«Шаңырақ жарастығы…» аудандық семинар тренинг


Атырау облысы . Құрманғазы ауданы. С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі

«Бекітемін »

Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Ж.Хасанова

Тақырыбы : «Шаңырақ жарастығы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай жас отбасылардың мектеппен байланысын нығайту. Бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын қарастыру.

Түрі : семинар-тренинг

Әдісі :тренинг, постер қорғау, жағдаяттар, сауалнама,бейнеролик, ой-қозғау, сергіту.

Көрнекілігі: постерлер, шар, презентациялар, «Шебер қолдар»ата-аналар жұмысынан көрме Семинар –тренингтің жүру барсы :

І. Ұйымдастыру.

Қонақтарды қарсы алу, орналастыру.

ІІ. Семинардың ашу.

1-жүргізуші: МДТІЖО-Н.Жумалиева

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым — отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.Олай болса, аудандық білім бөлімінің жоспарына сай Отбасы айлығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерекесі қарсаңында Саттар Нұрмашұлы Имашев мектебінде ұйымдастырылып отырған «Шаңырақ жарастығы»атты семинар-тренингімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші : Психолог -С.Бахтигалиева .

Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар!Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй тілей отырып, бүгінгі шарамызды бастаймыз.

Семинар-тренингімізді ашу, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сапаров Ризабек Құмарұлына жолдаймыз.

І..Танысу тренингі

Құрметті ата-аналар !Бүгінгі шарамыз сәтті өту үшін алдымен сіздерді ортаға шақырып танысып алайық.

Мейірімді жүрекпен ,

Ақ көңілді тілекпен .

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық. Қатысушы ата-аналарды ортаға шақырамыз.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық . Осы бір шаңырақтың иесі ретінде атымыздың алдына сын есімді қосып, өзімізді таныстырайық. Ата-ана өздерін таныстырады.

Әр ата-ананы таратылған бағдарламаның түсі бойынша топқа бөлінеді. Сары түс, көк түс.

Түстер бойынша сипаттама беріледі.

  1. Жүргізуші : Жумалиева Н

ІІ.«Отбасым –бақыт мекенім»

Құрметті ата-аналар топқа бөлініп отырсыздар, олай болса бірінші тапсырмамыз «Отбасым –бақыт мекенім» деген тақырыпты қалай түсінесіздер.Осы орайда екі топтың пікірі тыңдалатын болады. Постер қорғау . 3 мин

Әр топ өз пікірлерін айтады. Тыңдалады.

Көрермен пікірі.

Қорытынды сөз :

Даналықтың мектебі болған ата-бабаларымыз: «Адамның басшысы — ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық»,-деген екен (Төле би). бірлік пен береке, жылылықпен сүйіспеншілік,түсіністікпен махаббат,мейірімділік пен имандылық қасиеттері қалыптасқан отбасының шаңырағы биік, түтіні түзу шығатынына сеніміз мол.

2жүргізуші : Бахтигалиева С

ІІІ.Жағдаяттар: «Осы жағдайда мен қалай әрекет етемін?»

Адам өмірге келген соң түрлі кезеңдерді басынан кешіріп, « Отбасы» деген үлкен мемлекетті құрады. Отбасында бала тәрбиелеуде күнде түрлі жағдаяттарға кез болып жатсақ та оған аса мән бермейміз. Өйткені біз баланың біз туралы не ойлайтын ескермейміз. Осы орайда күнделікті өмірде кездесіп жататын жағдаяттарға кезек берейік. Әр топқа екі жағдаят ұсынылады. «Осы жағдайда мен қалай әрекет етемін?» топтағы ата-аналардың пікірі.

Қорытынды сөз: І топ .

1. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

2. Мектептен келген балаңыз сізге «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте….. деп әңгімесін бастап жатыр еді. «Сіздің назарыңыз басқа жақта болды, ал балаңыз айтқысы келмей қалды».Сіздің әрекетіңіз

ІІ топ.

1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.Сіздің әрекетіңіз?

2. Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпады. Сынып жетекшінің орында болсаңыз не істейсіз?

Қорытынды сөз :

Осындай қиын жағдайлардан жол тауып шығудың өзі үлкен шеберлік, үлкен өнер ,тәрбие.Өмірде шешімі жоқ мәселе болмайды, оған байыппен қарап, түсіністікпен шеше білуіміз қажет деп ойлаймыз.

V. «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді» ой қозғау.

1. «Адам бойындағы ең асылдардың бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен нәр алады.Ата-ананың берген тәрбиесі, өнегесін, отбасындағы түрлі келеңсіздіктерді бала көріп өседі. «бала үйде не көрсе, соған үйренеді. Ата-аналар оған мысал», «Бала – ата-ананың айнасы» деген дана сөздер осыдан шықса керек.

  1. Осы айтылғандарды ескере отырып, сіздерге бала тәрбиесінде көмек болар деген мақсатпен «Балаңыз табысты болсын десеңіз!» деген тақырыпта жадынамаларды ұсынамыз. Балаларыңыз табысты болып, сіздерге тек қуаныш сыйлай берсін!

VI. Сергіту сәті. Сурет терапиясы. Осы аталғандардың суретін салыңыз.

  1. күн
  2. тау
  3. үй
  4. гүл
  5. жол
  6. қапшық
  7. жылан
  8. ит
  9. мысық

VII. Тренинг. «Гүл теруге шығайық!»

Ну орманға гүл теруге шығайық. (әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата-аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір-бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Сұрақтар:

1.Сіздің бойыңызда қандай

жақсы қасиеттер бар?

2.Егер сіздің әрекеттіңіз дұрыс

болмаса,балаңыздан кешірім сұрайсызба?

3.Баланың бойына жақсы қасиеттер

қалыптастыру жолын айтыңыз?

4. «Өнегелі отбасы»дегенді қалай түсінесіз?

5. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз? Қорытынды.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s