Алыстау жылдамдығы. Қарама-қарсы екі бағыттағы қ озғалыс


Шығыс Қазақстан облысыӨскемен қаласы

«Өскемен қаласы әкімдігінің А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Тукубаева Толкын Толеухановна

Пәннің аты: математика Уақыты: 08:50 Кабинет:

№ 18

Мұғалім

Тукубаева Толкын Толеухановна

Сабақтың тақырыбы Алыстау жылдамдығы. Қарама-қарсы екі бағыттағы қозғалыс
Мақсаты 1) Бір — біріне қарама — қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, алыстау жылдамдығы деген ұғым беру.
2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл – ойын, ой — өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу.
3) Өзіндік бағалауға дағдыландыру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері – қарама — қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен танысады, алыстау жылдамдығы ұғымымен танысады;

— қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдылары дамиды;
– өз ойларын ашық айта алады;
– өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады;

Негізгі идеялар «Қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс- алыстау жылдамдығы»
Сабақта қолданылатын материалдар суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер,флипчарт, маркерлер, топқа бөлуге қажетті материалдар
Оқыту әдістері Түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ — жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, графикалық тест жұмысы.
Дерек көздері Оқулық, интернет беттері
Сабақ барысы
Түрткі (сұрақ, тапсырма, жағдаят) Уақыты Бағалау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Психологиялық ахуал 2 мин Оқушыларды ұйымдастырады, жағымды ахуал қалыптастырады.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Топқа бөліну 2 мин
Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл»

5 мин Критерий арқылы 1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

2. 1 сағатта неше минут бар?

3. Қосудың нәтижесі қалай аталады?

4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?

5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?

6. Қосуға кері амалды ата.

7. Аптаның соңғы күні қалай аталады?

8. Бір тәулікте неше сағат бар?

9. 9+7 өрнегінің мәні қанша?

10. 60-7 өрнегінің мәні қанша?

11. 1 дм неше см болады?

12. 1 ғасырда неше жыл бар?

13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.

14. Периметрді қалай табамыз?

15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.

16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.

18. Шаршы деген не?

19. Салмақ өлшем бірліктерін ата.

20. 1 дм 4см неше см болады?

Ең тиімді тәсілмен есепте:
10 021+10 022+10 023+10 024+10 025+10 026+10 027+10 028+10 029+10 030꞊

Жылдам жауап беру керек

Ең тиімді тәсілмен есептейді, қай топ жылдам және дұрыс орындайтыны бағаланады.

Мағынаны тану -сұрақ-жауап

-есепті өзара талқылайды;

-қорытынды жасайды;

10 мин Топтарда ғы өзара бағалау 1. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?
2. Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?
3. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?
4. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?
5. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

v – жылдамдық

t – уақыт

s – қашықтық

v = s : t

Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек.

Сызба арқылы есепті талдата отырып шығартады.

Сұрақтарға жауап береді.

Топта талқылайды, шығарады. Ортаға ұсынады.

(80+60)х4=560км

80х4+60х4=560км

Сергіту сәті 2 мин Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Ой толғаныс 5 мин Өзін-өзі бағалау Қызық есеп:

Біздің сыныптас достарымыз Азамат пен Айгерім мектепке өте жақын жерде тұрады.

Айгерім 45 м-ді 3 минутта жүрдім десе, Азамат 60 м-ді 4 минутта жүрдім дейді.Айгерім мен аз уақыт жұмсадым десе, Азамат мен ұзақ жол жүрдім дейді. Екеуінің дауын шешуге бола ма? Көмектесіп көрейік! (Топта талқылау)

Топта талдайды, пікірлерін айтады.
Топтық жұмыс 14 мин Ишара арқылы бағалау Бағалау парақша сын толты рады. №3

№5

№7,8,9

(48+64)х3=236км

(86+70)х5=780км

Өрнектердің мәндерін табады.Әр бағанын бөліп алады.

Топтар бірлесіп шығарады, ортада түсіндіреді.

Үйге тапсырма 2 мин Үйге тапсырма береді.№ 2,10 Күнделіктеріне жазады.
Кері байланыс 3 мин «Күн және бұлттар» Оқушылар өз ойларын жазады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s