Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ ТЕХН ОЛОГИЯСЫ


Алдебаева Жания Зиябекқызы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, Қ.О.Бітібаеваның республикалық атаулы ғылыми-әдістемелік зертхана мүшесі, облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы-2009» байқауының

Бас жүлде иегері, облыс әкімініңГрант иегері,

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының

Екінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған.

Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сонау бағзы замандағы қазақ халқын әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – Қазақстанды әлемдегі дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді. Абай – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ірі тұлғасы.Ұлттық идея, ұлт тағдыры, ел тәуелсіздігі, елдің елдігі – бүгінгі қазақ әдебиетінің өзекті арнасына, алтын арқауына айналып отыр. Халқымыздың рухани байлығының шешуші саласы – қазақ әдебиеті өткен ХХ ғасыр бойы ірілеп өрлеп өсіп, дүние жүзіне танылды.

Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы-демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші — ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлемінде ірі құбылыс болды. Абай қазір еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемде танылып жатыр. Абай аты әлемді шарлады. Қазір жас өскіндерге нағыз Абайды, дана Абайды қайта танытып, қайта қауыштыру мәселесі көтерілуде. Бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігін Абайға арнаған данышпан Әуезов те оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» деген. Ал біздер, ұстаздар, тіпті қасықпен қалқып алып, ұлы дана мұрасын шәкірттерімізге бере алып жүрміз бе?

Мен Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беремін. Қ.О.Бітібаеваның республикалық атаулы ғылыми-әдістемелік зертхана мүшесімін. Мен КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалім, Н,Крупская медалінің, «Құрмет»орденінің иегері, біртуар ұстазҚанипа Омарғалиқызының шәкірті болғаныма, көзін көрген, бірге әріптес болғаныма өзімді бақытты жандардың қатарындамын деп есептеймін.

Ұстаз ретінде «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтармен үшін маңызы жоғары, келелі мәселе деп ойлаймын. Осы орайда жаңа заманға сай оқушыларды ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту- мектептердегі басты талапекені айдан анық. Әдебиет- сөз өнері, оны мектепте тереңдетіп оқыту, мұғалімдерден аса ізденімпаздықты, мұқияттылықты, төзімділікті талап етеді. Әлемдік білім беру жүйесіндегі озық инновациялық технологиялардың көптілігі алаң туғызатыны бәрімізге анық. Солардың ішіндегі өз сабағыма тиімді технологиялардың түрін таңдауда бағыт-бағдар берген ұстазым, әрі әріптесім- Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева. Қанипа Омарғалиқызының көлемді де құнды, бүкіл еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мамандары арасындағы қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбектерімен таныстым . Солардың қатарына республика ғалымдары, оқытушылары, мұғалімдері қауымынан қызу қолдау тапқан «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М.Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М.Әуезов мектепте», «М,Әуезовті оқыту әдістемесі», тағы басқа шығармаларын іс тәжірибе барысында бағдаршам етіп, басшылыққа аламын.Аталған еңбектерде,әсіресе,Абай және М.Әуезов шығармаларын оқытудың келелі мәселелері қаралып, көптеген ұсыныстар ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, Абай және Әуезов заманы мен қазіргі кезең сабақтастығы біртұтас жүйе ретінде қаралаған.

