлменің түсі бөлмедегі жиһаздардың,кілем,перде,түстерімен композиция құру қажет.

Сары,қызғылт сары және қызыл түстер жылы сәулелі белсенді тістер блолып есептеледі.Мұндай түстер адамға қуаныш,өмірге деген құлшыныс сыйлайды.

Күлгін және қызыл түстер жүйке жүйесін шаршатады,адамның еңбекке қабілетін төмендетеді.Жасыл және көгілдір түс адамға жақсы әсер қалдырады,жүйке жүйесін тыныштандырады,жұмыс қабілетін,есту қабілетін арттырады,көзді шаршатпайды.Сары түс көңілді көтереді,жүйкені тыныштандырады.Бұл түстің басты қасиеттерінің бірі интесивті әсіресе көңіл хошын келтіретін жылы лепті әсер қалдыратындығы.

Композиция : Жайлылық Біртұтас

Үйлесім Интерьер Ыңғайлылық

III.Сарамандық жұмыс

Оқушылар AKTIVSTUDIO бағдарламасында өз бөлмелерін қалауы бойынша жабдықтап көрсетеді.

Мұнда топтардың жылдамдығы мен оқушы талғамы ескеріледі.

IV. Бекіту ,қорытындылау

V. Оқушыны бағалау

VI. Үйге тапсырма «Менің үйім» тақырыбында эссе жазу

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s