Африканың (ішкі сулары) өзендері мен көлдері


Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы
Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің
тарих және география пәндері мұғалімі
Ипекенов Нурлан Жумабайұлы

Сабақтың тақырыбы:Африканың (ішкі сулары) өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Африканың ішкі сулары, өзен-көлдері, жер асты сулары, мұздықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтарға картадан көрсете отырып жауап беру

1. Климат қалыптастырушы факторларды ата

2. Африка аумағында қандай климаттық белдеулер бар, олардың қайсылары қайталанып отырады?

3. Африка климатының қалыптасуына географиялық орнының әсері қандай?

4. Африка климатының қалыптасуына жербедерінің әсері қандай?

5. Африка климатының қалыптасуына мұхит ағыстарының әсері қандай?

Климаттық картаны пайдалана отырып, Африка климаттық белдеулерін кескін картаға түсіру

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

1. Африка – дүние жүзіндегі ең ыстық материк

2. Климатының қалыптасуына географиялық орнының, жер бедерінің, пассат желінің, мұхит ағыстарының әсері мол

3. Африка материгін экватор сызығы қақ ортасынан бөліп өтетіндіктен, Солтүстік Африка мен Оңтүстік Африкадаклиматтың қайталанып кездесіп отыратын экваторлық, субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік түрлері бар

4. Африка климаттық белдеулері материктің географиялық орнына, жер бедері мен жағасын шайып жатқан мұхит суының жылы және суық ағыстарына байланысты қалыптасқан

ІҮ.Жаңасабақтытүсіндіру

Ішкісуларғажататындар

Көлдер Өзендер Мұздықтар Жер асты сулары Батпақтар

Африканыңіріөзендері

Ніл – Жер шарындағы ең ұзын өзен

Оның ұзындығы 6671 шақырым.Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ніл өзені Виктория және тағы басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Жазыққа шыққан соң Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы маңында Көк Ніл өзенімен қосылып, Ніл деген жалпы атқа ие болады. НілЖерортатеңізінеүлкенатыраужасапқұяды.

Конго (Заир) өзені – Африканың ең суы мол өзені

Суының молдығы жағынан дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орында. Конго өзені экваторды екі рет кесіп өтеді, сондықтан суы жыл бойы мол болады. Конго қазаншұңқыры арқылы ағып өткенде өзен арнасы кеңейіп ағысы баяулайды. Атлант мұхитына құяр жерде өзеннің лайлы сулары мұхиттағы беткі ағыстар арқылы бірден ағызылып әкетіледі, сондықтан Конго атырау түзбейді.

Африка көлдері

Африка өзендерінде кездесетін ірі сарқырамалар

Нигер және Замбези өзендеріне жоспар бойынша сипаттама беру

1. Өзеннің материктегі орнын, қай алапқа жататындығын анықтау

2. Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды?

3. Өзеннің қоректену көздері

4. Өзеннің режимі, оның климатқа байланыстылығы

5. Шаруашылық маңызы

6. Өзеннің экологиялық жағдайы

Кескін картаға Африка көлдерін түсіру

Сөзжұмбақ

1. Африканың ең терең көлі

2. Көк Ніл бастау алатын таулы қырат

3. Нілдің бастауы болып табылатын өзен

4. Жан – жағы материктермен шектелген орасан зор су айдыны

5. Африканың ең үлкен көлі

6. Африканың Үнді мұхиты алабына жататын өзені

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау

1. Африканың барлық өзен – көлдері жаңбыр суымен қоректенеді

2. Африка өзендерінің гидроэнергетикалық қоры мол

3. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз, керісінше кеуіп қалған арналар – уәдтер көп кездеседі

4. Көлдерінің қазаншұңқыры тектони-калық жолмен пайда болғандықтан, суы өте терең.

ҮІ. Үйгетапсырма беру

1. § 40 оқыпмазмұнынайтуғадайындалу

2. Кескінкартаға Африка көлдерін, өзендерінтүсірудітолықаяқтау

3. Конго өзенінежоспарбойыншасипаттама беру

ҮІІ. Бағалау

Африканың өзендері мен көлдері ашық сабақ.docx
Ашық сабақ.pptx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s