Тусупбаева Салтанат Сейткалиевна


Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Шақаман ауылы

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММшағын орталық толық күнді топ тәрбиешісіТусупбаева Салтанат Сейткалиевна

Cабақтар тізімі:1. «Денсаулық әлеміне саяхат»2. «Шынықсаң шымыр боласың!»3. «3 санымен таныстыру. Геометриялық пішіндерді қайталау»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Өткізген: Тусупбаева С. С.

Күні: 26.20.2016

Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Қатынас».

Тақырыбы: «Денсаулық әлеміне саяхат» (кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)

Мақсаты:

  • Сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, жемістер мен көкеністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу, олардың денсаулыққа пайдалы екенін айту, жуып жеу керектігін түсіндіру;
  • Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту;
  • Балаларды тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: слайд, гүлдер, музыка.

Билингвальдік компонент: алма-яблоко, алмұрт-грушы, жүзім-виноград, сәбіз-морковь, қияр-огурец, қызанақ-помидор.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық

Қозғаушылық

Қайырлы күн балалар, күніміз сәтті өтсін. Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті. Ендеше балалар бір-бірімізбен және келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Сәлем саған күннің нұры!

Сәлем саған көк аспан!

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған достарым!

Здравствуй солнце золотое!

Здравствуй небо голубое!

Здравствуй матушка земля!

Здравствуйте мои друзья!

Балалар жақсы көңіл-күймен қонақтарды қарсы алып, шеңбер болып тұрады, шаттық шеңбердің жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

  • Балалар сендер бүгін балабақшаға қандай көңіл-күймен келдіндер? Қалай ойлайсыңдар сендердің көңіл-күйлерін неге байланысты?
  • Балалар сендер денсаулық деген сөзді қалай түсінесіндер?
  • Бүгін мен сендерді саяхатқа шақырамын. Саяхатқа бару үшін біз өзімізбен қандай заттарды алуымыз керек? Бұл сұраққа жауап алу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап дұрыс жауап беруге тырысыңдар.

1.Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ

2.Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.

3.Жуынып болғанда,

Жүреді қолдарында.

4.Қалтамда жатыр тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар.

  • Балалар саяхатқа қалай барамыз? Иә жаяу барамыз, жаяу жүру пайдалы. Ал орнымыздан тұрайық саяхатқа аттанайық.

Сергіту жаттығу: Музыка әуенімен әнді айтып, қимыл қозғалыстарды көрсетеді.

Аяқпенен топ-топ-топ,

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп,

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Балалар саяхатымыздың бірінші аялдамасы: «Жемістер»

Сендер мына тақтаға назар аударындар көрген жемістер мен көкеністерді орысша атауларың керек. Саяхатымызды жалғастырайық

Сергіту жаттығу: Музыка әуенімен әнді айтып, қимыл қозғалыстарды көрсетеді.

Аяқпенен топ-топ-топ,

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп,

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

  • Келесі аялдамамыз «Денсаулық»
  • Қарандаршы қандай әдемі алаң. Не өсіп тұр екен, кім айтады?
  • Балалар гүлді жұлып және сатып алуға болады, ал денсаулықты сатып алуға болады ма?
Балалардың жауабы

  • Ол ауырмау, дұрыс тамақтану, уақытымен ұйықтау және спортпен шұғылдану.
  • Су
  • Сабын
  • Орамал
  • Тарақ
  • Жаяу барамыз

Балалар музыка әуенімен әнді айтып, қимыл қозғалыстарды көрсетеді.

Балалар жемістер мен көкеністерді орыс тілінде атайды.

Балалар музыка әуенімен әнді айтып, қимыл қозғалыстарды көрсетеді.

  • Әдемі гүлдер өсіп тұр.
  • Жоқ денсаулықты сатып алуға болмайды.
Рефлексиялық-

Түзетушілік

  • Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
  • Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?
  • Не ұнады?
  • Балалар денсаулығымызды күтейік. Уақытында тамақьанайық, спортпен шұғылданайық, жеміс-жидектер жеуіміз керек.
  • Иә, ұнады.
  • Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеміс пен көкеністерді орыс тілінде атай біледі, жұмбақтардың мағынасын дұрыс түсіне отырып шешімін табады.

