Тәрбие ата – ананы құрметтеуден басталады


№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта

мектебінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мустиярова Алма Елеуқызы

Тәрбие ата – ананы құрметтеуден басталады.

«Адам тәрбиелеу өзінің туған ұлы мен қызын

тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды

қоғамдық қызметі, оның азататтық борышы»

В.А.Сухомлинский

Қай халықтың болсын, өз ұрпағын биік белестерден көргісі келеді. Сол себепті де бүгінгі жеткіншектің азамат болып қалыптасуы оқыған, көрген тәрбиесіне байланысты екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Салт – сананы бала бойына сіңіру көбіне көбіне аналарға байланысты. Өйткені, анадан алған тәрбиесі, үлгі өнегесі адам жүрегінде мәңгі жасайды.

Айналадағы адамдарды сыйлау ата – ананы құрметтеуден басталады. Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды. Кісі баласы бір қалыптан шыққандай, мінез – құлық жағынан бірдей болса, өмір де көңілсіз болар еді.

Қайбір әке – шеше баласына оғаш ісінің терістігін байыппен түсіндіріп, қажеттілігіне көз жеткізе отырып тәрбиелеуге күш салады. Балаларының теріс ісін сезгенде, айқай ашуға басатын, оғаш қылықтың жолын қатал мінезбен қиып тастауға тырысатын ата – аналар да жеткілікті.

« Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге» деген, қалай болғанда да әке – шешенің ойлайтыны тек жақсылық.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» — делінген. « Егер әкең мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» — деген ұлағатты сөзі бар екен. « Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызын өтей алмайсың» — деген де сөзі бар. Ата – ананы сыйлау адамзат баласына тән ізгі қасиет.

Халықтың дәстүр – қағидаларында адамгершілікке негізделген заңдар бар, көкірегінде саңлауы бар әр адам мұны бұлжытпай орындауы тиіс.

  • Ата – анаңа қарсы сөз айтпа.
  • Өз ата – анаңды жамандама.
  • Бала ата – анасы алдында, ақсақал әйел алдында, қанша ашулансаңда боқтық сөз айтпа.
  • Баланың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
  • Ата балаға сыншы.
  • Атадан – өсиет,анадан – қасиет.
  • Атадан бала туар, атасының жолын қуар т.б. деген қазақ мақалдары әкенің балаға қаншалықты тәлім – тәрбие берудегі рөлімен орнын көрсететіні сөзсіз.

Сонымен бірге халық даналығы « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», « Не ексең соны орасың» десе, Абай атамыз « Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі – ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал, атақты физиолог И.Павлов « Әрбір баланың мінез – құлқы ата – анасының жағымды іс – әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады», — деп тұжырымдайды. Қай ұлт, қай халықтың ой қазынасына ақтарсаң да, алдыңнан шығатын сөз – әр адамның өз әке – шешесін қастерлеу керектігі айтылады. « Көргенді көгершін әке – шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды» — деген жапон мақалы да көп нәрсені меңзейді.

«Әркімнің ата – анасы – әулиесі». Дана халқымыздың осы мәтелі, өкінішке орай, ата – анасының қадірін уақытында білмей, соңынан опық жейтін адамдардың санасына жетпей жатыр.

Дүние кезек. Сен де өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата – анаңды сыйласаң, сенің балаларыңда қартайғанда қзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. « Бағатын бала болса, өлетін кәрі жоқ» — дейді қазақ халқымыз. «Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды», « Ата – ананы құрметтесең, сен де сондай игілік көресің» Егер « өз перзентім қызмет қылсын» десең, ата – анаңды құрметте. Перзент – жеміске, ата –ана – жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де тәтті, дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата – анаңа деген ізет, құрметті аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, тек қана отбасында қалыптасатынын жадымызда ұстағанымыз жөн.

№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта

мектебінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мустиярова Алма Елеуқызы

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s