Әлеуметтік инфрақұрылым салалары


№10 мектеп
география пәнінің мұғалімі
Султангалиева А

Пәні: география Күні: Класс:9
Сабақ тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар» ұғымдарын ұғындыру.

Тәрбиелік: оқушылардың еліміздің табиғатын таза ұстауға, зиян тигізбеуге тәрбиелеу, экологиялық бағытта баулу, отансүйгіштікке, ұйымшыл, білімді болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.Өз-өздерін бағалауға, өз ойларын ортаға еркін айтып талдауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже Жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сын тұрғысынан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.
Сабақ түрі Шығармашылық сабақ
Қолданылатын әдістер СТО әдістері, түсіндірмелі, жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері, сұрақ-жауап,т.б.
Пәнаралық байланыс Биология, экономика, тарих, экология, бейнелеу, әдебиет, т.б.
Көрнекі құрал-жабдықтар Интерактивті тақта, Қазақстанның экономикалық картасы, кескін карта, атластар,қосымша мәліметтер,плакаттар, кеспе қағаздар, маркерлер, стикерлер,нақыл сөздер жазылған парақшалар т.б.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Қызығушылықты ояту Оқушыларды ұйымдастыру. Оқушылар топтасады.
Үй тапсырмасын сұрау Топтық тапсырма беру. «Миға шабуыл»

І топ тапсырмасы:

· Су жол қатнастарына қолайлы өзен, көлдер.

(Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Есіл, Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балқаш, Жайсан көлі)

· Өзен көлігіндегі порттар ( Павлодар, Атырау, Орал, Өскемен)

ІІ топ тапсырмасы:

· Құбыр желсімен не тасымалданады?

(мұнай, газ)

· Қазақстан аумағында ең алғаш салынған 60 км-лік мұнай құбыры

(Доссор-Ракуша)

ІІІ топ тапсырмасы:

  • Қазақстанда неше әуежай бар?

(22 әуежай бар, соның14-і халықаралық тасымалды орындайды)

  • Халықаралық және ішкі жолаушы тасмалының 80 % тиесілі әуе компания.

(ЭйрАстана)

Топқа берілген тапсырмалар сұрақтарына жауап береді.
Негізгі бөлім

Мағынаны тану.

Жаңа сабақ мазмұнын ұғыну.

«Болжау» стратегиясы.

Оқушыларды топтастыру.

(оқушыларға бірнеше суреттер таратылады. Суреттерге қарап оқушылар топ құрады. Не үшін құрағандарын түсіндіреді)

Топтар өз топтасуларымен орындарына жайғасады.

Әр топтарға сұрақ:

Не үшін біз бұл тақырыптарды оқу маңызды деп ойлайсыңдар?

( Таратылған парақшаға өз ойларын жазады, түсіндіреді.)

Топтарға тақырыптар бөліп беріледі.

Ой шақыру:

Видеоролик көрсету. Жаңа сабақ мазмұнынан қысқаша түсінік беру.

Ұлт жоспары-100 қадам. ЭКСПО-2017 туралы айта отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыру.

( Оқушыларға топта талқылауға уақыт беру.)

І топ. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету.

ІІ топ.Денсаулық сақтау және оның қалпына келтіру.

ІІІ топ.Білім беру.

ІҮ топ. Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар.

Тақырыптарын өз беттерінше оқиды, постерде қорғайды.

Суреттер арқылы топтасады

Өз ойларын ортаға салады.

Жаңа сабақ туралы мағлұмат алады.

Топпен жұмыстанады

Білу Жеке жұмыс. «Бортты журнал»әдісі.

Жүк журналын толтыру.

Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Бұл туралы не білуім

керек?

Бұл туралы не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?

Жұптық жұмыс.

Рекреациялық аудандар мен демалыс орындарын картадан анықтап, кескін картаға түсіру.

Топтық жұмыс.

Ұлт жоспары-100 қадам жоспарын оқушылар қолына беру.Топтасып өз тақырыптарына байланысты қадамдарын анықтап, маңызын түсіндіру.

Маңызын түсіндіру.

Жеке оқушы жұмыстанады.

Жұптасып жұмыстанады.

Топпен жұмыс жасайды.

Түсіну «Айналмалы таяқшалар» сұрақпен жауап қатынас.

Әлеуметтік инфрақұрылым саласына не жатады?

Халықтың тұрмыстық сұрансын қай сала қамтамасыз етеді?

Елімізде денсаулық сақтауға қаншалықты көңіл бөлінген?

Халықтың демалысын ұйымдастыру ісіне не жатады?

Еліміздегі табиғаты ерекше аудандарды атаңдар.

«Рекреация»деген не?

Денсаулық сақтау жүйесінің неше формасы бар?

Берілген сұрақтар көлемінде жауап береді.
Қолдану «Бір сурет, бес жол» әдісі

Оқушыларға парақшаға сурет салу ұсынылады. Сол сурет жанына бес жолға тақырыпқа ұқсастығын тауып жазу керек. Жұмыс аяқталған соң бөлме қабырғасына ілу, бір-біріне аралатып қаратып шығу.

Парақшаға кез-келген сурет салады, оны тақырыппен байланыстырып, ұқсастырып бес жол сөйлем жазады.
Бағалау Бағалау парағы беріледі. Өз-өздерін бағалайды.
Жинақтау Сабақты қорытындылау. Нақыл сөздерді оқиды, сол арқылы сабақтағы өз белсенділіктерін анықтайды.

Үйге тапсырма беру. §35

«Қазақстандық туризм» тақырыбында презентация жасап келу.

Нақыл сөздермен сабақтағы өз іс-әрекеттерін жеткізеді
Рефлексия Егер сендерге сабақ ұнаса, оң қолынмен бұлғаңыз!

Егер маған өміріме қажет деп тапсаң, алға бір қадам жасаңыз!

Егер барлық адамзат үшін маңызды деп тапсаңыз, орныңыздан бір секіріңіз!

Егер инфрақұрылымды дамыту қажет деп ұсынсаңыз, қол шапалақтаңыз!

Егер еліміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз!

Егер елімізідің болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін сезінсеңіздер, бір-біріңіздің қолдарынан ұстаңыз!

Осылайша бірлігіміз бен тірлігіміз берік болып, тыныш заманда білімді ұрпақ атанайық!

Орындарынан тұрып қимылдар арқылы сабақты аяқтайды.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s