Оқушы 1-9 сыныптарда барлық пәнді өз тілінде оқиды.


Бүгін БҒМ-да тілге қатысты дөңгелек үстел өтті. Блогер ретінде шақырғасын іште жүрген сұрақтарды қоямын деп барып едім, онымен уақытында басталған жиын белгіленген уақытынан да ұзаққа созылды, сұрақ қоя алмадым. Дегенмен, біраз мәлімет алып шықтым. Түсінгендерімді сіздермен бөлісейін:

— Министрлік қазақ тіліне жақсы көңіл бөліп отыр екен. Бірнеше стратегиялық бағдарламалары бар. Біразымен тіл мамандары сол жерде таныстырды. Дұрыс оқытудың әдістемелері, орыс мектептеріндегі оқытудың жаңа технологиясы, НЗМ мұғалімдерінің тәжірибелері айтылды. Сағадиевтің басты мақсаттарының бірі — қазақ тілі екен.


— Қазақ тілінің Жиілілік сөздігі шыққалы жатыр екен. Тіл институты 39 мың сөзден құралған сөздік жасақтаған. Ең басында ең көп қолданылатын сөздер тұрады. Тізім бойынша алғашқы 1739 сөзді жаттаған адам қазақ тіліндегі мәтіннің 83 пайызын түсіне алады екен. Мамыр айында министр осындай сөздікті арнайы тапсырған екен. Сол кезде 1 ай бұрын ағылшын тілінде ең көп кездесетін 400 сөз туралы жазған постым есіме түсіп кетті http://kerekinfo.kz/blog/18148.html
— Ағылшын демекші, үштілділік туралы да айтылды әлбетте. «Үш тұғырлы тіл — Үшбасты айдаһар. Өлтіріп тастау керек» деп сөзін бастаған Мұхтар Тайжан бұл тақырыпта ақпараты аз, дайындығы жоқ екенін көрсетіп алды. Министрлік өкілдері тәптіштеп түсіндірді. Оқушы 1-9 сыныптарда барлық пәнді өз тілінде оқиды. 10-11 сыныптарда 4 техникалық пән ағылшын тілінде ұсынылады. Профиліне қарай соның екеуін ағылшынша оқиды. Балаларымыз неге кішкентайынан 3 тілде оқиды деп бос даурығып жүргендерге сәлем! Және бұл 2019 жылдан басталады.
— ІТ бөлімі қазақ тілін үйрету бойынша 2 бағдарлама шығарыпты. Біреуі ағылшын үйрететін Лингво бағдарламасына негізделсе, екіншісі ойын түрінде болмақ. Яғни, күнделікті тапсырмалар арқылы ойын ішіндегі кейіпкермен бірге өседі.
— Дос Көшімнің айтқан сөздері ұнады. Байыппен бәрін жақсы қабылдап, өз ойларын анық жеткізе алды. Мұндай жиын кем дегенде 200 адам сиятындай кең жерде өткізілсе жақсы болар еді деді. «Дүниежүзі тарихын неге орыс тілінде оқытасыздар?» деген уәжі де ұнады. Министрлік бұны тек ұсыныс ретінде айтылды деп түсіндірді. Менің ойымша да Қазақстан тарихын орыс мектептері орысша, Дүниежүзі тарихын қазақ мектептері қазақша оқи берсін.
— Министрлік бастапқыда ақпарат жеткізу бойынша олқылықтары болғанын мойындады. Кей нәрселерді түсіндіре алмадық деді. Мысалы 12 жылдық білімді адамдар 12-сынып оқиды деп ойлады, ал Үштілділік тіпті басқа үлкен кереғарлық туғызды. Бұдан басқа да пікірталас туғызатын нәрселер көп. Сондықтан мұндай жиынды кең форматта, кең залда өткізгендерін қалар едім.

Аршат Ораз

 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s