Білім кілті – кітапта


№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта

мектебінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мустиярова Алма Елеуқызы

Білім кілті – кітапта

« Оқу адамды білікті болуға, әңгіме – дүкен құру

тапқырлыққа, ал жазып алу дәлдікке» А.С.Пушкин.

Кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, бүгінгі көңілі ояу, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті рухани нәрін алады, көптің ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындатар орда – кітапхана деп түсінуге тиіспіз.

Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан – жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір әлеуметтік орын. Кітапханашы оқырманның талап – тілектерін қанағаттандырып, оқумен тәрбиелеп, қажет болған жағдайда тиімді шешімдерді үйретуге тиіс.

Оқушының ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Оқушылардың білімге қызығушылығын оятуға не әсер етеді? Осы сияқты сұрақтарға тек педагогтар ғана емес, кітапханашылар да ойлануға тиіс.

Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары – адамдармен қарым – қатынас құралы болып табылады. Кітапханашы шығармашылық ізденісте оқырманмен байланысып, оқушының түрлі еңбектермен танысуына ықпал етеді.

Біздің мектебіміздің кітапханасы – жас ұрпаққа тәлім – тәрбие берумен қатар, рухани жан – дүниесін байытып, толықтырып отыратын орын. Ал кітапханашыларымыз Сүлейменова Бақыткүл мен Бабаева Дүйсенкүл оқушылармен тығыз байланыста болып, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірігіп, түрлі іс – шаралар өткізіп тұрады. Оқушылар кітапханаға қажетті кітабын тауып оқитындығына сеніммен келеді.

Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпарат ағымына жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.

Осы орайда жуықта мектебіміздің кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітабы көп елдің рухы биік, ғұмыры мәңгі!» тақырыбында аудан кітапханашыларының семинары болып өтті. Семинар барысында кітапханашы Б.Сүлейменова әріптестеріне жаңа үлгідегі кітапхана іс – құжаттарымен таныстырса, «Ұлағат» шығармашылық ұйым жетекшісі Ш.Манабаева қонақтарды бір – бірімен қызықты тренинг арқылы таныстырып өтті.

Семинарды мектеп директоры Қ.Абуталипов ашып, келген қонақтар еңбегіне шығармашылық табыс тіледі. Сонымен бірге қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 6 «ә»сынып жетекшісі А.Бекетова өз сыныбымен «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында өнеге сабағын өтсе, кітапханашылардың оқушылардың ата – аналарымен байланысының көрінісі ретінде « Озық ойлы оқырман отбасы» сайысы өз дәрежесінде қызықты болса, қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Жауқазын» үйірме мүшелерімен «Ғасырдың ғаламат ақыны» Мұхтар Шахановқа арналған поэзия кеші келген қонақтар мен көрермен қауымның көңілінен шықты.

Семинар өте жоғары дәрежеде өтті аудандық білім бөлімінен келген әдіскер А.Жүсипова да кітапханашыларымызбен оқушыларымызға өз ризашылығын білдірді.

Жүсіп Баласағұнның:

« Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,

Білім – жарық, нұрын саған шашатын» , — деген аталы сөзіне ден қойсақ, ақыл мен білімнің бастауы – кітапта екенін ұғамыз. Кітаптың әлемдік өркениетте үлесі шексіз. Қазіргі кезде ғаламтор, теледидар, радио, т.б.түрлі ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырады. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды, өйткені адамның жан дүниесін, армандарын,сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық. Сондықтан кітап әрқашан басты рухани байлығымыз болып қала бермек.

№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта

мектебінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мустиярова Алма Елеуқызы

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s