ҰБТ туралы


Аттестат алу үшін түлектердің емтиханды мектепте тапсыратыны дұрыс болған. Жұрттың бәрі жоғары білім алуы шарт емес қой. (Неге керек сол саны бар, сапасы жоқ формальдылықтың)
Тек ҰБТ пәндері неге қайталана береді? Жақсы, қазақ тілі мен әдебиетінен түрлі эссе жазар, математика барлық мамандықтарда емес. Ал Қазақстан тарихынан емтиханды мектепте бір тапсырады, университетке түсу үшін тағы да тапсырады. Одан соң студенттер 1 курста оқып, мемлекеттік емтиханды және бір тапсырады. Жоқ, мен Қазақстан тарихына қарсылығым жоқ. Бәріміздің білуіміз шарт. Бірақ, осы емтихандардың барлығына қомақты қаражат жұмсалатынын ескерсек, бұл пәннен екінші емтиханды басқа пәнге ауыстырғанын қалар едім. Мысалы, жоғары сынып оқушылары соңғы жылдары таңдаған мамандықтарына қарай профиль пәндерді өте бастайды. Сол пәндердің әліпбиін меңгере алды ма? таңдаған мамандығына бейімі бар ма? түптеп келгенде ертең 4 жылды тек бір жапырақ диплом үшін емес, өз қалауы үшін оқуы тиіс қой.
Ал бір пән бойынша 1 айға жетпейтін уақыт ішінде білім деңгейі айтарлықтай өзгеріп кетеді дегенге сеніңкіремеймін. Сондықтан ҰБТ кезінде осы пәнді алып тастауды немесе алмастыруды ұсынамын.
жалаң #патриотизмненпрофессионализмге #ҰБТғаҰсыныс

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s