Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай мұражайында өтк ізілген кездесу-кештің сценарийі «Түркі жұртыны ң Тоқайы»


Мұратова Нұргүл Жамбылқызы

БҚО, Орал қаласы

Мектептен тыс жұмыс орталығы

«Сөз зергері»үйірмесінің жетекшісі,

ІІ санатты қосымша білім беру педагогы

Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай мұражайында өткізілген

кездесу-кештің сценарийі

«Түркі жұртының Тоқайы»

Мақсаты:
Тоқай Ғабдолла туғанына 130 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын жасөспірімдерге таныстыру,шығармаларын насихаттау, өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру, «Ұрпақ+»республикалық мәдени-білім жобасын іске асыру.

Көрнекілігі: Ғ.Тоқай өмірі туралы бейне баяндар (слайд-шоу), кітап көрмесі,

Мұражайдағы Тоқайдың заттары.

Кеш қонақтары:Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков,көпұлтты «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мүшелері.

1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!

Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, қайратты да рухты өлеңдерімен оқырман қауымын жырмен тербеген татар жұртының халық ақыны Ғабдолла Тоқайдың 130 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған «Түркі жұртының Тоқайы» атты кешімізге қош келдіңіз!

2-жүргізуші: «Ғабдолла 1886 жылы Қазан оязы, Құшлауыш ауылында туады. Әкесі Мұхаммед Ғариф ауылдың имамы екен, шешесі Мәмдуда Ошлы аталатын ауылдың имамы Зейнетолланың қызы екен. Ғабдолла бес айға толғанда әкесі өледі, шешесі Сасны атты ауылдағы молдаға күйеуге шығады да, Ғабдолланы Шарифа атты кемпірге тастап кетеді. Кейінірек шешесі ұлын қасына алады, бірақ кешікпей өледі. Жетім Ғабдолла нағашыларына қайтарылады.

1 – жүргізуші: Шаруасы кедей, баласы көп Зейнетолланың тоқал қатыны Ғабдолланы күтпей, нағашысы оны Қазанға баратын біреуге «асырайтын адам табылса берерсің» деп ертіп жібереді. Қазан базарында Ғабдолланы Мухмуд Уәлі деген бөгде бір адам асырап алған. «Қырсық қырық ағайынды». Жап-жақсы тұра бастаған Ғабдолланың асырап алған әкесі мен шешесі кешікпей ауруға шалдығады да, тәрбиелей алмайтын болған соң нағашыларына қайтарады. Безінген нағашылары оны Қаралай деген ауылдағы ұлы жоқ Сағди деген кісіге беріп жібереді. Сол ауылда ол қадімше оқуға түседі. Екі жылдан кейін асырап алған шешесі ұл табады да, Ғабдолланы шет қақпай қыла бастайды. Сол кезде оны туған ауылынан келген Бәдредден деген адам бауырсырап алып кетеді де, жұмысқа салып қояды. Ақыры Батыс Қазақстандағы Орал қаласында туған апасы бары естіліп, Ғабдолла соған жөнелтіледі…».

2 – жүргізуші: Ғабдолла Оралға келгенде жасы 9-да болатын. Әкесінің қарындасы Ғазизаның қолына келген жетім бала осы жерде ғана жетіліп, қатарға қосылғандай болады. Оралдағы әйгілі ғұлама, МысырдыңӘл-Асқаруниверситетін бітіріп келген Мүтиғолла Тухватуллиннің «Мүтиғия» медресесіне оқуға түседі. Медресе жанындағы орыс мектебінен дүниәуи ғылымдарды, орыс тілін үйренеді. Шығармашылық таланты жарқырай ашылады. Титтейінен тағдырдың ыстық — суығын көріп шыңдалған Ғабдолла сол кезден – ақ ұлт ісіне араласа бастайды. Медреседе шығатын «Әл Ғасыр әлжәдид» («Жаңағасыр») қолжазба журналында Ғабдолланың тырнақалды дүниелері жарияланады. Ғабдолланың жақын досы әрі аттасы Ғабдолла Қариев «ол медреседегі ең білімді, алғыр шәкірт болатын» деп еске алған.

