Көктем сәні. (ертегі)


Атырау облысы, Атырау қаласы

№4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Шоханова Арайгүл Лайхатовна

Тақырыбы: Көктем сәні. (ертегі)

Мақсаты: Ертегі мазмұны арқылы көктемгі табиғаттың жылылық ерекшелігін аңғарту. Халық ауыз әдебиетінің жанырларымен таныстыру. Ертегінің түрлерін айту. Тірі табиғаттың барлығы ұйқыдан оянуын айтып, түсіндіру. Тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, әдеби дүниетанымын дамыту. Табиғатты қорғауға, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: көктем мезгілінің суреттері, гүлдер,аңдар суреті, интерактивті тақта т.б

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау

Пәнаралық байланыс: математика, еңбек, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы.

1.«Күн бейнесі» жаттығуы. Ұйымдастыру

— Балалар, күннің жылуы қай мезгілде көбірек түседі?

— Көктем.

— Иә, дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілінде.

-Ендеше балалар осы күн шуағын сезіне отрып, бір – бірімізге тілек білдірейкші.

-Күннің қандай белгілері бар?

(оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір – біріне деген жылы сөздерін, тілектерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін, шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен жылы сөздер айту.)

— Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу. Үшбұрыштар және төртбұрыштар тобы.

2. «Өлең кестесі» жаттығуы. Үй тапсырмасы

(Оқушылардың үй тапсырмасын орындалуын тексеру.)

Өлең тақырыбы: «Жазғытұрым»

Автор жайлы не білдің? Өлең не жайында? Көктемгі табиғат туралы не айтылған? Көктемгі тіршілік Өлең мазмұнынан не ұқтың?

-Ал,балалар, осы өлеңді кім жатқа айтып береді? (1-2 оқушыдан жатқа сұрау)

4. «Галереяға саяхат» стратегиясы.

(Өлең мазмұнына сай салған суреттерін тамашалау.)

5. «Автор орындығы» стратегиясы.

1 топ шығарма

2 топ өлеңнің әр шумағына қарасөзбен жазып келу тапсырылған болатын.

6. «Ой шақыру»

«Ерте-ерте, ертеде» жаттығуы.

-Видео арқылы жаңа сабақты бастау.

Наурыз ертегісі.

-Не көрдік балалар?

-Ертегі

-Ал, осы ертегілер дегеніміз не?

-Ертегі халық ауыз әдебиетінің бір түрі.

-Ертегілер неше топқа бөлінеді?

-Ертегілер 3 топқа бөлінеді.

Ертегілер

Шыншыл Қиял ғажайып Хайуанаттар

— Осы ертегіден не көрдік?

— Көктем мезгілі.

— Дұрыс айтасындар оқушылар.

-Бізге көктем келіп қалған екен.

Міне көктемнің алғашқы наурыз айы да келіп жетті.

-Ия дұрыс оқушылар, осы тірі табиғаттың бәрі де, құстар да, аңдар, жан – жануарлар көктемді асыға күтіп, көңілді қарсы алып, сезініп түсінеді екен.

-Олай болса, бүгін біз сіздермен аңдардың көктемді қалай қарсы алатынын, сезінетіндігі туралы «Көктем сәні» ертегісінен білетін боламыз.

Дәптермен жұмыс. (кун жадысы мен тақырыпты жаздыру)

7. Көктем сәні.(сурет)

Диктафоннан ертегіні тыңдату.

Ертегіні тыңдадық.Ертегі ұнадыма сіздерге?

8. «Оқиық,көрсетейік, бөлісейік» жаттығуы.

9. Оқулықпен жұмыс.

10. «Араласып кеткен оқиғалар»жаттығуы.

(Әр топқа бөліктері араласып кеткен ертегі таратылады. Осы ертегі бөліктерін ретімен орналастырады. )

-Ертегіні рөлге бөліп оқиды.

«Қызыл кітапқа» енген жан — жануарлар айта кету, сөзін оқыту.

11. Дәптермен жұмыс.

Осы ертегіде аңдардың айтқан сөздеріне мағыналас сөздер тауып, жазып көріңдерші.

Гүл-өмірдің сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.

Жасыл желек – ну орман, өсімдік, табиғат сәні.

Хош иіс- демаласың, рахат аласың.

Мөлдір су- сусыз тіршілік жоқ.т.б.

12. Сергіту сәті. Көктем әні орындалады. Ойымызды сергіту үшін ән айтайық.

13. «Жұптас- ойлан-бөліс»

1-топ.

5 жолды өлең.

1. Не? Көктем

2. Қандай? көрікті, сұлу, әдемі, жасыл,

3. Не істейді? Жылынады, ериді, басталады, көктейді, жыртады.

4. Сөйлем. Көктем де барлық тіршілік оянады.

5. Мағыналы сөз. Көктем мезгілі.

2-топ.

Мақалдың жалғасын тап.

  1. Сәуір болса, күн күркірер,

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s