Ұстазымның «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» (А,«Мектеп»), «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» (А, «Мектеп»), «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» (Өскемен, 2002), «Мектепте Абай шығармаларын оқыту» (Өскемен,1994) еңбектері тұлғаның руханилығын байытуда маған және барша ұстаздар қауымына зор көмек болып отырған әдістемелік құралдар.Қ.Бітібаеваның инновациялық іс-тәжірибесі қазіргі таңда әдебиетті оқытудың бағдаршамы болып отырғаны қуантарлық жәйт.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Абай ұлылығын таныту – қазақ елі- тәуелсіз мемлекетті таныту», — деген пікірін жүзеге асыра отырып, Абай әлемі,Абай тағылымы арқылы жастардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрін егу –өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай мектебімізде «Абай және Тәуелсіз Қазақстанның рухани қайнарлары» атты Абайтану курсы жүргізіледі. Курсты Қанипа Бітібаеваның авторлық сыныбының алғашқы шәкірті, Филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, Абайтанушы, мұхтартанушы ғалым, Абайтануға арналған бірнеше монография, оқу құралдарының авторы-Қартаева Айжан Маратбекқызы Жамбыл атындағы мектеп-гимназия интернатына ғалым әрі автор ретінде бірнеше жылдар көлемінде Қанипа апайдың өз шақыртумен Абайтану пәнінен дәрістер оқиды.

Абай шығармашылығын зерттеуге арналған бірнеше монография мен оқу құралдарының авторы Айжан Маратбекқызы Абай ілімі арқылы құзіретті жастарды тәрбиелеу бағытында ұзақ жылдар бойы аймақ көлемінде көптеген жұмыстар атқарып келеді. Өзі ұстаздық ететін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнінен студенттерге дәріс оқиды. 2012 оқу жылынан бастап университеттің бірнеше мамандықтарына тұңғыш рет «Абайтану» пәнін енгізді. «Өрлеу» ШҚО бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тыңдаушыларына арналған Абайтану курсының бағдарламасын жасап, облыстың түкпір-түкпірінен келетін мұғалімдерге Абайтану курсынан дәріс оқиды.

Абай мұрасы арқылы жастардың бойына ізгілік, адамгершілік, адамдық биік қасиеттердің дәнін себу мақсатында Айжан Маратбекқызы мен «Руханият» бірлестігінің жетекшісі Бақытгүл Ауғанбаева Абай ілімін тәрбие үдерісіне енгізуді алға қойды. Айжан Картаеваның ғылыми кеңесімен Дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатында «Руханият» бірлестігінің жетекшісі Бақытгүл Ауғанбаева бірнеше жыл көлемінде Абай мұрасын тәрбие үдерісінде пайдаланып, өте ауқымды әрі мазмұнды жұмыстар атқарып келеді. Осы негізде Б.О.Ауғанбаеваның 2011 жылы «Абай тағылымы тәрбие үдерісінде» атты оқу құралы жарық көрді.Оқу құралынан үзінді келтірейік: «Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ-ел келешегі, келбеті», — деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінің мәні ерекше. Тәрбие — тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын — ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз ғой. «Руханият» бірлестігінің жетекшісі Б.О.Ауғанбаева интернат жағдайында тәрбиеленіп жатқан он екі сыныптың оқушыларының күнделікті тәрбиесіне Абай тағылымын лұғат етті. Айжан Маратбекқызының ғылыми кеңесімен әр сыныптың өзекті проблемасының тақырыптарын бекітті.

Әлемдік ойдың данасы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы Абайды тану, терең түсіну – адамзат баласының қолы оңай жете бермейтін рухани биіктікке алып барар сара жол. Абай туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», — деген . Бұл сөз барлық қазақ баласының көкейінде тұруға тиісті қасиетті қағидаға айналуы қажет.

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы атап көрсеткендей, бүгінгі ұрпаққа ұлы ақын Абай шығармашылығын тереңдете оқытудың мәні мен маңызы аса зор.

Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазып, ақын мұрасын шәкірттерінің жүрегіне бойлатып, рухани нәрін санасына сіңірген әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева өзінің көп жылғы ұстаздық еңбегі мен тәжірибесінде саналы ғұмырын Абайды жас өскіндерге жеткізу, сұлулығы мен тереңдігіне үңілту, қауыштыруды, рухани жан дүниелеріне бойлатуды алдына мақсат етеді. Ұстаздың сөзіне жүгінсек: «Абай поэзиясының сұлулығынан бойымызға нәр алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу – адами да, ұстаздық та борыш», — дейді.

