З дыбысы және әрпі


Атырау облысы
Исатай ауданы, Зинеден селосы
Ю. Гагарин атындағы орта мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: З дыбысы және әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. З дыбысына

сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға қолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

Көрнекілігі: кеспе әріптер кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, з

дыбысының баспа және жазба түрі.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.

а) Сұрақ-жауап: — Дыбыс деген не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Әріп деп нені айтамыз?

— Әріптерді не істейміз?

Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі.

Сұрақтарға жауап беріп, өтілген сабақтар бойынша ойын ойнайды.

Ұйымдастыру-ізденістер Негізгі бөлім.

Жұмбақ шешу.

Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ. ( З әрпі)

Жауабын айтқаннан кейін балалар сол дыбысқа сөз ойлап айтады.

«Сөз ойла, көп ойла» дидиктикалық ойыны.

Ойын шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.

Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

2. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыз-ыз-ыз

Анар-сүйкімді қыз.

Әліппе дәптермен жұмыс.

а) Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

ә) З дыбысын екі жолға толтырту.

б) З дыбысын ауада жазу.

Өз бетімен жұмыс.

Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.

Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.

Сөздік жұмыс.

Қазына- түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық.

Сергіту сәті:

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп,

Зу-зу, зу-зу, зу-зу. ( Қимылмен көрсету)

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Сөздерді буынға бөледі.

Суреттерді атап, з дыбысының орнын анықтайды.

Үлгі бойынша з дыбысының әріп таңбасын жазады.

Қимылмен көрсетеді.

Рефлексивтік-түзетушілік Қорытынды.

Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.

Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е

Құрастьрған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: сөздерді анық айтып, байланыстыра сөйлей алады.

Түсінігі: з дыбысына қатысты сөз, сөйлем ойлай білуі.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s