Тасбақа


Атырау қаласы, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның
орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Иманғалиева Айдана Жексенқызы

Сынып:4 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Тасбақа

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – аңдар туралы мәлімет беру. Оқушылардың білімдерін тереңдету, жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру;

ә) дамытушылық – сөздік қорды молайту арқылы байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сауатты жазуды қадағалап, дамыту;

б) тәрбиелік – оқушыларға қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, суреттер.

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

4. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

ІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сөздерді жазып,оқимыз. Осы жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем, сөз тіркестерін құрастырамыз.

Құм – песок

Серуендеу – прогуливаться

Көтеру – поднять

Ұнатады – любит лакомиться (питаться)

Құмды дала, серуендеуге шықтым, көтере алады, шөп ұнатады.

Мен кеше кұмда ойнадым. Саша отбасымен серуендеді. Ол үлкен сөмкені көтерді. Ол көкөністер мен жемістерді жегенді ұнатады.

Балалардан тасбақа туралы сұрау? Және тасбақаның суреттерін көрсету.

1-тапсырма. Оқыңыздар, біліңіздер.

Алып тасбақа

Ең ірі тасбақа Малайзияда. Оның салмағы 1,5 тоннадай. Олар құмға жұмыртқа салады.

Алматының хайуанаттар бағында салмағы бір центрнер тасбақа бар. Балалар тасбақа мініп, серуендейді. Ол үлкен адамды да көтереді.

Алып тасбақа көкөністі, жемісті, көк пиязды ұнатады. Ол сүт ішеді, 10 литрге дейін су ішеді.

2-тапсырма. «Тасбақа» сөзін септеу, тәуелдеу, фонетикалық талдау жасау.

3-тапсырма. Сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.

Ақылды гора

Мереке парк

Аударғанда одуванчик

Бақбақ умный

Тау праздник

Раушан сорока

Сауысқан в переводе

Саябақ роза

4-тапсырма. Сурет салу.

5-тапсырма. Оқушылар тақтаға ілінген ағаштан бір алманы алып, артында жазылған санды айтады. Сол санға байланысты оқушыларға сұрақ қойылады.

1. Ілік септігінің сұрағын айтыңыз. 2. «Мектепке» сөзі қай септікте тұр? 3. «Т» әрпіне фонетикалық талдау жасаңыз. 4. «Аспаз» сөзінің аудармасы. 5. Шығыс септігінің сұрағын атаңыз. 6. «Мороз» сөзінің аудармасы. 7. «Тасбақамен» сөзі қай септікте тұр? 8. «А» әрпіне фонетикалық талдау жасаңыз. 9. «Президент» сөзінің аудармасы. 10. «Әуежай» сөзінің аудармасы. 11. «М» әрпіне фонетикалық талдау жасаңыз. 12. «Құмға» сөзі қай қай септікте тұр? 13. Қазақ тілінде неше септік бар?

6-тапсырма. Диалогті достарыңызбен оқыңыздар.

Ринат пен Сережа хайуанаттар бағына келді.

— Ринат, мынау не?

— Бұл – тасбақа.

— Ол қандай тасбақа?

— Оның салмағы неше тонна?

— Оның салмағы 1,5 тонна.

— Алып тасбақа не жейді?

— Олар көкөкністерді, жемістерді жейді.

— Олар не ішеді?

— Олар сүт, су ішеді.

— Өте қызық екен!

— Иә, өте қызық.

ІІІ. Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Қай тапсырма сіздерге қиындық келтірді және оңай түскендері қайсысы?

ІV. Үй тапсырмасын беру

5-тапсырма 182-бет. Үлгі бойынша жазу.

V. Бағалау

Prezentatsia1.ppsx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s