Абай шығармашылығын оқытуға арналған әдіскер ұстаз Қ.Бітібаеваның 4 еңбегі бар. Белгілі әдіскер ғалым Ә.М.Дайырова «Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған әзірге бізге белгілі бірден-бір еңбек – Қ.Бітібаеваның оқу құралдары. Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны Абаймен қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру еңбек екендігі сөзсіз», — деп бағалайды .

Ары қарай ғалым: «Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны Абаймен қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру еңбек екендігі сөзсіз», — деген пікір айтады. Шынында да ұстаз Абай шығармашылығын жаңаша оқытудың жүйесін, үлгісін береді. Ол үшін Кеңестік кезеңдегі ақын шығармашылығын оқытудағы кемшіліктерге әділ пікір білдіреді. Саясат құрсауында Абайды тап күрескері етіп, оны «әлеуметшіл Абай» дәрежесінде ғана оқытылуын сөз ете отырып, автор оның саяси-әлеуметтік лирикасын ғана емес, ұлы дана мұрасын толық, жан-жақты оқыту проблемасын қозғайды. «Абай поэзиясын тақырып-тақырыпқа бөлшектемей, тұтастай қарастыру» мәселесін көтереді. Әсіресе автордың Абай поэзиясының алтын арқауы – Адам, оған деген махаббат екеніне тоқтала отырып, Толық Адам проблемасы айналасында ізденуді алдыға тартады. Ақын поэзиясындағы баға жетпес үш асыл қазына: Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, хақ жолы деп әділетті сүю, яғни осы үш сүю айналасында оқыту керектігін зерттеуінің басты ұстанымы етеді. Сондай-ақ автор Абайдай әлемдік алыптың мұраларын оқытуда оқулықтағы беріліп жүрген өлеңдерінің аздық ететінін, оны таныту үшін төменгі сыныптан бастап жаңа бағдарлама жасау керектігін ұсынады.

Ұстаз 5-8 сынып арасындағы ақын шығармашылығын оқытудың бағдарламасын бере отырып, оны танытудың тың технологиясын, жолдарын саралап көрсетеді. Еңбектің сүбелі бір маңызы – бұрын оқуға ұсынылмаған ақын өлеңдеріне назар аударуы әр сыныпқа кемінде 6-7 өлең (қарасөзі бар) шығармаларды бере отырып, оны оқытудың тиімді жолдарын, поэтикалық талдау үлгілерін беруі. Әр өлеңнің негізінде жатқан ең негізгі, түйінді дәндерін (даралап, саралап оқыту технологиясы негізінде) саралап ала отырып, оны меңгертудің инновациялық жолдарын нақты көрсетеді. Әр өлеңге берілетін көмек-нұсқаулар проблемалық, дамыта оқытуға негізделген талдау сұрақтары да ғылыми түрде сөз болады.

Қазіргі білім беруде дарын тәрбиелеу, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру басты мақсат болса, осы мақсаттарға жетудің бір жолы – іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар болып табылады. Еңбекте шығармашылық жұмыстардың әр түрлі жүйесі берілген.

1. Танымды іздендіруші, өз беттерімен орындайтын тапсырмалар.

2. Ғылыми материалдармен іздендіруге бағытталған жұмыстар жүйесі (реферат, рецензия т.б.)

3. Поэтикалық талдау түрлері: салыстырмалы жұмыстар, ақын проблематикасы, кейіпкерлерге микро-мінездеме, дәйексөзді талдау, топтық, жұптық, жұмыстар түрлері, интервью-сұхбат, реплика-диалог, т.б.

Талдау түрлері тікелей ұстаздың өзіне ғана тән, өз ізденісінің жемісі екені түсінікті. Бір тақырыптың өзіне бірнеше шығармашылық жұмыстар жүйесінің жасалуы – тың мәселе. Ал жазба жұмыстарының инновациялық түрлері де еңбекте кеңінен орын алған. Мысалы, шығарма-толғау, шығарма-сезім, сыр-толғау, жыр-толғау, жыр-толғау, ой-толғаулар — барлығы да шығармашылық жұмыстардың тиімді түрлері.

