Алматы қаласының суларын балдырлар арқылы тазал ау жолдары


Алматы қаласы Жетісу ауданы №148 гимназияның

9 сынып оқушысы

Жақсымбекова Зарина

Ғылыми жетекшісі: Кадирханова Алия

Алматы қаласы суларының экологиялық жағдайын зерттеуде және оның жағдайын төмендету үшін табиғатты қорғау шаралары жүзеге асырылуда:

көшелерді жүйелі түрде жасылдандыру, шаңды гидробасу (суландырғыш машиналар), жүктемесі жоғары қиылыстарда транспорттық жолдар ашу және т.б.

Гидросфераның жағдайына келер болсақ, Іле өзеніне құятын Алматы қаласының өзендерінен алынатын сулар жоғары деңгейдегі ластанғандығымен ерекшеленеді, әсіресе ауыр металдармен ластанған.

Алматы қаласының территориясы арқылы Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендері ағып өтеді. Бұл өзендерге қала шегіндегі бір қатар кәсіпорындардың құбырлары арқылы ақаба сулар төгілуде. Есентай өзені Үлкен Алматыға құяды, одан әрі Қаскелен және Ілеге құяды, Кіші Алматы өзені Қапшағай суқоймасына құяды.

Осы өзендердің суларына ұйымдастырылмаған және тазартылмаған жеке тұрмыс секторының және көптеген автокөлік жуғыш орындарының, қоғамдық тамақтану орындарының және басқа да кіші бизнес объектілерінен сулар төгіледі және осы төгінділерге ешбір бақылау жүргізілмейді. Облыс аймағында полиметал кен орны, қоңыр және қара көмір, жанғыш сланцалар, вольфрам және молибден кен орны, әктас, кварцалық құм, гипс, гончарлық және отқа төзімді батпақтар бар.

Ластанған сулардың таралу үрдісінің көп қырлылығы, су объектілерінде ластағыш заттардың өзгеруі және өздігінен тазалана алуы, антропогендік әсерге ұшырап отырған өзен және суқоймаларда су сапасының түзілуі мәселесінде қазіргі кезге дейін бір шешімін таппай келуде. Сонымен қатар, бұл өзендердің суларына ұйымдастырылмаған және тазартылмаған жеке тұрмыс секторының және көптеген автокөлік жуғыш орындарының, қоғамдық тамақтану орындарының және басқа да кіші бизнес объектілерінен сулар төгіледі және осы төгінділерге ешбір бақылау жүргізілмейді. Сулылығының сипаттамасы. Жылдың суық мезгілдерінде Іле Алатау өзендерінің су шығыны жылы айлармен салыстырғанда 15-20%-ға дейін төмендейді. Трансшекаралық су ағындары бойынша беттік сулардың ластану деңгейі кешенді түрде судың ластану деңгейінің (СЛИ) мөлшері бойынша бағаланады. Бұл көрсеткіш беттік сулардың сапасының өзгеру динамикасын анықтауға және салыстыруға пайдаланылады.

Зерттеу материалдары және әдістері. Зерттеу объектісі ретінде Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендері алынды. Сынамаларды өзендердің әртүрлі нүктелерінен алдық. Беттік сулардың сапасын зерттеуге алынған өзендер (Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай) мысалында кешенді сапа көрсеткіші – судың ластану индексі (СЛИ) анықталды. Судың сапасына бірқатар табиғи және антропогендік факторлар әсер етеді. Табиғи факторлардың ішінде өлшенбелі заттардың түзілімдерін, әсіресе таулы аудандар өзендерінде, қатты жауын-шашындардан кейін және өзендер арнасындағы топырақ жыныстарының түріне байланысты судың минерализациясын жеке қарастыруға болады. Антропогендік факторларға ақаба суларды периодты түрде төгу, жауындық ағындар, су қорғау зонасы және арнасының тұрмыстық қоқыстармен, органикалық заттармен және мұнай өнімдерімен ластану жатады.

Судың сапасының кешенді көрсеткіштеріне келесі көрсеткіштер жатады: иісі, түсі, мөлдірлігі және т.б. жатады. Иісін анықтау. Иістің сипатын қабылдайтын иіс арқылы анықтаймыз (топырақтық, хлорлық, мұнай өнімдік және т.б.).

Анықтау әдісі. Шыны колбаға 100 см3 суды өлшеп аламыз, кейін колбаның ауызын шыны табақшамен бекітіп, сулы баняда 50-60°С дейін қыздырамыз. Колбаның ішін бірнеше рет араластырамыз, кейін шыны табақшаны ысырып бірден иісінің сипатын және иіс жиілігін бес балдық жүйемен анықтаймыз. Иістің сипатын қабылдайтын иіс арқылы анықтадық (топырақтық, хлорлық, мұнай өнімдік және т.б.) және иістің сипатын балдық жүйемен және интенсивтілігін бағаладық.

