Балқаш өңірі педагогтерінің кәсіби дамуы


Байтурганова Меруерт Сериковна

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

ИДӘҚЕ бөлімінің бас маманы

Балқаш өңірі педагогтерінің кәсіби дамуы

Бүгінгі күн — білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Осыған орай, бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, үнемі шығармашылық ізденістеболуы керек. Қазіргі оқытудың жаңа технологияларын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Әрине, шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби құзіреттілігін жетілдіріп, үздіксіз кәсіби даму үстінде боуы тиіс. Кәсіби өсудің қандай жолдары бар деген мәселенің өзектілігі әр педагогті толғандыратыны анық. Өйткені педагогтің кәсібіи құзіреттілігімен оның білім беру мазмұнының жаңа шарттарына сәйкес жылдам өзгеруінен білім беру ұйымының қызметі жетіле түседі. Осыған орай үздіксіз білім алу, ұдайы біліктілік арттыру, практика жүзінде іс-тәжірибемен алмасу сияқты педагогтің кәсіби даму маңызы мен талабы күннен-күнге артуда.
Осы талаптарды жүзеге асыруда «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтының ұйымдастыруымен Балқаш өңірі педагогтерінің кәсіби даму Орталығында атқарылып жатқан жүйелі іс-әрекеттердің ролі аса зор. «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтының білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерімен жүргізілетін курасаралық және курстан кейінгі әдістемелік демеу көрсету жұмыстары әралуандылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар мұндай әдістемелік жұмыстарда Балқаш өңірі педагогтерінің қажеттіліктері мен сұраныстар мониторингі де ескереліде. Мұндай курсаралық және курстан кейінгі іс-шаралар педагогтердіңжаңа технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану іс-тәжірибелерімен бөлісуге, тәжірибелі мұғалімдермен өзара байланыстарын нығайтуға, ақпараттық-коммуникативтік іскерліктерін арттыруға ықпал жасай отырып,жаңалыққа ұмтылуға, жаңалықтың жаршысы болуға бағыт-бағдар береді.

2014 жылдан бастап «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтының Балқаш өңіріне қарасты Ақтоғай, Шет аудандары мен Балқаш және Приозерск қалалары педагогтерімен ынтымақтаса жүргізілетін жұмыстардың жаңа түрлері — әр тоқсан сайын өткізілетін «Оқытуды үйренеміз» атты әдістемелік семинарлар циклы арқылы жүзеге асырылуда. Әдістемелік семинарлардың тақырыбы білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын ескере отырып айқындалады. «Инклюзивті білім беруді енгізу ерекшеліктері», «Функционалдық сауаттылықты дамыту», «Рухани-адамгершілік білім беруді жаңаша ұйымдастыру», «Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мұғалімнің іс-әрекеттері» тақырыбында өткізілген семинарда Ақтоғай ауданы Шашубай кенті педагогтерінің іс-тәжірибесі жинақталып, аймақ бойынша өзара іс-тәжірибемен алмасуға жағдайлар жасалды. Аймақ педагогтерінің сұраныстарын ескере отырып, биылғы жылы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: бастауыш мектеп іс-тәжірибесінен»,«Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастырудың өзекті мәселері»,«Көптілді білім беруді енгізу жағдайында педагогтің кәсіби дамуы», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіби даму шеберханасы» атты тақырыптағы семинарлар циклы өткізілуде. Өткізілетін жұмыстардың басымы практикалық бағытты ұстанады, семинарларда міндетті түрде ұйымдастырылатын шеберлік сабақтары, тренингілер мен коучингтер және т.б. жұмыс түрлері педагогтердің кәсіби белсенділігін арттыруда. Педагогтерге курстан кейін әдістемелік демеу көрсету іс-әрекеттері кәсіби-педагогикалық желілік қауымдастықтар аясында да ұтымды түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінде Балқаш өңірі педагогтерінің кәсіби даму Орталығы педагогтердің кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарылататын, психологиялық-педагогикалық, сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіретін педагогикалық орта болып табылады. Кәсіби-білімдік шыңдалуға ықпал ететін ортада педагог іс-тәжіримен алмасуға, үйренуге, ақпараттармен бөлісуге, өзгеруге және кәсіби дамуға, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алатыны сөзсіз. Сонымен қатар мұндай әдістемелік демеу педагогтерге білім беру саласындағы өзгерістерге шұғыл бейімделу, өзін-өзі таныту, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Педагогтің кәсіби даму мәселелерін шешу бағытында «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтының мұндай әр алуан деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізуі Балқаш өңірі педагогтері үшін өз кәсіби қызметтерін жасамапаздықпен атқаруына демеу көрсететін ықпалды іс.

Статья Документ Microsoft Office Word (2).docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s