Өрлеуде өткен курстың ерекшелігі


Өрлеуде өткен курстың ерекшелігі

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтында тарихшылардың біліктіліктерін арттыру курсы болып өтті. Қарағанды біліктілікті арттыру институтының аты ғана емес, мазмұныда өзгерген екен. Атқарылып жатқан әрбір іс-әрекеттін жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылып жатқанын көруге болады. Оған дәлел біз өткен курс жаңа талаптар бойынша жүргізілді деп айтуға болады. Курста жаңартылған оқу бағдарламасына сай оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді қолдануға назар аударылды. Оқушыларды белсенді жұмысқа тарту үшін сабақта қолдануға болатын тиімді әдістермен танысып, тәжірибеде қолдануға үйрендік. Бізді ерекше қызықтырған бағалау әдістері. Жалпы бағалаудың өзі үлкен ғылым. Оның алты мақсаты бар екен.
Осы тренингте бағалаудың тек уәж деген мақсатын жүзеге асырып жүргенімізді түсіндік. Сонымен қатар, тарих сабағында диалогтік оқытуды қолдану, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелеуде нақты тәжірибеге қажетті әдістермен жұмыс жасауға үйрендік. Курс барысында «Жәрмеңке» стратегиясы аясында өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді. Осыны пайдаланып Балқаш қаласының №8 мектеп мұғалімі Жакупова Зауреш өз тәжірибесінен «Айналайын» стратегиясымен бөлісті. Бұл стратегияны үлкен тақырыпты талдауда қолданған өте тиімді екен. Ал, Қарағанды қаласынан №4 мектеп мұғалімі Еркебаев Аскар онлайн тест құрастыру әдістерімен бөлісті. Бұл жұмыстарды біздің қажеттілігімізді ескере отырып ұйымдастырған тренеріміз Тусупкалиева Гульмира Куантайевнаның шеберлігі деп білеміз. Курсқа келген тыңдаушы-мұғалімдерге өзінің шеберлігімен қатар жүрек жылуын сезіндіре білді. Әрбір өткізген сабақты сүйішпеншілікпен жүргізді.

Рефлексия барысында мұғалімдер курстан алған білімдерін өз қызметтерін талдау үшін және жоспарлауда жедел ақпарат алуына көмегін тигізіп, ең бастысы білім беріп оқытуда сапаның жоғарлауына ықпал ететіндігін атап айтты. Педагогтер өздерінің алған білімдерінің жоғары деңгейлерін көрсетіп, алған білімдерін практикада қолдануға дайын екендерін көрсете білді.

Жазған, курс тыңдаушылары

Тусупкалиева Г.К статья.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s