Жақсылықпен жаным дос


Ақтөбе қаласы
№10 ЖББОМ Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі
А.Б.Рысқұлова

Мерзімі: 14, 15, 18, 20 — 10. 2016 ж

Класс: 5 кл

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, ізгі іс, қайырымдылық

Сабақ: 7

Сабақтың мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

— оқушылардың «жақсылық» жасау туралы білімдерін кеңейту.

— жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.

— мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі, Тыныштық сәті

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 Т ережесі

«Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын сұрау

Жақсылық жасап жатқан сәттерден үзінді. Суреттер топтамасы

Сабақ барысын талдау
Дәйек сөз

Жақсы сөз — жарым ырыс

Халық мақалы

ü Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет

ü Барлығы қосылып 1 рет айтады.Мағынасын ашып пікірлесу.

Мұғалімнің сыйы

Жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Жақсылық жасау адам парызы ма?

Әңгiмелеу
Жақсылық пен Жамандық
Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
— Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, — десе, Жамандық:
— Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, — дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
— Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, — дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
— Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, — дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
— Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып:
— Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, — деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
Сұрақтар:

— Адам Жақсылықтың айтқандарын орындау себебі неде?
— Шыдамдылық адамның ішкі дүниесін қалай гүлдендіреді ?
— Жақсы ой, сөз, іс әрекеті үйлескен адам қандай адам?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жақсылық пен жаным дос өленің құрастырып көріңдер?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл — гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жақсылық пен жаным дос өленің құрастырып көріңдер?
1.Жақсылықпен жаным дос,
…………………………………….
Үлкенге де, кішіге,
……………………………………..
Дұрыс жолды таңдаймыз,
………………………………….
Жанашырлық білдіріп,
………………………………….
Қайырмасы:
Жақсылықтың жолында,
Мейірімді жүрекпен.
Жақсы-жақсы сөздермен,
Нұр төгейік баршаға.

2-ші топқа
2.Жақсылықпен жаным дос,
……………………………………
Адамдарды алалап,
…………………………………..
Кішіпейіл танытып,
………………………………….
Риясыз ақ көңілмен,
……………………………………
Қайырмасы:
Жақсылықтың жолында,
Мейірімді жүрекпен.
Жақсы-жақсы сөздермен,
Нұр төгейік баршаға.

VІІІ. Үйге тапсырма

№8 С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!

Соңғы тыныштық сәті

· Тыныштық… Тыныштық бар жерде… Тыныштық бүкіл әлемде…

· Баяу музыка қосылады. — Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s