Игереді: таза ауа, дене жаттығулар, жемістер мен көкеністер, уақытында дұрыс тамақтанупайдалы екенін біледі;

Меңгереді: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізе біледі.

Тексердім: ____________________

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Өткізген: Тусупбаева С. С.

Күні: 28.10.2016

Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың!»

Мақсаты:

  • Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың колонада бірінен кейін бірі аяқтың ұшымен, өкшемен және тізелерін ұстап жүру әдістерін үйрету;
  • Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену және оларды қолдану. Құрсаудын құрсауға секірген кезде аяқтарын жартылай бүге түсуге жаттықтыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру.
  • Шаппшандыққа, тез қимылдауға, зейінділігін арттыру, балаларды бір- бірінен қалмай тырысып қимылдауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: құрсау, балалар санына байланысты доп, гимнастмикалық орындық, паровоз суреті.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық

Қозғаушылық

Кіріспе әңгіме:

  • Балалар қазір күз мезгілі. Дала суық, жел. Мен келгенше тонып кеттім, сендер ше?
  • Канекей жаттығуларымызды жасап біраз жылынайық.
Әңгіме тыңдайды, жаттығу жасауға ықылыстарын білдіреді.
Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

  • Дайынсыңдар ма? Онда бастайық. Паровоз сияқты бір-біріміздің артынан тұрайық.
  1. Бой жазу жаттығулары.
  1. Балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен бірінен кейін бірі жүреді.
  2. Балалар қолдарын белге қойып, өкшемен жүреді.
  3. Балалар қолдарын тізеге қойып бірінен кейін бірі жүреді.
  1. Жалпы дамыту жаттығулары.

Балалар щеңбер құра жүріп, екі қатарға тұрады.

  1. Қол жаттығулары: балалар тәрбиешіге алдыға созып қолдарын көрсетеді, белдерінің артына қолдарын тығып алады.
  2. Балалар жерге жатып тізесін бүгеді және жазады.
  3. Доппен жаттығу: балалар допты жоғары көтеріп, доппен бірге оңға және солға еңкейеді.
  4. Балалар тізерлеп отырады, қолдары белінде. Алдыранда жатқан допты алып жоғары көтереді, түсіреді.
  1. Негізгі қимыл.
  1. Қолды белге қойып алдыға ұмтыла құрсаудан құрсауға секіру;
  2. Гимнастикалық орындақта еңбектеп жүріп, аяғында қолымызды екі жаққа қойып секіру.
  1. Қимылды ойын.

Пирамида дөңгелектерін ажырата отырып құрастыру.

Аз қимылды ойын.

  • Балалар, енді біз қоян сияқты түлкі естіп қоймас үшін ақырын, тыныштықты сақтай отырып жүреміз.
  • Иә, дайынбыз.

Балалар бір-бірінің белінен ұстап жүреді.

4-5 рет орындайды.

4-5 рет орындайды.

4-5 рет орындайды.

Балалар тәрбиешінің дабылы бойынша жаттығуларды орындайды.

4-5 рет орындайды.

4-5 рет орындайды.

4-5 рет орындайды.

4-5 рет орындайды.

Балалар бірінен кейін бірі тәртіпті сақтай отырып жаттығуларды орындайды.

Ойын шарты бойынша ойнайды.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

  • Балалар, бүгін сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма?
  • Қандай жаттығулар жасадық?
  • Иә, ұнады,

Балалардың әр-түрлі жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: қатарда бір-бірден жүруді, гимнастикалық орындықтан секірген кезде тепе-теңдікті сақтайды;

Болу керек: қимылды тәрбиешінің дабылы бойынша бастап аяқтауды;

Істей білу керек: құрсаудан құрсауға секірген кезде аяқтарын жартылай бүге білуді.

Тексердім: ____________________

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Өткізген: Тусупбаева С. С.

Күні: 27.10.2016

Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «3 санымен таныстыру. Геометриялық пішіндерді қайталау».

Мақсаты:

  • 3 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 3 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын арқылы баланың 3 саны көлемінде білім -біліктілігін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету.
  • Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс-әрекеттерін біріктіріп дамыту. Жан-жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Ойлау, қабылдау сезімдерін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту
  • Ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ-жауап, көрсету, санау, қайталау, бағалау, сергіту сәті, қорыту.

