Киелі – аспап қобыз (5-сынып)


БҚОСырым ауданы, Жетікөл ауылы,

ЖББ Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің

Музыка пәнінің мұғалімі,

Балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығының

Қосымша білім беру педагогы

Анесова Гулбахша Жолдыгалиевна

Тақырыбы:Киелі – аспап қобыз (5-сынып)

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзыреттілік: Қорқыт жөнінде оқушылардың

білетін ақпараттарын жаңа ақпаратпен, мәліметтермен толықтыра түсу.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік: көркем шығармадан эмоциялық

әсер ала білуге, қобыз аспабы жайлы түсінік беру, аспаптың

тембірін ажырата білуге үйрету.

б)проблеманы шешу құзыреттілігі: эстетикалық қызығушылығын

арттыру, қиялын дамытып, сөздік қорларын молайтып, жүйелі баяндай

білу дағдысын қалыптастыру.

  • Сабақтың типі: Жаңа сабақ
  • Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
  • АКТ, білім беруді ізгілендіру
  • Сабақтың әдісі: түсіндірмелі –иллюстративті, сұрақ-жауап, әңгімелесу, кесте толтыру. Сөжұмбақ, слайдтар
  • Пәнаралық байланыс: Әдебиет
  • Оқыту құралдары: Қорқыттың портреті, қобыз аспабының суреті, үнтаспа.

Музыкалық амандусу:

Ән саламыз, жар саламыз

Ұстазды біз қарсы аламыз.

Бәріміз зор ізеттпен

Амандасып аламыз.

М: Сәламатсызба балалар!

О: Сәлематсызба?

Қорқыт VIII-IV ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз – қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған.

Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы – балгер мен кезбе дуналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.Қобыздың құдіретті үнін, Қорқыт күйлерін қазақ қобызшылары рухани мұра етіп ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді. Бір күні шаршап отырып,көзі ілініп кетіп, түс көреді.Түсіне періште енеді. Ол балаға: “Қорқыт, жасап жатқан”қобыздың 6 жасарнар атанның жілігіндей екен.Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шаңақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр.Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен” деп кеңес береді. Қобыз аспабы жыңғыл, үйеңкісекілдімықты ағаштан ойып жасалған.Құрлымы қауыз тәрізді. Ерте дәуірдебарлық жырлар К-дың сүйемелімен айтылған.Қобыз сарындарын бізге жеткізген Ықылас Дүкенұлы, Нышан Шәменұлы, т.б. Бері келе қобыз сарыны шертпекүй дәстүрінің тууына елеулі ықпал еткен. Оның үн-әуенін домбыраға түсіргендердің бірі Сүгір болатын. Қобыз күйлері-қобызда орындалатын музыкалық шығарма Қобыз күйлер. қобызшылардың атасы Қорқыттан (9-10ғ)тарады.Қобызда ойнау әдісін шебер меңгерген Ықылас,Молықбай, Түсіпбек сияқты қобызшылар Қорқыттың күйлерін дамытты.Қазақстан композиторлары А.Жұбанов, Л.Хамиди С.Мұхамеджанов, т.б. қобызға арнап муз. Шығармалар (пьесалар, романстар) жазды.Қобызшы- қобыз аспабында ойнайтын адам. Қ-лардың Репертуарынан халық әндері мен күйлері және классик. шығармалар орын алады.

  • Ән орындау: “Қобыз”

Қарағайдың түбінен Шанақ қылған қобызым

Қайырып алған қобызым Қылқұйрығын тұлпардың

Үйеңкінің түбінен Қияқ қылған қобызым

Үйіріп алған қобызым. Ақ түйенің сүтіне

Аққайыңның безінен Шылап алған қобызым

Айырып алған қобызым. Қарағайды қоздатып,

Қара еменді қақ жарып, Бұлап алған қобызым.

Ойып алған қобызым. Құлағынды бұрайын,

Ортекенің мүйізін Қияқ шалып сынайын.

Тиек қылған қобызым. Ойлағаным болмаса,

Желмаяның терісін Қайырып жерге ұрайын!

-деп қобызды қолына алған кезде қобыз сарнап қояберіпті. Қобыз үнін табиғат, ұшқан құс, ескен жел,жүгірген аң-бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты.

Оқулықтағы қобыз аспабы туралы берілген аңықтама оқылады.

Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішкке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

Музыка сауаты

Ладтың тоникасын басталатын биіктігі бойынша құрылған дыбыс қатарын гамма дейміз.

Гаммалар да тональдықтар сияқты, тониканың атымен атала береді. Мысалы ля-мажор гаммасы.

Арпеджио – гамманың тұрақты дыбыстарын бірінен кейін бірін жалғастыра ойнау.

Сабақты бекіту,қорытындылау:

ЖАНРДЫ АНЫҚТАУ.

Шығарманың

аты

Шығарманың

авторы

Шығарманың

жанры

Қандай аспапта

орындалды

Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады

1. Сілкіп ойналатын аспап түрі.

2. Қазақтың ұлттық аспабы.

3. Аңға шыққанда,дінижоралғыларда,жауынгерлі жорықтарда пайдаланылатын

ұрмалы аспап.

4. Бақташылардың қурайданжасалынатын ең сүйікті аспабы.

5.Тілшесін саусақпен шалыптарту арқылы ойналатынмузыкалық аспап.

Өғыз қыпшақ Күйші

шебер орындаушы ұлы ойшыл

Сұрақтарға жауап бер?

1. Қорқыт деген кім?

2. Ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап?

3. Аспаптың шанағы не мен қапталған?

4. Арпеджио дегеніміз не?

5. Ертеде қобызды кімдер пайдаланған?

6. Қобыз аспабының ысқыштары мен ішектері неден жасалады?

7. Гамма дегеніміз не ?

Үй тапсырмасы: Киелі – аспап қобыз

Музыка сауатты

Қобыз әнін жаттау.

БҚО

Сырым ауданы,

Жетікөл ауылы,

ЖББ Сырым орта мектеп-

балабақша кешенінің

Музыка пәнінің мұғалімі,

Балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығының

Қосымша білім беру педагогы

Анесова Гулбахша Жолдыгалиевна

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s