Еңбекте көркем мәтінді оқудың үш түрі ұсынылады.

1. Сыныпта оқып талдауға арналған;

2. Сыныптан тыс оқып, талдауға бағытталған;

3. Өз беттерімен, өз қалауларымен оқып, талдауға арналған.

«Абай шығармашылығын оқыту» атты іргелі еңбегінде автор «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбымен 5 сыныптан бастап 8 сыныпқа дейін Абай шығармашылығынан оқылатын шығармалардың тақырыбын ұсынады. Төменгі сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытудың өзіндік күрделілігін айта келіп, оқытудың әдіс-тәсілдерін береді. Соның ішінде, 5 сыныптағы Абайдың Әбіш туралы өлеңдерін оқытудың кейбір тиімді жақтарын атайды. Әбіш туралы абайтанушы ғалымдар еңбектерінен шолу жасалады, «Абай жолы» эпопеясының «Қарашығын», «Қапада» тарауларындағы Әбішке сипаттама беріліп, салыстырылады. Әбіштің бейнесін шәкірттерге үлгі ете отырып, білімділік, тәрбиелік жағынан оның маңызды екенін түсіндіреді. Әке мен бала проблемасы айналасында оқушыларға пікір талас ұйымдастырады. Оқушыларды Әбішке дәйектемелі шағын мінездеме беруге баулиды. Оған талдаудың мынадай үлгісін береді:

Тақырып (оқушы өзі қойған) Әбішті бейнелейтін сөздер Әбішке шағын мінездеме
«Жасқа жас, ойға кәрі едің» «Тұла бойың ұят, ар»

Тәуекелге нар

Ерлікке де нар

Талапты

Арлы, намысты,

талапты, батыл, ер,

тәуекелшіл, жалтақ емес.

5-8 сыныптарда Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесіне ұстаз мынадай мақсатты көздейді. Өтілетін жаңа сабаққа байланысты мәтінді алдын ала оқыту арқылы көркем шығарманы қалай қабылдағанын білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау дағдыларын қалыптастыру; білімді өз еңбектері, ізденістерімен алу машықтарын жетілдіру керектігін айтады. Осы мақсатына орай ұстаз сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, түсініктемені оқу әдістемесін ұсынады. Талдау кезінде мұғалім үнемі оқушыны қозғап, ой тастап, өзімен бірге еңбектендіріп, олардың пікірлерін назарға алып отырып қадағалайды. Жұптық жұмыс пен шағын пікір талас ұйымдастырылуы үшін проблемалық сұрақтар береді.

1) Ақын өлеңді кімдерге арнап айтады? («Бір естіге», «өзіне», «бір әрі мың наданға»)

2) «Неше түрлі жан», «даладағы аңдар кімдер?» Ақын неге оларды осындай ауыр сөзбен сынайды?

Әдіскер ұстаз оқушыларды ойлантып қана қоймайды, оларды ақын сезіміне, сонымен бірге өздерінің сезімдерін бақылауға арналған практикалық жұмыс түрін береді. Мысалы:

Шумақтар Ақын сезімі Оқушы сезімі
І Өкініш, қайғы Өлімді ойлау, ақынды ойлау, тебіреніс
ІІ Амалсыздық, ойлы мұң, үміт, болжам Мұң, жан ашу, қобалжу
ІІІ Амалсыздық, ашына сөйлеу, күйіну Түсіну, ақын рухымен сырласу, ренжу
ІҮ Өкініш, мұң шағу, үміт Ойлы мұң, көне алмау, керісінше, жаны ашу
Ү Өкініш, сыр ашу, сырласу Кіналау (қоғамды), күрсініс
ҮІ Күйіну, аяушылық күту, өсиетті өкініш, сырласу Есіркеу, аяу
ҮІІ Болжау, тоқтау, сенім Аяныш, тебіреніс

