Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасы тәрби енің ұясы»


«Свободный орта мектебі «КММ

Өткізген: Т .Ержан

Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасы тәрбиенің ұясы»

Жиналыстың мақсаты:

  • Ата — ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктерін білу арқылы бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін білу.

Күтілетін нәтижесі:

  • Ата — ананың өз баласын тәрбиелеудегі қарым — қатынасы туралы түсініктерін біледі. өз отбасындағы тәрбиесі өнегесі, баласының басты ұстазы екенін біледі.

Көрнекілігі: слайд, сергіту сәті, анкеталар, бейнеролик қанатты сөздер(«Отбасы –тәрбиенің басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман болса бала –солардан»,

Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ-жауап,

Күн тәртібі:

1.«Отбасы тәрбиенің ұясы» атты коучинг

2. I-тоқсанның қорытындысы, әртүрлі мәселелер. (оқу үлгерімі жайлы, оқу қарқыны жайлы,күнделік тазалығы, қол қоюы, сабаққа кешігіп келмеуі, себепсіз сабақтан қалмауы. Кружоктарға міндетті түрде қалмай қатысуы. Мектеп бойынша сыныптың рейтингісі, мектеп формасы,МАБ (мемлекеттік аралық бақылау), әкімшілік бақылау қорытындысы.Қауіпсіздік ережелер.қысқы температуарлық режім,ұялы телефон.

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Барысы.

Кезеңдері Мұғалімнің іс -әрекеті Ата- ананың іс әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Топқа бөлу.

Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Біздің кезекті жиналысымызға қош келдіңіздер! Сіздерге денсаулық, отбастарыңызға табыс тілеймін.

Барысы:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрып үлкен шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Құрметті ата-аналар мен сіздерге көкеністер беремін, сол көкеністерден қандай салатты жақсы жасайсыз соның атын атайсыз. Мысалы: Мен сәбіз қосылған қырыққабат салатын ұнатамын, десем кімнің қолында сәбіз бен қырыққабат бар сол аналар орындарын ауыстырады, ортадағы тұрған ойын жүргізуші де, өзіне орын таба қояды.

Жақсы рахмет енді орнымызға жайғаспас бұрын өздеріңізге ұнаған түстерді таңдап орындарыңызға отыруларыңызға болады. Енді осы парақшалармен ұшақ жасап, әр қанатына тілектер жазып бір бірлеріңізге ұшырасыздар.

Түрлі түсті ұшақтар бойынша топқа бөлінеді.

Алдымен таңдаған ұшақтар бойынша мінездемелерін оқиын:

Көк ұшақ тобы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.

Сары ұшақ тобы – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.

Амандасады

Шеңберге тұрып тренинг жасайды.

Топқа бөлініп, мінездемелерін тыңдайды.

Тілектерін қолдарындағы жасаған ұшаққа жазып бір біріне ұсынады.

Кіріспе сөз: Баяндама: Ардақты ата-аналар! Қай елде , қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушыда – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады) Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен.

Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәулігіне 8 сағат мектепте, 16 сағат өз отбасында тәрбие алады. Менің ойымша отбасы – бұл махаббат үйі , ал бала – бақыт. Сондықтан ата-ана сіздің махаббатыңыз балаңыздың өмірге деген құштарлығына жол ашады.слайдта

Тыңдайды.

.

Видеоролик Оқушылардың мектеп өміріндегі көріністері.
Топтық жұмысСитуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету. Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

I-топ Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан «үштік»баға алған бала мен ата ананың диалогі

II-топ Балаңыз біртүрлі көңіл күйде мектептен келді. Түскі асқа да зауқы жоқ, алаңдаулы. Сіз әдеттегідей сумкасын ашып күнделігін қарамақ болдыңыз,

Қорытынды: Үздік оқыған оқушылардың ата аналарын марапаттау.

I-тоқсан бойынша оқушылардың мониторингі.

Рефлексия Ашық күн, (ұнады) Бұлттан шыққанкүн,(жартылай ұнады) Бұлтты күн( ұнамады) Стикерлерін жазып кері байланыс жасайды. .

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s