ҰСТАЗДАРҒА СЕРПІЛІС БЕРЕТІН ЖОБА


Құрметті Ұстаздар! Редакция жұмысындағы жаңалықпен таныс болыңыздар.

Алғы сөз. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Серпін» республикалық әлеуметтік жобасының баспасөз қызметі және «Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры» қоғамдық қорының газеті «Серпіліс» газетінде редакторлық қызметімнің басталғанын хабарлаймын.

45minut.kz Республикалық басылымында редактор болып жалпы басшылық қызметім де қосымша жалғасады. Қазіргі уақытта 45minut.kz Республикалық басылымы редакциясы өзіндік даму жоспарын толықтай орындайтын кәсіби бұқаралық ақпарат құралы болып қалыптасты.

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы

Ұстаздарға серпіліс беретін «Серпін» республикалық әлеуметтік жобасына бірлесе қызмет атқаруға сенім білдірген Әбенов Мұрат Абдуламитұлына алғыс білдіремін. Әбенов Мұрат ағаны білім саласында тың, жаңашыл жобалар жасаушы танымал тұлға ретінде білемін.

«Серпін» республикалық әлеуметтік жобасында қызмет ету 45minut.kz Республикалық басылымын да жаңа деңгейге көтереді деп нық сеніммен айта аламын.

45minut.kz редакциясы туралы қысқаша ақпарат: 45minut.kz Республикалық басылымның ашылу тарихы және жалпы идеясы 2012 жылдан бастау алады. Қоғамда өзекті идеялары, тың және нақты шешімдерімен танымал тұлға депутат Мұрат Әбдуламитұлы Әбеновтың кәсіпкерлік және білім саласы туралы кәсіби ұсыныс, ой-пікірлерін басшылыққа ала отырып, Республикалық 45minut.kz газеті ашылған болатын.

Республикалық газет қазіргі уақытта 3 мың дана тираж, 50 мыңнан астам материалдар базасы, күнделікті 20 мыңнан астам сайт арқылы қолданушылары бар беделді басылымға айналды. Республикалық деңгейде семинар, конференция, кездесулер өткізілді. Тұрақты түрде ай сайын ұстаздардың кітап топтамалары баспадан шығады. 2016 жылы облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдері ұсынуымен 200-ден астам ұстаздар «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Республикалық газеттің басты ұстанымы ұстаздарға БАҚ саласында кәсіби деңгейде қызмет көрсету болғандықтан редакция атынан берілетін сертификат, алғыс хат, төсбелгі құжаттарының заңдылық және кәсіби деңгейде бағалануын басты назарда ұстайды.

«Серпін» республикалық әлеуметтік жобасы туралы: 2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» атты мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп келе жатыр. Әлеуметтік жоба қазіргі уақытта 12 мыңнан астам студенттерге тегін оқу, жатақхана, жұмысқа орналасу мүмкіндігін беріп отыр. Әлеуметтік жобаны үйлестіруші — Әбенов Мұрат Абдуламитұлы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары, «Серпін»Республикалық әлеуметтік жобасы  үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға артуда. Алдағы жылдарда индуст­рия­лы-инновациялық бағдарлама ая­сында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы ай­рықша байқалады. Осыған орай «Сер­­пін – 2050» жобасы жасалды. Мақ­саты – осы өңірлерге халық саны көп об­лыстардан жастарды әкеліп, жер­гілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші ма­ңы­зы – әлеуметтік мәселелердің ше­шілуіне ықпал ету. Респуб­лика­мыз­дың 5 облысында бала туу деңгейі өте жоғары, тұрғындар саны жылдан-жылға қарқынды өсуде. Аталмыш өңір­лерде мектеп бітіруші түлек­тер­дің жергілікті жерде оқуға түсуі қиын және мамандық алғаннан кейін ба­сым көпшілігі жұмыссыздар қатарын көбейтеді. Жоба арқылы осы 5 об­лыс­та мектеп бітірген жастарға жо­ға­рыда аталған 9 өңірдегі оқу орын­да­рына «Серпіннің» арнайы гранты бөлінеді.
«Серпін – 2050» жобасына тәуекелшіл, өзіне сенетін, қиындықтан қорықпайтын, көпшілік ортаға тез бейімделетін, жаңа дүниелерге тез икемделетін, өз мәселелерін өзі шешуге тырысатын талапты жастар қатысады.

СЕРПІЛІС газеті туралы: Білім және кәсіпкерлік бағытында жаңа жобаларды нақты іске асыратын басылым және «Серпін-2050» əлеуметтік бағдарламасының ресми үнпарағы болып жұмысын бастайды.  Редакция ұжымы талап етілген жоғары деңгейдің жауапкершілігін сезіне отырып жүктелген БАҚ саласында кәсіби қызмет атқарады деп сенім білдіремін.

«СЕР­ПІНМЕН» БІРГЕ СЕР­ПІ­ЛІС­ТІ БАС­ТАЙЫҚ!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s