Бұндай жұмыстар лирикалық шығармаларды сезіммен талдауға үйретеді. Оқушыларды адам сезімі мен жанын түсінуге баулиды.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға шығармашылық жұмыстар беруді ұйғарады. Яғни ол жұмыстарға ұстаз көмек-карточкалардың «Болашаққа хат», «Арыз» атты үлгілерін дайындайды.

Абайдың поэмаларын, қарасөздерін оқытуда тиімді оңтайлы тәсілдер арқылы оқушылардың түсінігіне сай берілгенін көруге болады. Қарасөздерді оқытуда ұстаз мәнерлеп оқу, түсініктемелі оқу, сарамандық жұмыстарды пайдалануды жөн көреді. Ақынның әр қарасөзін оқытуда оқушыларға берілетін білім мазмұнымен таныстырады, оған талдаудың үлгісін кестелер арқылы көрсетеді. Пікірлесу сұрақтары мен оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру бағытындағы жұмыстар мен талаптарға көп көңіл бөледі. Сонымен қорыта келгенде, Абай шығармашылығын оқушыларға жан-жақты тереңдетіп оқытуда бұл еңбектің ғылыми әрі әдістемелік жағынан маңызы зор. Себебі адамзаттың Абайдай ірі тұлғасының шығармашылығын жасөспірімдерге оқытып меңгертудің жан-жақты жолдарын іздеп, оның түйінді дәнін тауып оқушылардың бойына дарытып, адамдық қасиеттерге баулыған инновациялық технологияның талаптарына сай нағыз гуманистік тұрғыдан жазылған ғылыми әдістемелік еңбек демекпіз.

Қанипа Омарғалиқызының қай еңбегі болсын ұстаздардың бағдар шамындай. Сол себептен болар, ұстаздың еңбектеріне деген сұраныс та ерекше.Ұстаздық іс-тәжірибемде үнемі күнделікті сабақ жоспарларымдыҚ.О.Бітібаеваның технологиясы негізінде құруды жөн көремін. Төменде Абайдың қарасөздерін оқытудың сабақ жоспарының үлгісін ұсынғым келеді.

Қазақ әдебиеті 10 «б»-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты:

1.Абай шығармашылығы мен қара сөздерін оқып, талдау жасату,ақынның қарассөз жазудағы мақсатын түсіндіру, оқушылардың ойын, білімдерін кеңейту.

Қара сөз, ғақлия,афоризм туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өзіндік дербес ізденуге жетелеу,білімді өз бетімен шығармашылық деңгейге жеткізуге көмек беру, өзіндік пікір айтуға,баға беруге икемдеу.

3.Абай шығармашылығындағы тағылымдық тәрбиеден үлгі алуға, оны өмірде қолдана білуге баулу.Ұлы ғұламаның қара сөздері арқылы оқушыны өзін – өзі тәрбиелеуге, адалдыққа, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болуына түрткі жасау.

Сабақтың түрі: Зерттеу жұмысына негізделген іздендіру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой салу,ойланту зерттеу, талдау, салыстыру, дәлелдеу,сұрақ –жауап әдісі,интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Абай шығармашылығы туралы бейнебаян, ғалымдар пікірі,ақынөміріне ,шығармашылығына, қара сөздеріне арналған слайд.

Құзіреттілікке арналған тапсырмалар,бағалау парағы.

Сабақтың кезеңдері Берілетін білімнің негізгі түйіні әдіс-тәсілі
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ұйымдастыру 3мин

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа толық қатысуын ұйымдастыру,мақсат қою

Кіріспе.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Поэзиялық кідіріс (3мин)

Электронды оқулықпен жұмыс (2мин).

