Әскерден мектепке хат келді


Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Орынбаева Жаңыл Анишқызының атына “Батыр” Президенттік полкі” 0111 әскери бөлімінің 2 батальоны 1 ротасы 3 взвод 2 бөлімшесінің рота командирі аға лейтенант К.Әлібаев пен әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары подполковник Б. Қуанышбаевтардың қолдары қойылған және осы әскери бөлімнің мөрі басылған Алғыс хат келді.
Құралбай Сағи Құралбайұлы 2004-2015 жылдар арасында Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп- гимназияда білім алған. Осы жоғарыда аты аталған әскери бөлімінің атқыш- сарбазында әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Сағи Құралбайұлының жауынгерлік дайындық сабақтары бойынша үлгерімі жақсы, әскери антқа адал, әскери қызметін қырағы атқаратынын хатта мазмұндап көрсеткен. Алғыс хатта: “Осындай жақсы тәрбие бергені үшін, тәрбиешілеріне және ұстаздарына алғысымызды білдіреміз. Осындай Еліміздің еңсесін тек биіктерден көрсететін нағыз ел патриоттарын дәстүріміздің дәріптелуіне, мәдениетіміздің мәңгілік, тарихымыздың танымды болуына және Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағының жарқын болуы жолында жоғарыдан көрініп, Отанымыздың көк туымен бірге биіктерде желбірейді деген сенімдеміз!” деп жазылған.
Осы ретте мектебімізде әскери жарғыларды, талабын, әскери тәртіпті қатаң сақтау керектігін жоғары сынып оқушыларының жадына құйып жүрген, оларды Отаншылдық рухта тәрбиелеп оқытып дәріс беріп жүрген алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Есенкулов Сабыржан Серікбайұлының есімін ерекше ыстық ілтипатпен атап өткен абзал болар. Ол өте адал, ақжарқын, мейірбан жан. Балаларды өзіне баурап алады. Ол оқушыларды патриоттық рухта, Отанды сүюге, терең білім алуға, адал еңбек етуге насихаттап темірдей тәртіппен тәрбиелеп, терең білім беріп жүреді. Бұл мұғалімнің ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолы бар. Есенкулов Сабыржан қаншама оқушылардың шамшырағын жаққан беделді ұстаздардың бірден-бірі.
“Білім алу –инемен құдық қазғандай” дегендей, №9 мектеп-гимназияның түлегі Сағи Құралбайұлының сынып жетекшісі болған М.И.Раджапова және Ж.Байгазиева, О.В.Матвиенко, М. Шахманова, Б.Сабден т.б. пән мұғалімдерімен бірге жалпы мектеп ұжымы келген Алғыс хаттың мәтінін оқып зор қуанышқа кенелді. Алғыс алғаннан асқан қуаныш жоқ шығар. Осы алғыс хат өлшеуі жоқ еңбектің жанғанын аңғартады.
“Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің” дегендей, отбасында Сағи тегеурінді, жігерлі, елгезек азамат болып қалыптасып өседі. Әкесі Алиев Құралбай (Саттар Ерубаев атындағы №7 мектебінде мұғалім) мен анасы Пиримбетова Әнипа (Абай атындағы №31 мектепте мұғалім) бауыр еті балаларына үнемі мейірімдерін төгіп жүреді. Міне, бүгінде сенім білдірген ұлдары ата-ананың үкілі үмітін ақтап отыр.
Әскери борышын күні кеше ғана өтеген Түркістанның төл перзенті қатардағы жауынгер Сағи Құралбайұлы әскер басшылары тарапынан жасалған ұсынысы бойынша тағы үш жылға әскерде қалуға келісім шарт қабылдады. Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарған жауынгерге жауапкершілікке, ерлікке, өрлікке жетелеген мақсат- мүддең әрдайым сені жақсылықтар мен жеңіске жеткізе берсін дейміз.
Елбасымыз Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады” деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты болмақ. Осындай жастарымыз көп болғай.

Несіпкүл Өтебаева,
Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s