Атамекен табиғаты, анамдайсың


Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырып: «Атамекен табиғаты, анамдайсың!»

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:Қамқорлық,маңыздылық, сүйіспеншілік.

Бастауыш сынып мұғалiм: Шыныбаева А.Д.

Сынып: 2″Ә»

Оқушылар саны: 15 оқушы.

Сабақ мақсаты:

«Атамекен» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «табиғат» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

— атамекен табиғаты туралы түсінік беру;

-табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

-туған жердің табиғатын аялауға,сүюге тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар,

мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

-Біздің ұранымыз: «5т». (тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық)

2.Топтарға гүл түрлерімен бөлініп,қорғау.

а) Мұғалім:

-Менің алдымда жер анасының сыйы көктем гүлдері жатыр.Қазір әр қайсысың өздеріңе ұнаған гүлді алып өз орындарыңызға отырыңыз -дар.(Бәйшешек,сарғалдақ,қызғалдақ).

ә) Әр топ өзінің атауын қорғайды 1сөйлеммен айтады.

3.Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына ойша саяхат.»

(Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қойып, аяқтарын айқастырмай арқаларын тік ұстап отырады. Жайлы, баяу музыка ойнайды).

Мұғалім:

-Көздеріңізді жұмыңыздар және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жанжағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты, әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.»

Үнтаспа

Үнтаспа

4.Сұрақ-жауап:

-Балалар,сендер қандай сезімде болдыңыздар?

-Дельфинмен кездескенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем дегенде алдарыңа не елестетесіңдер ? -Жермен сырласа білесің бе? -Неліктен адамдар жерді анаға теңейді? -Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласыңдар?

-Туған жерді тағы қалай атауға болады? /Атамекен,Отан,Елім/

5.Р.Рымбаева орындаудағы «Атамекен» әнін тыңдату.

-Тыңдаған әндерің не туралы?

-Біздің Атамекеніміздің табиғаты несімен көрікті?

Оқушылардың жауаптары:

Біздің Атамекеніміздің табиғаты құсымен,тауымен,гүлімен,жан-жануарларымен көрікті.

6.Дәйексөз. «Атамекен аясы-адамның жан саясы.»

Дәйексөзді оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі .

«Ата-бабамыз ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс,қасиетті атамекен деп атайды.»

Үнтаспа

Халық даналығы

Бәріміз қосылып айту

2-рет ұлдарға,

2- рет қыздарға айтқызу.

7.Ойын: «Ормандағы аңдар»

Ережесі:

Суретте қай аң берілсе,оқушы сол аңның адамға ұқсас қасиеттерін атап шығады.Мысалы: арыстан-күшті,аңдар патшасы;

жолбарыс-жүректі;

түлкі-айлакер, ақылды;

қасқыр-ашушаң,қатал;

тиін-ақ көңіл

8.Әңгiмелеу (сұхбат). Бейнекөріністер көрсету.

«Табиғат-адамзатқа аманат»

-Табиғат сендерге несімен ұнайды? –Бұл жерді неліктен ғажап жер деп атаймыз? — Ал сендер Қазақстанның осындай көрікті жерлерін сақтауға қандай үлес қосар едіңдер?

9.Мұғалім:

-Атамекеннің тамаша табиғаты,кең даласы,толқыған теңізі,жасыл орманы,ұшқан құстары,жүгірген аңдары қашанда ата-бабаңа деген сағынышыңды басады.

10.Мұғалімнің сыйы.»Екі түп алма ағашы» (аңыз әңгіме)

Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі:

-Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екіншісі болса:

-Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, түптеу де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, дейді.

Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді.Адамдардар да оған аса мән беріп қарай бермейді.

Сұрақ-жауап

-Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз?

-Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?

Мұғалім:

-Дұрыс,балалар!Екінші ағаш өз орнын айтпады,білмеді.Оған бәрібір болды. Екінші ағаш-өзіне қиянат жасады.Ал,бізге бәрібір болмау керек! Әр баланың, адамның табиғатқа ,ортаға қиянат жасамау үлесі бар.

Балалар, ендеше бізде табиғатқа да , өзімізге де киянат жасамау керекпіз.Табиғатқа жанашыр,қамқор болайық, қиянат жасамайық!

Бейнетаспа

/мұғалім қоржыны/

11.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

1-топ. Егер мен мұғалім болсам, …..

2-топ. Егер мен депутат болсам,….

3-т оп. Егер мен орманшы болсам,….

Ойды жалғастыру

постер қорғау

12.Топпен ән айту.

Е.Хасангалиев «Атамекен» әні

1) Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны-ау деп білем.

Қ-сы Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің көзі ұясына,

Қимай оны батады екен.

2) Жасыл жайлау көкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын көп күлем.

Күннің нұры айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

3) Жасыл жайлау көкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын көп күлем.

Асқар тауым аспаны мен таласқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Үнтаспа
13.Үй тапсырмасы:

1.«Менің Атамекенім» тақырыбына шағын әңгіме құрау.

2.»Өс,ұлан!» өлеңін жаттап келесіңдер.

3.31сабақты қайталау.

Оқулық
14.Соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім:

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайла нып отырындар,көздеріңді жұмбасаңдар да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді бүгінгі сабақ туралы ойларымызды білді- рейік.

Тілектерін,ойларын

ағашқа ілу

Урок для конкурса 45 минут.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s