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Мақсаты:Сабаққа дайындықтарын,өткен сабақтағы білім мазмұнын қаншалықты меңгерген-діктерін қадағалау.

Үй тапсырмасын қорытындылау, бекіту 2мин

Мақсаты:Берілген тапсырмалардың орындалуын бағалау.

Жаңа сабақ

Мақсаты:Абайдың бірінші қара сөзін өз бетімен оқып, түсіну ,шығармашылық жұмыс жүргізу,ізденіске дағдылану, ойын дәлелдеу.

Түсінік

Мақсаты:Оқыған қара сөздерінің мағынасын түсіну немесе оқығанын өз ойымен, өмірмен байланыстыра талдау, әрі қарай ой өрбіту

Қолдану

Мақсаты:Материалды терең түрде меңгеру,

теорияны қолдану

Талдау(Анализ)

Мақсаты:Материалды құрылымына қарай топтау,анықтау,дәлелдеу

Жинақтау(Синтез)

Мақсаты:Жаңа дүние жасау

Бағалау. Рефлекция (түйін)

Мақсаты:Іздендіру-зерттеу жұмысының нәтижесіне баға беру

Берілген білімді бекіту қорытындылау, жүйелеу,жинақтау

Мақсаты:Берілген білімді

қай дәрежеде қабылдағынын пайымдау

Үй тапсырмасын белгілеу

Мақсаты:Шығармашылық ізденістерін дамыту

Оқушы білімін бағалау

Жағымды көңіл-күй туғызу, топтастыру,

өз мақсаттарын айқындау

Абай кім? (мәнерлеп өлең оқу)

«Жидебай ұлылығы»

А.Байтұрсыновтың Абай туралы пікірі

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адммын оны да ойла…

Бұл жолдардан нені аңғардың?

Ақынның өмірі жайлы не айтар едің? Ақынның көңіл-күйі қандай?Өлең жолдарынын өзің қандай әсер алдың?

Сіз үшін Абай жұмбақ адам ба? Ойланту ,іздендіру тапсырмаларын орындау

«Ақын және оның заманы»

хабарлама әзірлеу.

Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма:

Абайдың бірінші қара сөзін оқу

1.Қалай ойлайсыңдар, ақынның қара сөз жазудағы мақсаты не?

2.Ақынды қара сөз жазуға қандай жағдайлар итермеледі?

Іздендіру бағытындағы тапсырма

Ақын мақсаты Менің мақсатым

5,11,18,6,8,33,17,19,37,34,37 қара сөздердің мәтіндерін тарату, оқулық, қосымша кітаптардан қарастыру,оқу,түсіну, талдау.

Іздендіру жұмысының жоспары

Мақсаты-зерттеу тақырыбына

жауап іздеу

1.Ақынның қара сөздерін тақырып бойынша топтап,жүйелеңдер.

2.Қара сөздерінде қандай мәселелер көтерілген?.

Қарасөз, ғақлия, афоризм сөздеріне теория тұрғысынан талдау ,түсінік беру.

1.Ақынның қара сөздері мен өлеңдерін салыстыру

мағынасына қарай анықтап,дәлелдеңдер

Қара сөз Өлеңнің аты Үндестігі

2.Ақын қара сөздеріндегі

афоризмдерді, өсиет

сөздерді теру

Қара сөз Афоризм,

нақыл сөздер

Абайдың толық адам бейнесін жасау(Мүмкіндік болғанда )

Жоба қорғау

1.Абай және Мен (жоба)

2. «Адастырмас қазығым»

(өсиет-хат)

3.Дүниеге кірпіш болып қалансам…(сыр толғау)

4.Абайдың қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік сипаты (ойтолғау)

Талдау жасау

«Абайдың қара сөздерінің маңызы неде? Абайды тағы қандай қырынан таныдың?

Жобаны аяқтау.

Бағалау парағын толтыру, жинап алу, бағалау

Байқау,пікірлесу.

