Іздеген жетер мұратқа


Ақтөбе қаласы
№10 ЖББОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
А.Б.Рысқұлова
Мерзімі:
1, 6 — 10. 2016 ж

Класс: 6 «А», «Ә»,

Тақырып: Ізденген жетер мұратқа

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жақсылық, мейірімділік,адамгершілік, кең пейіл, жақсылыққа ұмтылу, сенімділік,қайраттылық.
Сабақ: № 5
Мұғалім: Рысқұлова А.Б

Сабақтың мақсаты: ОҚУШЫҒА ҚУАНЫШ ,ОНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларға адам қуанышының маңыздылығы туралы түсінік беру;
-оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
-сенімді болуға,жақсылық жасауға тәрбиелеу
.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

ІІ. Тыныштық сәті

Теңізге саяхат

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Арман, мүмкіндік, мақсат тақырыптарына сөз жұмбақ құрастырып келу.

Сабақ барысын талдау
ІV. Дәйек сөз

Жаман әдеттен құтылуға,

Жақсы әдетті табуға шара бар.

Ол шара — табандылық, қажырлылық.

Қажет қасиеттің бірі — өзіне — өзі сенімділік Ж.Аймауытов

ü Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет

ü Барлығы қосылып 1 рет айтады.

V. Мұғалімнің сыйы

Сұрақ: Адал еңбек, ақыл, таза жүрек дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімелеу. Бейнеролик.

1. Адам өмірінде ірі тастар не деп ойлайсыңдар?

2.Ал ұсақ тастар не деп ойлайсыңдар?

3.Өмірде не құнды?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл — гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)

Берілген оқу материалының мазмұнына эмоциялық сезімділік күймен тиімді қабылдау үшін оқулықта Қ.Толыбаевтың, «Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады. Әңгіме барысына қатысушылар: Автор, Әбунасыр ғұлама, мүтәліп бала.Әрекет етуге, оны жоспарлай білуге үйретеді.Мақсат қою білуге, қойған мақсатыңа жетуге ұмтылдырады.

Ізденіс

Жауапкершілік ала білуге бейімдейді.

Белсенділікті арттырады.

Болашаққа сеніміңді қалыптастырады.

Өз мүмкіндігіңді шыңдай түседі.

VІІ. Топпен ән айту.

«Аңса жаным» әні

сөзі: М.Мақатаевтікі

әні: Т.Төлендиевтікі

VІІІ. Үйге тапсырма

Абайдың 19 қара сөзін оқып келу.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!

Соңғы тыныштық сәті

— Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздерімізді аша ғойыңдар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.

· Тыныштық… Тыныштық бар жерде… Тыныштық бүкіл әлемде…

· Рахмет балалар, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s