Құрақ құрау өнері


Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
Аакадемик О.А.Жаутіков атындағы ЖББ
№1 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Айтбаева Гуля Тулеухановна

Құрақ құрау өнері

Сабақ мақсаты:

Білім: Құрақ көздерін біріктірудің әдіс-тәсілдерін,оны істеп

көріп,қорытындылауға және жоспарлауға үйрету.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен

дамыту,құрақ құрау туралы алған білімдерін,дағдыларын нығайту.

Тәрбие: Халқының өнерін,салт-дәстүрін бағалай білуге,өнер адамдарын құрметтеуге,әсемдікке,ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.

Пән аралық байланыс: математика,бейнелеу өнері,өмірмен байланыс.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,интер тақтамен жұмыс,сарамандық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

I. Ұйымдастыру

II. Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап)

1.Құрақтың түрлерін ата?

2.Құрақ құрау үшін қандай маталар пайдаланылады?

3.Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?

4.Құрақ құрауға түр-түстің қатысы қандай?

5.Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді?

6.Құрақтың жасалу жолы?

III. Жаңа материалды түсіндіру.

Құрақ өнерінің бір ерекшелігі-мата қалдықсыз қолданылады.Құрақ өнерінің шығу тарихы мен уақыты өте әрі де жатыр.Ертеректе матаның аз кезінде камзолға,шапанға пайдаланылған барқыт,пүліш,мақпал,парша,сияқты маталардың қиындықтарын тастамай соларды өте бір келісімді, үйлесімді талғаммен құрап,тұрмысқа қажетті заттар,әсіресе құрақ көрпелер, бөстектер,төсек жапқыш,түскиіздер жасаған

Ертеректе құрақ өнері тапшылықпен туса,қазіргі заманымызда мата түрі жеткілікті болса да құрақ өнері біздің халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қол өнерінің асыл қазыналарының бірі.

Құрақ құрау өнері тек қана қазақ халқы емес,басқа дүние жүзі халықтарына да тән.Бірақ әр халықтың ою-өрнегі секілді құрақ түрлері де әр түрлі.

Сонымен қатар құрақ өнерінде түстердің де алатын орны ерекше.Халық шеберлері мұны да ескерген.Қиықтар бір-бірін ашатындай етіп орналастырған.Тіпті біртүсті матаның өзінен арасына ашық түстен көз салу әдісімен тамаша құрақтар құраған.

Құрақтардың түрі сан алуан.Қазақ халқында ең көп тараған құрақ түріши құрақ.Бұлай аталуының мәні қазақтың ши орау өнеріне байланысты.Ши құрақты мата қалдықсыз пайдаланады.Ши құрақтың бірнеше түрі бар, түстерді де әртүрлі үйлестіру арқылы сан -алуан түрлерін құрауға болады.

1.Айшық құрақ

2.Бауырсақ құрақ.Бұл құрақ та қалдықсыз құралады,түстері әртүрлі орналастыру арқылы әртүрлі құрақ түрлерін жасауға болады

Сол сияқты жұлдызша құрақ,сүйір құрақ,кереге құрақ түрлері бар.

Бүгін біз солардың бірнеше түрлеріне арнайы тоқталамыз.Түр-түсті анықтауды спектр түстерін білудің мәні зор.Осы заңдылықты пайдаланатын болсақ,түстерді былайша орналастыруға болады.

1.Қарама-қарсы түстер мысалы:ақ пен сары,қызыл мен жасыл,көк пен сары,қызыл мен көк.

2. Бірыңғай жуық түстер мысалы:ақ пен сары,қызыл мен қызылсары,жасыл мен көк,қара мен қоңыр

Қауіпсіздік ережелері:

1. Қайшыны бір-біріне бергенде сабынды өзіне қаратып беру керек.

2. Тот басқан,өтпейтін қайшымен жұмыс жасама.

3. Үтікті қосқанда,суырғанда қолың су болмау керек.

4. Инемен,машинамен жұмыс жасағанда шашты орамал астына жиыстыру керек.

5. Жұмыс орнын таза сақтап,жұмыс аяқталған соң жинап қою керек.

Сарамандық жұмыс:

Кіріспе нұсқау оқушыларды 3 топқа бөлу:

IV. Сабақты бекіту.

V. Қорытындылау(сұрақтар қою арқылы)

1 Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?(құрақ көздерін біріктіруді)

2.Құрақ біздің елдерден басқа тағы қандай елдерде кездеседі?(Гермния,Индия,Мексика,т.б)

3.Құрақты апа-әжелеріміз не себептә құраған?

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Астарлық мата әкелу,оның мықты болуын ескеру.

Жұмыс орнын жинастыру.Кезекшілер жұмыс орнын жинастырады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s