1-жүргізуші: Орыс халқы Пушкинді, қазақтар Абайды, өзбектер Науаиді, қырғыздар Тоқтағұлды, түркімендер Мақтымқұлұлыны ерекше бағалап, асқақтата ұлықтайтыны белгілі. Ал татар халқы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, өз шығармаларымен татар әдебиетіне үлкен өзгеріс әкелген, бүкіл түркі жұртының демократ ақын — жазушыларына зор әсер еткен Ғабдолла Тоқайды ұлттық мақтанышы санайды.
2-жүргізуші: Ғабдолла Тоқай есімі қазақ оқырмандарына бұрыннан таныс. Олай дейтін себебіміз, Қазан төңкерісіне дейін қазақтар Қазан қаласынан жарыққа шыққан кітаптарды көптеп жаздырып отырды. Олардың арасында Ғ.Тоқайдың жырлары жазылған кітаптар да бар еді. Оның үстіне мерзімді баспасөз беттерінде де ақын өлеңдері үнемі басылып тұрды.

1 – жүргізуші: ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялылары Ғ.Тоқай өлеңдерімен рухтанды, соның үлгісінде жыр жазды. Мәселен, Ғ.Тоқайдың «Милләтшілер» өлеңі үлгісінде М.Дулатұлының «Оян, қазақ!», С.Дөнентаевтың «Ұлтшылдарға» атты өлеңдері жарық көрді. Ұлт, тіл, өнер-білім, әйел теңдігі тақырыптарында да қазақ қаламгерлері Ғ.Тоқай дәстүрін қазақы болмысқа икемдеді. Сол себептен де С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Күлеев шығармашылығы Ғ.Тоқай еңбектерімен үндесті, тіпті, кей тұстарында жақындық та байқалды.

2-жүргізуші: Ғ.Тоқайдың өлеңдері қазақ тілінде ең алғаш 1913 жылы «Айқап» журналының № 7 санында жарияланды. Содан бергі уақытта ақын мұрасы қазақ тілінде бірнеше мәрте жарық көрді. Атап айтар болсақ, 1925 жылы Жақан Сыздықовтың аудармасымен өлеңдері жеке кітап болып шықты. 1952-1975 жылдары өлеңдері мен поэмалары, ал 1962 жылы «Шурале» («Жезтырнақ») өз алдына кітап болып басылды. 1965 жылы таңдамалары, 1966 жылы балаларға арналған өлеңдері баспадан шықты. Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты мақалалар, зерттеулер жазылды. Ғабдолла Тоқайға арнап қазақ ақындары Ж.Сыздықов «Тоқай – Қарабалықта», Т.Әлімқұлов «Ғабдолла Тоқай», Ғ.Жұмабаев «Тоқай терген әріптер» атты өлеңдер, І.Мәмбетов «Тұңғыш Тоқай» деген поэма жазды. Ақынның есімін ел есінде сақтау мақсатында әрі бауырлас екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстың белгісі ретінде Орал қаласында Ғ.Тоқай ескерткіші мен мұражайы ашылды.

1 – жүргізуші: Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымына мүше елдердің шешімімен «2011 жыл — Ғабдолла Тоқай жылы» деп жарияланды. Шынында да Ғабдолла Тоқай шығармашылығы — түркі дүниесінің ортақ мұрасы.

«…Әзірге қолға түскені — мына Ғабдолла Тоқаев деген татар ақынының кітабы. Бұны мен саған әдейі жіберіп отырмын. Бұл да сен сияқты жетім болып, қорлықта өскен адам. Ақырында, өзінің тырысуының арқасында ақындықтың биік сатысына көтеріліп, бүкіл татар әдебиетінің жұлдызы болды. Түсініп оқыған кісіге Ғабдолла Тоқаевтың өлеңдерінен алатын үлгі көп. Сондықтан да саған жинағын жіберіп отырмын. Көзбен түсіне алмаған сөздеріне көңілмен түсінер деп ойладым. Тоқаевтың өмірі де, өлеңдері де саған үлгі болуына сенем. Бір үлкен арман — біздің қазақ әдебиетінің Ғабдолла Тоқаевы жоқ. Қазақ жазба әдебиетінде біз білетін өлі, тірі ақындардың біреуі де Тоқаевтың ширегіне келмейді…». Бұл 15 жасар Сәбит Мұқановқа 1916 жылдың қысында Баймағамбет Ізтөлиннен келген хаттан үзінді. Кейін қазақ әдебиеті классиктерінің бірі атанған Сәбең бұл кезде жетімдіктен жетіліп оқи алмай, Жуанағаш ауылында «молда бала» атанып, бала оқытып жүрген еді…

