МЕКТЕПТЕ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХИ МАҢ ЫЗЫ


Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№27 ЖОББМ» КМM

Кемербаева Гүлнұр Амантайқызы. Тарих пәнінің мұғалімі

Соңғы 22 жылда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихына айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар алда атқарылған істер де ауқымды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жолдауы «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген атпен жарияланды. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай Қазақстан әлімнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы», — деп атап көрсетті. Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында Қазақстан дамуының жаңа кезеңі – экономиканы нығайту, халықтың әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты міндеті екенін атап көрсетті.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін іске асыруда қазақстандықтар, әсіресе, жастардың жасампаз еңбектері, күш- жігері мен білімдері қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның өскелең дамуының тұтқасын ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Міне, осындай аса маңызды міндеттерді оқушыларға түсіндіруде мектептегі қоғамдық – гуманитарлық пәндердің орны ерекше.

Осындай маңызды міндеттердің бірі – Қазақстанның болашағы. Оның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының басты кепілі саналатын жастар бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу болып табылады. Өскелең ұрпақ бойына елжандық, патриоттық сезімдерді сіңіруде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Жалпы білім беретін мектепте оқып-үйретудің орны ерекше. Осы Жолдаумен оқушыларды таныстыра отырып, елінің жарқын болашағы үшін адал еңбек ету, сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу еліміздің әрбір азаматының басты мақсаты. Отанымыздың күш-қуатын нығайту, көркейту, ғылымды ілгерілету, экономиканы дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу, еліміздің қазіргі жетістіктерін одан әрі арттыру бүгінгі оқушы жастар үлесінде екендігін атап айтқан жөн. Қазақстанның әлемдегі табысы жоғары елдердің қатарына қосылу міндеттерін іске асыруда қазақстандықтар, әсіресе жастардың жасампаз еңбегі, күш – жігері мен білімі қажет.

Елбасы: «Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда және одан әрі жасай беретін болады», — деп ерекше тоқталды. Бүгінгі таңда Қазақстанның өскелең дамуына бағытталған барлық істерге жастар қолдау көрсетіп, белсене қатысып, дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімделуі тиіс. Демек, өскелең жас ұрпақ өз елін сүйетін патриот, бәсекеге қабілетті болуы қажет. Міне осындай аса маңызды міндеттерді жастарға түсіндіру. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларымен оқушыларды жан-жақты таныстыруды, еліміздегі қайта құрулар, эканомиканы дамытудағы стратегиялық бағдарлар, қоғамның білім беруге қойылатын жаңа талаптарын түсінуге септігін тигізеді.

Қоғамдық пәндер саласындағы тарих сабағы оқушылардың өткен кезеңнің ұлы істерін басынан кешіріп, саралауына, өткендігі игі жақсының бәрін пайдалануына көмектесуге бағытталады. Жас ұрпақты адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктерді мирас етіп, оларды еселеп бере алатындай жағдайда тәрбиелеу – салауатты қоғамның мәңгіден келе жатқан тілегі. Ал, бүгінгі жаһандау дәуірінде өмір сүру үрдісін ойлау мен қарым- қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай – ақ адамның интеллектісіне, оның икемділігіне, жасампаздық іс – әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның басты капиталы бола бастады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы мен қарқынды дамуының және қоғамды жаңаша реформалаудың нақты стратегиялық, концептуалдық үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап, саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер.

Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол – қазақстандық жолды қалыртастырды.

Елбасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің бай тәжірибесін таразылай отырып, тәуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылуының бірден-бір дұрыс жолын нұсқап және жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып, оны жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында егжей-тегжейлі баяндап келеді. Сонымен бірге Президент тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу міндетін де ұлт зиялыларының алдына талап етіп қойды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың 1997 жылы жария еткен «Қазақстан — 2030» стратегиялық даму бағдарламасының, жыл сайын Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауының басым бағыттары мен міндетттері тек бір жылғы дамуды ғана емес, дамудың келешегі жөнінде де айқындап, болашақтың бағдарына бастама болды. Біздің қоғамда сергек азаматтық позициясы, тарихи және қазіргі замандағы кең дүние танымы бар, өз еркімен және мемлекет тұрғысынан ойлай алатын және болып жатқан істерге жауап бере алатын, өзінің рухани және басындағы күш-қайратын шығармашылықпен еңбек етуге жұмылдыра алатын адам қажет. Міне, сондықтан қоғам талабына сай адам тәрбиелеу – біздің бүкіл педагогикалық жұмысымыздың іргетасы болмақ. Тарих пәні оқушыны үйлесімді ойға жетелеп ұлы істерге ат салысуға, Отанын, қоғамға қызмет етуден өмірдің биік мәнін бейімделуі тиіс. Әсіресе, жылдам өзгермелі қоғамда әлеуметтік және эканомикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқап, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Соған орай Елбасының биылғы Жолдауында Қазақстанның өрлеуінің бірнеше бағыты берілген. Біздегі әрбір оқушының санасы мен болмысының сәйкестігі басқа да гуманитарлық білімдер сияқты тарих пәнін оқытудың да түпкі нәтижесі болуы тиіс. Ал, қоғам тарихындағы эволюция тәрізді негізгі болып жатқан құбылыстар мен ұғымдарды оқушының жас ерекшелігіне сай меңгерте білу – әрбір педагогтың міндеті. Тарих пәні ойға бағындырылған. Оқушылырдың Жолдаудағы қордалаған мәселелерді тарих пәні сабағында, факультативтерде, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында тақырыптарға бөлу негізінде сұрақтарға жауаптар әзірлеу, өз беттерімен талдау, өзіндік азаматтық позициясын қалыптастастыруға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану тиімді. Тарих – тек арғы немесе кешегі күн ғана емес, бүгініміз де. Өткенді жақсы біле тұрып, біз қазіргіні де жақсы түсінеміз және болашақты да көз алдымызға елестете аламыз. Яғни, сабаққа үнемі қазіргі заманды енгізіп отырудың, тарихты біздің дәуіріміздідің рухында өткізудің қажеті бар. Ең бастысы – пән мұғалімінің ұйымдастыру шеберлігі оның білігі мен біліміне байланысты, өз шәкірттері ғылымға сусындатудың сипатында жатыр. Білім берудің моделі берік негізді болу үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және отансүйгіштік идеяларын, басқа халықтарға деген ізгі көзқарасты сіңіру қажет. Сонымен, еліміздің бағыт – бағдарын айқындайтын, мақсат пен міндеттерден тұратын Жолдаудың мемлекеттің еркін ойлы азаматын қалыптастырудағы тарих пәнінің маңызы зор екенін ескере келе, оны оқыту мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Ұрпағымызды парасатты, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, ибалы да инабатты, қайырымды, ұлтжанды ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне бағыттауымыз керек. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған тұлғаның өз бетімен дамуын өзі басқаруына қолайлы жағдай жасау- бүгінгі мектептің негізгі міндеті. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздар қауымына байланысты. Іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушының сапалы біліммен қарулануына басшылық ете алады. Осы орайда қазіргі заманғы білім бәскелестігінде екі негізгі мәселе айқындалған: біріншісі – білімнің сапалы іргесін қалап, сол арқылы үздіксіз білім беру, екіншісі – заман ағымынан қалмай адамның өмір бойы өз бетімен білім алуына қолайлы жағдай туғызу.

Қазіргі таңда әрбір педагог баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқысада, қай жаста болса да, өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсат деп санайды. Сондықтан өзіне айналасындағылардан дұрыс бағдар беретін ақыл – кеңес күтеді.

Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны қалыптастыруда осындай оқытудың әдіс – тәсілдерді қолданудың маңызы зор екені байқалады.

Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жаңа педагогтардың саны арта түсер еді. Сөзімді ұлы ғұлама Летурно сөзімен қорытқым келеді: «Егер сен тәнді шынықтыру, ерік – жігерді шыңдау, жүректі ізгілендіру, ақыл – ойды жетілдіру және сана сезімді теңестіру әдістерін білетін болсаң, онда сен – нағыз ұстаз, тәрбиешісің».

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s