СҰРАМАЙСЫҢ ЕШҚАЙСЫҢ ХАЛІМДІ КЕП….


Түркістан қаласы. Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Санжар Ғұлама

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп,
Жарылардай боп жүрмін жаным жүдеп.
Жігіт едім жасымда «жалын жүрек»,
Болып жүрмін бүгінде «жарым жүрек».

Жүрегімде қайғының жалыны үдеп,
Бітер болды-ау жегідей жанымды жеп.
Бір жұбаныш іздеп жаным сарылды тек,
Ақыр, бүгін ағынан жарылды кеп.

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп,
Құса болдым. Тынысым тарылды көп.
Жұбата гөр біреуің жанымды кеп,
Шаттықпен қарсы алайын таңымды тек.

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп,
Жайлаған жұдырықтай жанымды кек.
Өмір срдім жалғанда арымды деп,
Арымды деп жоғалттым барымды тек.

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп,
Сұм Дүние қарайтты қанымды көп.
Жүргенімде бір қамал алынды деп,
Жолымнан тағы бірі салынды кеп.

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп,
Ауыр дертке жүрегім шалынды көп.
Әзірейіл алмайынша жанымды кеп,
Ойлай көрме бұл дерттен арылды деп.

О, Дүние қажай берме жанымды кеп,
Ілесе алмай қалдым жұтып шаңыңды тек.
Мен жүрмін қойнауыңда қамыңды деп,
Сен болсаң төгесің-ау зарыңды көп.

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп,
Кінәлама бұл САНЖАР жалынды деп.
Мына мендей пақырға — «жарым жүрек»,
Біреуің болсаң деп ем — «жарым тірек».

Сұрамайсың ешқайсың халімді кеп…

 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s