«БІЗДІҢ ОЙЫНШЫҚТАРЫМЫЗ». ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ АЙТЫСЫ


ШҚО Семей қаласы Шулби кенті «Шулби мектеп-кешені»
даярлық тобы мұғалімі Такебаева Арманда Жумажановна

 

Тақырыбы: «Біздің ойыншықтарымыз»

Мақсаты:

  1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
  2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.
  3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.

Көрнекіліктер: Әр түрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ертеңгілік жүздесу.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күшіміз,

Жарқырайды даламыз!

Сәлематсыздар ма? Апайлар,

Сәлем, жарқын жүзді достарым!

Балалар дөңгелене отырады.

Мотивациялық қозғаушы кезең.

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілі туралы кім маған айтып береді?
  • Балалар күз туралы тақпақтар айтып және сұрақтарға жауап береді.

Ғажайып сәт

Әр-түрлі ойыншықтар орналасқан бұрыш, мерекелі безендірілген.

Балалар ойыншықтарды көріп таң қалады.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Тәрбиеші:

  • Балалар мына әдемі ойыншықтарды қараңыздаршы!

Көңіл күйді көтеру.

Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз.

Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.

Барлық балалар ойыншықтарды аралап, көріп шығады. Қолдарына алған ойыншығына байланысты тақпақтарын айтады.

  • Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады, бірі ойыншықтар туралы өлеңдерін оқыды.

Мирас:

Үлкен болдым десем де, Үлкенмін ғой, міне, мен.

Ешкім маған сенбейді. Ойыншықтарды жинаймын.

«Жалғыз жүрме көшеде, Машинаға мінер ем,

Кішкентайсың сен» — дейді. Кабинасына сыймаймын.

Батырхан:

Бар ғой менің краным, Неменені көтерем?

Кранымды бұраймын. Көтеремін тауықты,

Ілгегіне іліп ап, Көтеремін балықты.

Жүк көтеріп тұрамын. Мен көтере алмакған,

Терезені көтерем, Бір-ақ ойыншық қалыпты.

Керегені көтерем. Краныма тек қана

Үй тұрғызып болған соң, Ілінбеген доп қана.

Тәрбиеші:

  • Балалар «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастырыңдар

Балалар құрастырған сөйлемін айтады.

Тәрбиеші:Ал, енді ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Дыбыстық талдау жасалады балалармен бірлесіп.

«Ойыншықтар айтысы»әңгімесін балалар сахналап көрсетеді.

Әмина – қуыршақ.

Айдар – қоян.

Ұлмекен – көгершін.

Жансая – кішкентай қыз.

Ойын:«Ақ қоян»

Ойыннан соң сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.

Ән: «Ойыншықтар»

Қорытындылау.

Балаарды сабаққа жақсы ұйымшылдықпен қатысып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындағандықтары туралы айтып пысықтау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s