Сарыарқа


Ақтөбе қаласы

№10ЖББОМ
география пәнінің мұғалімі
Сұлтанғалиева Аида Бердешқызы

8 класс.

Тақырыбы: САРЫАРҚА

Мақсаты: Оқушыларға Қазақтың ұсақ шоқысының геологиялық құрылысының күрделі, пайдалы қазбаға және сұлу табиғатқа бай өлке екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, электронды оқулық, үнтаспа, бейнебаян және кеспе қағаздар,стикерлер, маркерлер, плакаттар, т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Кембридж тәсілі,СТО.

Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет,тарих,ән.

Сабақты ұйымдастыру

«Сарыарқа» күйі ойналып, интерактивті тақтадан Сарыарқаның сары даласының бейнесі көрсетіліп тұрады.

Оқушыларға ой тасталады.

Орындалып жатқан қандай күй?

Бейнені көріп, күйді тыңдай отырып, қандай сезімге бөлендіңіздер?

Ол сіздерге қандай әсер қалдырды?

Көрсетілген бейне туралы толық мағлұмат алғыларыңыз келе ме?

Олай болса, сіздерге берілген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Иә, оқушылар сіздер тыңдаған бұл Құрманғазының күйі «Сарыарқа». Ендеше бүгінгі сабағымыз осыншама сыр құпиясы көп, күншығыстағы нулы, сулы апайтөс Алтайдан шалғай түстіктегі Қаратау жонына дейінгі «ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан тұлпардың тұяғы тозатын» ұлан-ғайыр қазақ даласы «Сарыарқа» туралы болмақ.

Жаңа сабақ

Ой шақыру. Оқушыларға интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. /Толағай, Ұлытау, Қарқаралы таулары, Жұмбақ тас, Оқ жетпес, Жеке батыр, Жалғыз кемпір тас мүсіні т.с.с./ Оқушылар өз ойларын суретке қарай отырып, ортаға салады.

Оқушылардан эксперттік топ құру. Жигсо әдісі.

Оқушылар мозайка құрастыру арқылы үш топқа топтасады. Топ рольдері бөлінеді. Топ ережесі шығарылады.

Әр топқа жаңа сабақ бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі.Уақыт беріліп, үнтаспадан жай әуен ойналып тұрады.

І топ. Географиялық орны. Жер бедері. / қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып, түсіндіру/

ІІ топ. Пайдалы қазбалары. Климаты. /пайдалы қазба үлгілері көрсетіледі/

ІІІ топ. Өзендері мен көлдері. Табиғат зоналары. /электрондық оқулық қолданылады/

Рефлекция –Оқушылар топта тақырыпты постерге салады. «Автор орындығы» орнына барып, топ спикері тақырыпты қорғайды, сұрақтар қойылады.

Сергіту сәті. «Сарыарқа» әнін класс оқушылары орындайды.

Жаңа сабақты бекіту. Мағынаны тану

  1. «Сұрақ-жауаппен қатынас» 1 оқушы парақшаға тақырыпқа байланысты сұрақ жазады, келесі оқушы жауап жазады. Әрі қарай жалғастырылады.
  2. «Ақылды үкілер» жұмысы: /Өз бетімен жұмыс/

1-кезең. Мәтінмен жұмыс./Мәтіннен жаңа ұғымдарды тауып жазыңыз/

2- кезең. Не күтпедіңіз?/мәтіннен сіздің бастапқы ойыңызға қайшы келетін, күтпеген

сөйлемдерді таңдап алыңыз/

3- кезең. Сен соңғы жаңалықтарды білесің бе?/Сіз үшін жаңа мәліметтерді жазыңыз/

4- кезең. Ең басты өмірдегі ақылдылық./ Мәтіндегі негізгі ойды бір сөз тіркеспен

жазыңыз/

5-кезең.Белгілі және белгісіз/Мәтіннен сізге бұрын таныс және таныс емес деген

мәліметтерді табыңыз/

6- кезең. Көркем бейнелеу /Барлық ойыңызды жинақтап, сызба негізінде көрсетіңіз/

7-кезең. Талдауға маңызды тақырыптар/Мәтіннен пікірталасқа, пікір алысуға тұрарлық

деген ерекше мәліметтерді табыңыз/ (үй тапсырмасына беріледі)

Тапсырмалар жауаптары талқыланады.

3. Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі.
Эссе жазу тапсырмасы тапсырылады,тыңдалады.

Қорытындылау. С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы мәнерлеп оқылады.

Бағалау. «Өз -өзіме хат» /оқушылар өздеріне хат жаза отырып, өз-өздерін бағалайды/

Үйге тапсырма: «Ақылды үкілер» жұмысының 7 кезеңі бойынша іздену.

“Екі жұлдыз, бір тілек” оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтаға іледі.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s