Психологиялық жаттығу

Мұғалімнің іс-әрекеті

мәнерлеп өлең оқу

Барлығы тыңдайды

Жеке ,өздік жұмыс,

талдау, түсіндіру,

ауызша пікір айту,қорғау жұмысы

Мұғалім бағасы,ассистент балалардың көмегі, өзін-өзі бағалау,

бағалау

Оқушылар жатқа оқиды.

Ізденеді, ойланады, табады.

сұрақ-жауап,

түсіндіру,

дәлелдеу

жеке жұмыс, жұптық жұмыс

топтық жұмыс

Анықтау, түсіну,болжам жасау, пікір айту,дәлелдеу.

іздестіру, қару,табу

Саралау, салыстыру,

дәлелдеу,сараптау үндестіктерін табу

жазу, ұсыну,өзгерту,

өзгеріс енгізу

өзіндік пікір, көзқарасын білдіру.

Ауызша дәлелдеулер жасау

Шығармашылыққа негізделген жазбаша жұмыстар

жеке жұмыс

Өз пікірлерін ортаға салу,қорғау, дәлелдеу.

Абайдың қарасөздері

(карточка- көмек)

1. Қарасөз жанры. Абайдың қарасөздері — көркем әңгіме емес, философиялық ойлар екеніне көңіл бөл.

2.Абай қарасөздерінің сөйлемдегіқысқа, бірақ ойы, мағынасы терең
екеніне назар аудар (оқулықтағы Абай сөздерінен берілген үзіндіге қара).

3.Жетінші, он тоғызыншы, отыз бірінші сөздерінің негізгі такырыбыілім-білім екеніне назар аудар. Әсіресе, он тоғызыншы сөзінде адам
баласына білімді болудың жолдарын көрсетуіне (еске ұстаудың төрттүрлі жолдары) көңіл бөл.

4.Алтыншы, сегізінші, он бірінші сөздерінде надандык, мақтаншақтық мінездері шенейтініне назар аудар (әсіресе, қазақтың кейбірмақалдарын орынды сынауы).

5.Он бірінші, он сегізінші, отыз үшінші сөзінде адал еңбекті сөз ететінінеске ұста.

6.Жиырма бірінші сөзіндегі «орыстың тілі — дүниенің кілті» дегеннақылға айналып кеткен сөзіне үңіл.

7. Қырық бірінші сөзінде акынның елдегі кемшілікті жою туралы өз ұсынысын айта отырып, жол таба алмай қиналуына көңіл бөл.

1.Бесінші, жиырма тоғызыншы сөзінде мақал-мәтелдерді сынауына назар аудар. Абайдың өзі жазған мақал-мәтелдерді жаттап ал (мысалы, «Еңбек етсең, ерінбей, тояды карның тіленбей». «Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың», т.б.)-

2.Абайдың карасөздерінің ғибраттык маңызына үңіл.

А.Құнанбаев. Қарасөздері

Тапсырмалар үлгісі:

Iтоп

Қарасөздері Мақал-

Мәтелдер

Абай сыны Өз пікірім

ІІ топ

Абай 49-кесте

Абай қара сөздерінен нақтылы мысалдар келтіре отырып, оның гуманистік, демократтық, ағартушылық көзқарасын дәлелде. Ол көзқарастардың бүгінгі қоғамға сәйкестігіне назар аудар. (Пікір – дәлелдеме)

Қосымша материал: М.Әуезов. «А.Құнанбаев» (144-456 – беттер).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. – Алматы: Мектеп, 2003. – 232 б.

2. Дайырова Ә.М. Абай тағлымы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 1995.

3. Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту. – Өскемен: Полиграфия, 1994

4. Картаева А. Абай шығармашылығын Қ.Бітібаеваның оқыту технологиясы. “Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дамуының бастауы” атты халықар. ғыл-тәж. конф. матер. Алматы, 2005. Б. 113-116.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s