Көрнекіліктер: Сан таңбалары, геометриалық пішіндер, қоян ойыншық,

Оқу іс-әрекетінің

Кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Қане қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта, шапалақ.

Балалар шаттық шеңбердің жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

Таңқаларлық сәт: Есікті біреу тарсылдатады.

  • Балалар есікті біреу тарсылдатып тұрған сияқты ғой.
  • Бұл кім екен?
  • Балалар келген қонақпен амандасайық?
  • Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа қоян келді және оның қолыңда сәбіздері бар екен. Бірақ оның көңіл-күйі жоқ.
  • Неге екенін сұраңдаршы?
  • Иә, түсінікті. Қоянның бізге қояр сұрақтары бар екен. Осы сұрақтарына жауап таба алмай жүр екен.
  • Сендер көмектесесіңдер ме?
  • Сендерге қоянның бірініші сұрағы:
  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
  • Дұрыс. Ал қоян бақшасындағы көкеністерін жинап, қанша жинағанын өзі білмейді екен.
  • Ал, балалар, біз санауды білеміз бе?
  • Енді барлығымыз бірге қоянның қолыңдағы көкеністерді санайық.
  • Бір-1, қызанақтан біреу жинапты, Екі-2, қиярдан екеу жинапты, Үш-3, сәбізден үшеу жинапты.
  • Бір, екі, үш. Барлығы неше?
  • Балалар енді кері санайықшы? Үш, екі, бір.
  • Дұрыс. Сендермен бүгін танысатын жаңа сан 3.
  • Жазба түрінде дөңгелетіп жазамыз. Енді ауада жазып көрейікші.
  • Үш саны екі саннын кейін жазылады.
  • Үш саны неге ұқсайды?
  • Дұрыс, көзәйнекке ұқсайды.
  • Балалар, сендер шаршап қалдыңдар ма? Біраз бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті:

Күнде аспанға қараймыз.

Қайтқан құсты санаймыз.

Үшбұрыш боп тырналар

Көк жүзінде сырғанар.

  • Балалар, мұқият қараңдаршы, сәбіз қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
  • Ал қызанақ ше?
  • Сендер тағы қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Геометриялық пішіндерді рет-ретімен санайды.

  • Пішіндерді бір-бірімен салыстырайықшы? Қайсысы «үлкен», «орташа», «кішкентай» екенін айтыңдаршы?

Дидактикалық ойын: «Адасқан сан».

Тәрбиеші балаларға кубиктерді көрсетеді. Балалар кубиктердің түсін ажырату керек. Қызыл түсті бір саны деп есептейміз, сары түсті екі саны деп есептейміз, көк түсті үш саны деп есептейміз. Балалар көздерін жабады, тәрбиеші бір кубикті алып тастайды. Көздерін ашып қай кубик жоқ екенін айту керек.

Балалар қызығушылықпен есікке қарайды.

  • Қоян.
  • Сәлеметсізбе.
  • Қоян, сенің көңіл-күйін неге жоқ?
  • Иә, көмектесеміз.
  • Күз.

Балалардың жауаптары.

  • Иә. Білеміз.

Балалар көкеністерді санайды.

  • Үш.
  • Үш, екі, бір.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, орындайды.

  • Көзәйнекке.

Сергіту сәтін орындайды.

  • Үшбұрышқа.
  • Дөңгелек.

Геометриялық пішіндерді атайды.

Балалар пішіндердің өлшемдеріне қарай салыстырады.

Ойын шарты бойынша ойын ойнайды.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

  • Балалар бүгін сендер қандай жаңа санмен таныстыңдар?
  • Барлығымыз бірге санайықшы? Енді кері санайық?
  • Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
  • Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендрге ұнады ма?
  • Жарайсыңдар, балалар, бүгін сендер менің сұрақтарыма толық жауап беріп, жақсы қатыстыңдар.
  • Үш.
  • Бір, екі, үш.
  • Үш, екі, бір.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1, 2 және жаңа 3 санымен танысып ажырата біледі, кері санай алады, түстерді ажырата біледі.

Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіру

Меңгереді: Геометриялық пішіндер туралы түсінікті, «үлкен» , «орташа», «кішкентай» деген өлшемдерді ажыратып, заттардың пішінін геометриялық пішіндермен сәйкестендіре біледі.

Тексердім: _________________

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s