Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілдің мерейін асыруға мүдделі


Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде мемлекеттік тілдің білім жүйесіндегі мәртебесі, болашағы мен дамуы төңірегінде дөңгелек үстел болып өтті.
Шараға БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының міндетін атқарушы Анар Фазылжанова, институт директорының орынбасары Сансызбай Мәдиев, филология ғылымының докторы Рахымжан Тұрысбеков, саясаттанушы Дос Көшім, қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, Қазақ-түрік лицейлері жүйесінің өкілдері, Астанадағы мектептердің директорлары, ұстаздар мен басқа да қонақтар қатысты.


Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ тілінің білім жүйесінде қолданылу аясын кеңейту, оқытудың жаңа әдістемелерін кеңінен енгізу, тіл оқыту бағдарламаларын тиімді ету жолдары, сондай-ақ, сол бағдарламаларды әзірлеуде негіз болатын жиілік сөздігін пайдалану арқылы оқушы балалардың қазақ тілін жеңіл меңгеру жөніндегі өз ой-пікірлерін ортаға салды. Емен-жарқын диалогқа құрылған басқосуда көптеген тың ой мен ұсыныстар да айтылды. БҒМ өкілдері ол ұсыныстардың жерде қалмайтынын, ескерілетінін айтты. Сондай-ақ жиналғандар бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің хал-ахуалы біршама жақсарғанын, дегенмен, қазақ тілінің кең қанат жаюына әрбір азамат атсалысып, тілдің дамуы үшін ыңғайлы орта құрылуы қажет екенін атап өтті.
Іс-шара барысында жиналғандардың ой-пікірлері мен ұсыныстары бір жерден шығып, алдағы уақытта министрлік пен азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік тілді дамыту жөнінде өзара тығыз байланыс орнату керектігін айтты. Бұл, өз кезегінде, ақпараттың бұрмаланбай таралуына және қоғамда түсініспеушіліктің орын алмауына барынша септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s