«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауы


«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауы

«Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») деген атпен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған жарияланымдар байқауын бастайтынын хабарлайды.

Байқаудың шарттары:  Байқауға кез келген адам қатыса алады – журналистер (оның ішінде, орталық және облыстық газеттерден), блогерлер, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары, студенттер, оқушылар, алуан түрлі мамандық өкілдері.

Қатысушылар көлемі кем дегенде 3000 таңбадан құралған мақала жазып, Матрица.kz поштасына (novoekz@gmail.com) жіберуі керек. Үздік материалдар Матрица.kz сайтында жарияланатын болады. Бір автордан ұсынылатын материалдардың санына шектеу қойылмайды, бірақ жеңімпаз болып тек бір ғана материал таңдалуы мүмкін. Автордың белсенділігі басқа баға тең болған жағдайда қосымша артықшылық саналуы ықтимал. Материалды фото және бейнематериалмен көркемдеу құпталады!
Байқаудың өткізілу мерзімі – 2016 жылдың 5 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін.
Қамтылатын тақырыптар:
— Өңіріміз (ауылымыз/қаламыз) қалай дамуда?
— Қаламыздан (ауылымыздан) шыққан бизнесмен
— Қаламыздағы (ауылымыздағы) қызықты адамдар
— Өңіріміздің қызықты жастары және олардың жасампаз бастамалары
— Қаламыздың (ауылымыздың) ақсақалдары
— Қаламыздың (ауылымыздың) тарихы
— Қаланың (ауылдың) табиғаты мен экологиясы (туристік мүмкіндіктер)

Айрықша шарт:  дарынсыз жасалған болмаса, адамды немесе компанияны жасырын/ашық жарнамалауға тыйым жоқ!

Байқауға келіп түскен материалдардың бәрін (жариялауға жарамдыларын) редакция сайтқа орналастырады. Материалдарды редакция жөндемейді, өңдемейді, тек жеңіл-желпі түзетулер болуы мүмкін. Мақаланың мазмұны мен дәлдігіне жауапкершілікті автор жеке мойнына алады! Байқау аясында жарияланған материалдардың ең үздіктерін комиссия мүшелері іріктеп алады және жалпы кеңесте жеңімпаздарды анықтайды. Байқау қорытындысы 5-10 желтоқсан аралығында шығарылады.

Қорытындыны 11 желтоқсанда Алматыда жарияланады.

Аймақтардан шыққан жеңімпаздардың ақшалай сыйлықтары олардың банк карточкаларына аударылады немесе басқа да келісілген тәсілдермен жеткізіледі.

Байқау жеңімпаздарға мынадай ақшалай сыйлықтар қарастырады:

3 үшінші орын – 30 000 теңгеден
2 екінші орын – 50 000 теңгеден
1 бірінші орын – 100 мың теңге

3 арнайы сыйлық болуы мүмкін – 15 000 теңгеден

Конкурс комиссиясы:

Серік Мәмбетов, сайт редакторы, комиссия төрағасы
Айдос Сарым, қоғам қайраткері
Полина Шиманская, журналист
Нұрлан Махмұдов, журналист
Сәкен Сыбанбай, журналист
Ізгілік Нағиев, Республикалык «СЕРПІЛІС» газетінің редакторы

Матрица.kz қазақстандық компаниялар мен кәсіпкерлерді байқауға демеушілік көрсетуге шақырады! Демеушілік шарттары тілек білдірушінің әрқайсысымен жеке келісіледі, бірақ ол шарттардың мейлінше жомарт та жұмсақ боларына уәде береміз!

Оқырмандарға және байқаудың ықтимал қатысушыларына деген құрметпен, Серік Мәмбетов, сайттың бас редакторы

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s