Республикалық «Ұрпақ» мәдени-білім жобасы аясын да «Ауған естеліктері» атты ауған ардагерлеріме н кездесу кеші


Мұратова Нұргүл Жамбылқызы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогы

Республикалық «Ұрпақ» мәдени-білім жобасы аясында

«Ауған естеліктері» атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші

Мақсаты:

  • өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар

жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;

  • Ауған соғысы туралы көбірек мәлімет беру;
  • Ауған соғысында опат болғандардың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу;
  • Республикалық «Ұрпақ+» мәдени-білім жобасын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер: «Балалар бейбітшілікті суреттейді» сурет плакаттар көрмесі, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі бейне фильм

Барысы:

«Афганистан» бейне фильм жіберіледі.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар, қонақтар! Сіздерді бүгін Мәншүк Мәметова мұражайының қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз!

2-жүргізуші: Мы приветствуем, дорогих гостей ветеранов войны в Афганистане, уважаемых педагогов и воспитанников Центра внешкольной работы!

1 –жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

2 – жүргізуші:

Афганская война… Как много и мало мы о ней знаем. Она ушла в историю и за десять лет унесла многие тысячи жизней воинов-интернационалистов. Это война своим черным крылом коснулась многих наших семей, принеся с собой цинковые гробы, безногих, безруких, слепых, тяжелобольных молодых людей. Война в Афганистане – это горе, прежде всего, тех, кто непосредственно в ней участвовал. Для остальных она далекая, чужая, непонятная, хотя и ближе по времени. Для тех, кто сражался в Афганистане, война не закончилась по сей день.

1 — Жүргізуші
— Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!

ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады.

2 – жүргізуші:

Наш вечер сегодня мы посвящаем Вам — дорогие наши ветераны Афганской войны, всем кто потерял своих близких и родных на этой страшной войне. И всем тем, кто помнит и ценит подвиг наших воинов, выполнивших свой воинский интернациональный долг в далеком горном Афганистане.

1 – жүргізуші:
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.

1. Пимонов Олег Викторович – БҚО «Ауғанстан ардагерлер одағы»қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2. Нурканов Мирлан Аманжолұлы- – БҚО «Ауғанстан ардагерлер одағы»қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, қалалық білім бөлімінің әдіскері;

3. Есбулатов Мұхтар Жоламанұлы- «Қызыл жұлдыз»ордені иегері,№22 мектеп әскери жетекшісі.;

5. Қодаров Нуржан Жаксылықұлы — №32 мектептің, әскери жетекшісі.

6. Бектенова Светлана Саржановна- М.Маметова атындағы мемориалдық мұражай директоры.

Ардагерлерге гүл шоқтарын ұсыну

Мақсат Тұяқ «Ақберен» жас ақындар мектебінің шәкірті

«Жауынгер рухымен» өзі шығарған өлеңін оқиды.

1-жүргізуші : Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

Ауған соғысы туралы бейнефильмге назар аударайық!

Ауған соғысы, БҚО қаза тапқан батыр жауынгерлер жөнінде бейне фильм ұсынылады.

2 – жүргізуші:Нет, не забыть, нашим воинам — интернационалистам бои и походы, могилы погибших друзей и товарищей. Не забыть их тем, кому посчастливилось остаться живыми и здоровыми, а уж тем более искалеченным. До последних дней не забыть им нравственной, а то и физической боли. Годы скорби вдов, родителей, братьев и сестер воинов, пошибших на афганской земле. Но жизнь продолжается. Жизнь берет свое…

Воспитанница вокальной студии «Октава» Дарья Белова исполнит для вас песню «Баллада о матери».

1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар . Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл толып отырғанда бұл соғыстың қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ….

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингент Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған әр елден, сондай-ақ 22- мың қазақстандық қатысты. Ауған соғысы- КСРО Қарулы Куштердің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.

2 – жүргізуші:Советские войска в Афганистане охраняли автомобильные дороги, электростанции, аэродромы и другие объекты. Содействовали укреплению органов власти, провозили колонны с военными и хозяйственными грузами для своих нужд в интересах Республики Афганистан. Совместно с афганскими подразделениями вели боевые действия различного масштаба по разгрому вооруженных отрядов и групп оппозиции, а также борьбу с караванами, доставлявшими оружие и боеприпасы в Афганистан из Пакистана и Ирана. Таким образом, введенные в Афганистан советские войска оказались вовлеченными во внутренний конфликт на стороне правительства. Всего за период с 25 декабря 1979 по 15 февраля 1989 года в войсках, находившихся на территории Афганистана, прошло военную службу 620 тысяч военнослужащих.

1-жүргізуші: «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.

Ардагерлер өз бастарынан кешкен естеліктерін айтып береді.

2 – жүргізуші:Что же касается Республики Казахстан, то потери были следующими: из 22 тысяч наших земляков, прошедших через Афганистан, 761 человек погибли и похоронены на казахстанской земле. Более 20 человек пропали без вести. По Западно-Казахстанской области – 27 человек погибло и один пропал без вести.

2 – жүргізуші:Светлая память всем тем, кто не вернулся с войны,

Кто стал частичкой тишины, кто лег в горах и не проснулся

От необъявленной войны.

На долю матерей, жен, подруг, тех, кто воевал в Афганистане выпали ожидание и вера, надежда и любовь. Земной поклон вам, женщины, за вашу любовь и верность. Вы храните в своих сердцах живую память о тех, кто не вернулся с поля боя. И мы должны передавать из поколения в поколение эту память, должны помнить о них. Земной поклон отцам, воспитавшим сыновей, которые отдали свою жизнь за мир.

1-жүргізуші: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз!

Видео с минутой молчания

1-жүргізуші: Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Жайық елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз.

2 – жүргізуші:Какие бы события не потрясали мир, 15 февраля мы чтим память воинов — ветеранов войны в Афганистане, тех кто не вернулся с поля боя. Сталодоброй традициейсобираться всем афганцам в этотпамятный день вместе. Для наших казахстанских солдат война в Афганистане была последней. Многие с той войны вернулись окрепшими, возмужавшими, их грудь украсили ордена и медали. Награды за мужество, отвагу и честь.

1-жүргізуші: Өтер жылдар, артып тағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.

2 – жүргізуші:Немало полегло совсем юных мальчишек на каменистой афганской земле, среди них и наши земляки, многим не суждено было вернуться к родному порогу.

1-жүргізуші: Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.

25 ЖОБМ-ның 1 сынып оқушысы Темірғали Аржанның орындауында «Ақжайықтың ұландары» әнін қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші:Пройдут годы. Многое конечно, со временем позабудется. Но войны останутся в народе ничем неизгладимой трагической меткой. Останутся песни и стихи, рожденные на войне, рассказывающие о силе духа и мужестве солдатов. Мы убеждены, что наша святая обязанность-знать и помнить о героическом прошлом всех ветеранов боевых действий, хранить память о погибших, как верных сыновьях, выполнивших ценой собственной жизни долг защитника Родины.

«Октава» вокал үйірмесінің тәрбиеленушісі Айнур Рамазанованың орындауында «Салем, саған туған ел»әнін қабыл алыңыздар!

2 – жүргізуші:Насадим память нашу на штыки,

И будем вечно помнить, как когда-то,

На пулеметы шли не штрафники,

А мирные и честные ребята!

Пусть двадцать или много лет пройдет,

И время врачевать умеет раны,

Давайте помнить тех, кто не придет,

Давайте помнить воинов Афгана!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s