Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» өлеңі


Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№40 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Абдикеримова Айман Жақсымбетқызы

Қазақ әдебиеті

10-сынып

Сабақ тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: Сүйінбай Аронұлы өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Сүйінбай Аронұлының өмірі, ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Сүйінбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Сүйінбай шығармаларының тақырыбын аша отырып, оқушыларды Сүйінбай аталарындай әділ, батыл болуға, адам бойындағы жат мінездерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, талдау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сүйінбай Аронұлы өмірі мен шығармашылығы

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ой шақыру

2.Мұғалімнің түсіндірмесі

ІҮ. Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ.Оқушылар білімін бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сүйінбай Аронұлы өмірі мен шығармашылығы

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ой шақыру

Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбын болжау

1) Ұлт мемлекет болып қалыптасуы үшін не қажет?

Өзінің тілі, мәдениеті, тарихы, жері, дәстүрі, мемлекттікті білдіретін рәміздері болуы керек.

2) Рәміздерге нелер жатады?

Елтаңба, ту, әнұран.

3) Рәміздердің авторлары кімдер?

Елтаңба-Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Ту— Шәкен Ниязбеков.

Әнұран— әні Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нажімеденов және Нұрсұлтан Назарбаевтікі

4) Ту сөзінің синонимдерін айтыңдар

Ту – жалау, байрақ

5) Қасқыр сөзінің синонимдерін айтыңдар

Қасқыр – көкжал, бөрі

2. Мұғалімнің түсіндірмесі:Сүйінбайдың азаттыққа, ерлік пен елдікке арналған шығармасының бірі – “Бөрілі менің байрағым” өлеңіБұл өлеңде жауға қарсы аттанған қазақ халқының батырлық бейнесі көрсетілген. Бөрілі байрақ көтеріп, шаң аралас қанды жорықтар жасап, жауының тізесін бүктірген бабалар мұраты мен арманы – азаттық пен тәуелсіздік. Ақын жырынан ата – бабамыздың соғыстағы айбынды жорықтары мен қанды майдандарының көріністері елестейді.

На казахских родовых знаменах изображали золотую волчью голову. Акын Суюнбай Аронулы, живший в XIX веке, писал:

Волчья голова – мой клич удалой.

Стяг мой – с волчьей головой.

Когда реет волчье знамя,

Дух мятежный владеет мной.

О магических свойствах знамени казахского хана Жаныбека, прославившегося в борьбе с джунгарами, говорили, что оно вещает о приближении вражеских войск, шевелясь и издавая особые тягучие звуки. Волчий зуб был у тюрок (у сванов также) амулетом от сглаза, а казахи выставляли голову волка перед стойбищем, чтобы сберечь скот.

Сүйінбай поэзиясы терең философиямен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді.

Халықты ел мүддесі үшін күрес жолына біріктіруде, жігерлендіруде, рухтандыруда «Бөрілі менің байрағым!» «Знамя мое с изображением волка» өлеңінің өз заманында маңызы аса зор болды. Сол батыр да қайсар, жігерлі де намысты ата-бабаларымыз күресімен қол жеткізген еркін елдің ұландарымыз. Біз үшін ұлттық рәміз –көк тудың бойымызға ұлттық намыс, отанға сүйіспеншілік пен құрметімізді білдірудің белгісі болып табылады.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу, жаңа сөздерді түсіндіру

Найза-копье

Түйреу –колоть

Жапан дала – степь

Ұран- боевой клич

Бөрілі менің байрағым!

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен.

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен,

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен.

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза атамыз,

Қарасайлап шабамыз.

Қызыл қанға батамыз,

Бөрілі байрақ астында

Ту түсіріп жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз.

Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Бөрі басы- ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым.

ІV. Сабақты бекіту.

«Кім білімпаз?»

1. «Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп бағалаған жазушы.

2.“Менің пірім – Сүйінбай” деп Сүйінбайдың ақындығына тәнті болған кім екенін табыңыз.

3.Сүйінбай шығармаларының тақырыбы.

4. «Бөрілі менің байрағым!» өлеңінің тақырыбы мен идеясы

VІ.Үй тапсырма: 1.«Бөрілі менің байрағым!» өлеңін жаттау

2. Сүйінбай Аронұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша түсінік айту.

VІ.Оқушылар білімін бағалау.

Сүйінбай Аронұлы Бөрілі байрақ.pptx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s