Мамандығы-мақтанышы


Бейбітгүл Әшімова №167 жалпы білім беретін мектептің

тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі.

Алматы қаласы 2016.26 қыркүйек.

Еліміз тәуелсіздік алып,іргесін нығайтып,құлашын кеңге салған кезеңдегі қажеттіліктердің көш басында,әрине,білім саласы жетекші орын алады. Дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің республикамызда жалпы білім беретін мектептің оқушыларына бәсекеге қабілетті,етумен қатар оларды құзыретті,ізгілікті,тұлғалық-бағдарлық бағытқа бейімдеу талабы тұр. Мұғалім-қоғамның ерекше тұтқасы,өткен мен болашақтың мызғымас көпірі,жарқын болашақтың кепілі.

Қай кезде болмасын,алдыңғы буыннан үлгі алып,кейінгі жастарға жеткізуге барын салып жүретін білімі мен білігі жарасқан,мінезіне ісі сай жанды көргенде жүрегіңе жылы леп құйылып,барыңды алдына тосуға даяр тұратының да өтірік емес.Сондай ерекше мақтауға лайық жандардың бірі-№167 мектеп мұғалімі Қарлығаш Жоламанқызы.28 жыл ғұмырын аталмыш мектепте ұстаздықпен өткеріп келе жатқан жанның осы уақытқа дейін бағындырған белестері аз емес. Ел ертеңіне,ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап мақаламыздың кейіпкері 1996-2016 жылдар аралығында 5-11 сыныптарға сынып жетекшілігін атқарып келеді.Қарлығаш Жоламанқызы №167 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ береді.

Жетістіктері: Оқыту процесінде ақпараттандыру технологиясын толық меңгерген.Ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп, шығармашыл жаңашыл ұстаз екенін бүгінгі таңда мектеп,аудан,қала көлемінде көрсетіп отыр.Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін еңбекқор ұстаз бірнеше мәрте аудандық пәндік сабақтар өткізіп талай бағын сынады.Бүгінгі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуде сыныптан тыс жүргізілген жұмыстары жоғары деңгейде өткізіліп,бұл іс-шаралар туралы газет-журнал беттерінде жарияланып отырылды.Осы еңбектері мектепшілік 2013 жылы «Жылдың үздік сынып жетекшісінің» номинациясын жеңіп алды.2014 жылы аудандық «Ең үздік сынып жетекшісі-2014» байқауының жеңімпазы атаңды.2015-2016 жылы «Айтыс-сөздің майданы» атты жас ақындар айтысында «Жарқын болашақ» байқауының жеңімпазы атанған оқушыларының нәтижесінде өнерлі шәкірт дайындап ұлттық тәрбие берудегі қосқан үлесі үшін Р.Шимашева алғыс білдірді.2016 жылы қазақ тілі пәнінен «Ғылыми стиль» атты тақырыпта ашық семинар сабағын өз дәрежесінде өтті.Оқушылары аудан,қала көлемінде әртүрлі байқауларға «Абай оқуы», «Мағжан оқуларына» қатысып жеңімпаз атанып жүрді.

Мұғалім-шәкірт үшін ең жоғарғы адамершіліктің үлгісі.Ұрпақ тәрбиесі-ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»,-дегендей,өнегелі мұғалімнен жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Қарлығашта өз алдынан білім алып,қанат қағып,ұшып шыққан шәкірттерінің елге қызмет етіп,биік белестерді бағындырып жүрген азаматтың тұлғаларымен де мақтана алары сөзсіз.

Әрдайым білім жолында ізденіп,оқушыларының кеудесіне білім шуағын сепкен,алақаны аяулы,жүрегі мейірімге толы жанға алдағы уақытта да мол табыс,жетістіктер тілейміз.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s