2 – жүргізуші: Жоғарыда айтылған хатта Баймағамбет Ізтөлиннің: «Қазақ жазба әдебиетінде біз білетін өлі, тірі ақындардың біреуі де Тоқаевтың ширегіне келмейді…» деп өкінетіні бар. Хаттың жалғасы былай келеді: «…Іштей осылай намыстанып жүрген кезде, жуырда ғана бір қуанышты хабар естідім: бір күні Ғалауетденмен кеңесіп отырып, Тоқаевты айта кеп, қазақта ондай ақын жоғына реніш көңілімді баяндап ем, «бар ондай ақын!» деді Ғалауетден. «Кім?» дедім мен. «Абай Құнанбаев!» деді…»

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай болса, қамшының сабындай ғұмырында бес том шығарма қалдырған Ғабдолла Тоқай да татар ағайындар үшін солай. Ол өмірден өгейлік көрсе де, өз халқына өгей бала еместігін ісімен де, сөзімен де дәлелдеп кетті. Бүгінде Татарстанның өнер мен әдебиет саласындағы ең үлкен мемлекеттік сыйлығы Ғабдолла Тоқайдың атында…

1 – жүргізуші: Сәбит Мұқанов «(Өз халқының) ауыр тұрмысына оның жаны ашиды, жақсылық қылуға жан таласады, өнер — білімге шақырады. Оның тәні ғана емес, жаны да ауырады. Осы екі ауру қабаттаса келіп, ақынның лаулаған өмірін 27 жасында сөндіреді» деп жазады. — Ғабдолла ауыра бастағасын достары уайымдап, оған үйлену жөнінде кеңес бере бастайды, — дейді Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай музейінің директоры Марат Багаутдинов. — Ондағы ой — ақыннан ең болмаса ұрпақ қалсын дегендік еді. Бірақ Ғабдолла оған келіспейді. Сірә, жетім өскен өз өмірін баласы қайталамасын деген болар…

2 – жүргізуші: Ғабдолла Клячкин ауруханасында жатыр. Науқасы күн санап меңдеп барады. Ақынның досы Шиғап Ахмер еске алады: «Ғабдолла әфенді, сіз нашарлап барасыз. Мұндай жағдайда фотоға түсу керек. Егер жазылып кетсеңіз, өзіңізде қалар. Ал дәм-тұз таусылса, достарыңызға естелік болсын» дедік. Бұған Тоқай қарсы болды. «Кейінірек, кішкене әл жиып алайын». Мен оған «Сіз орныңызда отырасыз. Сізге ешқиындық келтірмейміз» дедім. Сосын фотографты шақырдық. Бұл 1913 жылдың 1 сәуірі еді». Ертеңінде, кешкі 8-ден 15 минут өткенде Ғабдолла Тоқайдың жүрегі соғуын тоқтатты…Бірақ Ғ.Тоқай татардың ұлы ақыны ретінде тарихта қалды. Ғ.Тоқайдың 125 жылдығына орай шаралар Орал қаласында да ұйымдастырылуда. Оралда Ғ.Тоқай атындағы көше мен ақын мүсіні де бар.

1 – жүргізуші: Болмас бұған ешкімнің де таласы,
Қазақ, татар бір атаның баласы.
Абай, Тоқай ағайынды ақындар,
Егіз елдің екі бірдей данасы, — дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

2 – жүргізуші: Келесі кездескеше аман- сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s