Зерттеліп отырған сынамаларда келесі көрсеткіштер анықталды: Үлкен Алматы өзенінің сынамаларында: иістің интенсивтілігі – жоқ, иістің көрініс беру сипаты – байқалмайды, иістің интенсивтілігінің бағасы – 0-1 балл. Есентай өзенінің сынамаларынан: иістің интенсивтілігі – әлсіз, иістің көрініс беру сипаты – әлсіз шөптік-топырақтық, иістің интенсивтілігінің бағасы – 2 балл. Кіші Алматы өзенінің сынамаларында: иістің интенсивтілігі – әлсіз, иістің көрініс беру сипаты – әлсіз шөптік, иістің интенсивтілігінің бағасы – 2 балл.

Мөлдірлігін анықтау. Мөлдірлігін су сынамаларын аларда бірден анықтадық. Судың мөлдірлілігін фотометриялық әдіспен су сынамасын дистилденген сумен салыстыра отырып анықтадық. Тексеру үшін біз жасыл жарық фильтрлі (λ=530 нм) фотоэлектрокалориметр (ФЭК) және қалыңдығы 50 немесе 100 мм болатын қалыңдықтағы жарық жұтқыш кюветаны пайдаландық. Талдауды жүргізу. Бір кюветаға су сынамасын, екіншісіне дистилденген суды алдық, ол λ=530 нм кезінде ФЭК-та бақылау сынамасы болып табылады. Мөлдірлігінің құрамын мл/дм3 өлшемінде градуиндық график арқылы немесе формула бойынша есептеп шығаруға болады. С=D : 0.008 мұндағы С – судың мөлдірлігі, D – ФЭК бойынша анықталған оптикалық тығыздығы. Зерттеу жүргізу нәтижесінде келесі көрсеткіштер алынды: Үлкен Алматы өзенінің су сынамаларының мөлдірлілігі 2,42 мл/дм3 тең, ол СанПин 2,5 мл/ дм3 көрсеткішіне сәйкес. Есентай өзенінің су сынамаларының мөлдірлілігі 2,45 мл/дм3 тең, ол СанПин 2,5 мл/дм3 көрсеткішіне сәйкес. Кіші Алматы өзенінің су сынамаларының мөлдірлілігі 2,5 мл/дм3 тең, ол СанПин 2,5 мл/ дм3 көрсеткішіне сәйкес.

Зерттеліп отырған беттік сулар сынамаларының құрамындағы ауыр металдар. Зерттеу объектілерінен алынған сынамалардың құрамындағы ауыр металдардың мөлшері келесі кестеде көрсетілген. Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендеріндегі суларындағы кейбір химиялық заттардың мөлшерінің концентрациясы ғана ШРД-дан артады. Үлкен Алматы өзенінің сынамасында кадмийдің концентрациясы 0,0061±0,003 мг/л құрайды және ШРК-дан 6 есе артқан. Мыстың концентрациясы бойынша барлық зерттеу сынамаларында ШРК деңгейінен артқаны байқалады: Үлкен Алматы өзенінің сынамасында мыстың мөлшері 0,0201±0,003 мг/л құрайды және ШРК-дан 20 есе артқан. Есентай өзенінің сынамасында мыстың мөлшері 0,0191±0,003 мг/л құрайды және ШРК-дан 19 есе артқан. Кіші Алматы өзенінің сынамасында мыстың мөлшері 0,03±0,008 мг/л құрайды және ШРК- дан 30 есе артқан. Бақылау зонасындағы сынамаларда ШРК деңгейі аспаған. Әдеби көздерге жүгінсек, мыстың табиғи суларға түсуі, химиялық кәсіпорындардан, металлургиялық өнеркәсіптерден, альдегидті реагенттерден келетін ақаба сулар себеп болып табылады. Мыс сонымен қатар мыс құбырларының корро¬ ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. №1/1 (43). 2015 104 Алматы қаласы беттік суларының экологиялық жағдайын зерттеу зияға ұшырауының нәтижесінде болады. Жерасты суларында судың тау жыныстарымен байланысынан да болады. Зерттеу барысында әртүрлі деңгейдегі ластанулар анықталды. Беттік сулардың сапасы бойынша зерттелген өзендер орташа ластанған деген тұжырымға келуге болады.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ОҚУШЫ ЖАҚСЫМБЕКОВА ЗАРИНА .docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s