Қазақ тіліндегі афоризмдерінің қалыптасуы мен д аму жолы


ҒАлматы қаласы Түрксіб ауданы

№142 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы

Әбдіхалықова Айгерім

Ғылыми жетекшісі: Алматы қаласы Түрксіб аудангы

№142 жалпы білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жексембиева Майнұр

Жазба ежелгі жәдігерліктерде, тарихи-мәдени жазбаларда сақталған көрнекті тарихи тұлғалардың қанатты сөздері, афоризмдік-поэтикалық мағыналылығы айқын үлгілер сөз болады.

Қазақ афоризмдері – әлем өркениеті кеңістігінде де өзіндік тұғырымен танылып келе жатқан рухани құндылық. Б.з.д. Үғ.-ҮІІғ. шамасында өмір сүрген Анақарыс (Анахарсис) бабамыздың еуропалық ғылыми және әдеби шығармашылық ортаға танымал болған ақыл-ой алыбы тұғырындағы тұлғасы оның афоризмдері арқылы да мойындалған. Ежелгі замандағы скиф, сақ, ғұн дәуірлеріндегі біздің арғы қазақ бабаларымыздың ұрпақтарды отаншылдық, азаматтық ұстаным беріктігіне, өмірді мағыналы-мәнді сүруге баулуында атамекенді, Атажұртты сақтау, ұрпақтардың ататекті, әулетті, туған Отанды ұлықтауы сынды өрелі ойлары афоризмдер арқылы байыпталды.

Арғы қазақ ата-бабалар ақыл-ойларының азаматтық-отаншылдыққа, жауынгерлік-қаһармандық рухқа баулуындағы ой-тұжырымдары афоризмдерде айқын өрнектелген.

Әлем халықтарының фольклор мұралары мен әдебиет шығармалары жүйесіндегі өзіндік орнымен бағаланатын афоризмдердің анықтамасы да ежелден бергі тарихы бар екендігін аңғартады:

«Афоризм (грек. аphorismos) – изречение, выражающие в лаконичной форме обобщенную, законченных мысль»[9,с.9].

Бұл – дүниежүзі тарихындағы афоризмдер қолданысының тарихи-мәдени қызметін айғақтайтын анықтама.

Афоризмдермен мәндес, тектес қанатты сөздердің өзіндік анықтамасы бар:

«Крылатые слова меткие выражения, часто краткие, цитаты и афорихмы, получившие широкое распростанение в живой речи на правах пословиц и поговорок»[9,с.661].

Қанатты сөздердің ерекшелігі афоризмдік нұсқасымен ауызша сөйлеу жүйесінде белсенді қолданысқа түсуімен ерекшеленеді. Бейне бір қанатты құстардай, сұңқардай ел мен жерді, халықтарды аралап, тілден тілге аударылып, ұрпақтан ұрпаққа жететін эстетикалық болмысымен айқындалады. «Әдебиеттану. Терминдер сөздігіндегі» анықтама да нақыл сөздің афризмдік тектестігін дәлелдейді: «Нақыл сөз – даналық қорытындыға құрылған мейлінше жинақы әрі мағыналы сөз.» [6,146-б.].

Сақтардың эпикалық дастандарындағы («Күнге мадақ», «Томирис», «Шырақ», «Алып Ер Тоңға»,т.б.) сюжеттік-композициялық желілеріндегі эпикалық баяндауларда, лирикалық-дидактикалық толғаныстарда фразеологиялық тіркестердің афоризмдік мағыналық сипатпен жырлануы да қолданылған. Мысалы, «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» жырындағы нақыл сөздердің тәрбиелік-мағыналық ерекшеліктері әсерлі:

«Замана мені тебірентер, пенденің күшін кемітер»,

«Тау қойнауы жыртылар», «Қайғылы жүрек жыртылды-ау», «Сұм ажал бүгін жылатып, құрығын салып құлатып», «Өмірдің күні зырлайды, адамның күшін ұрлайды, ғұмыр да мәңгі тұрмайды», «Тәңірім торын құрғанда, тұтылмай адам тұрған ба?» , «Ажалмен Тәңірім сынаған, тұра алар қарсы кім оған, құздар да одан құлаған», т.б. [5,-34-35-бб.]

Осы алынған афоризмдердің негізгі тақырыптық-тәрбиелік мәні – өмір үздіксіз қозғалыста, өмір бар жерде өлім бар деген қағиданы асте шығармауды ұсынады. Тәрбиелік мәніне келер болсақ, бес күндік өмірде бір-бірімізбен сыйласып өтуге, қадір-қасиетімізді жоғалтпай барымызды бағалай білуге, ажал айтып келмейтінін және жер басып жүргенде тіршіліктің, жақын адамдарымыздың қадірін білуге, өмірдің өзі пендеге сынақ ретінде берілгендігін жете түсінуге тәрбиелейді.

Қазақ афористикасының алғашқы көрнекті үлгілері қатарында ғұндардың батырлар жырларындағы («Оғыз қаған», «Аттила», «Көк бөрі», «Ергенек»), Түркі өркениеті жәдігерліктеріндегі («Күлтегін», «Тоныкөк») афоризмдерінің үлгілері де көркемдік-эстетикалық дүниетаным ұлағатын айғақтайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының анықтамалығында [6] да көркемдік дәстүр жалғастығын негізге алу назарға алынған.

Түркі өркениеті жазба жәдігерліктеріндегі афоризмдер

— қазіргі қазақ және туысқан түркі тілдес халықтарға ортақ мұралардағы афоризмдер үлгілері ретінде қарастырылады. Б.з.д.Vғ.-VIIғ. –дағы ойшылдар Анақарыстың (шамамен б.з.а.620-б.з.д.555), Тоқсарының (II ғ.), Тоныкөктің (Тоң-ұқық,646-738), Білгенің (Мерген,684-734), Күлтегіннің (685-731) афоризмдері – түркі өркениетінің кейінгі әдеби-мәдени дамуға көркемдік негіз болған көрсеткіштері.

Қазіргі кездегі біздің ата-бабаларымыздан қалған ең ерте жазу үлгілері Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазу үлгісі қалғаны белгілі. Сол жазу ескерткіштерінің арасынан бізге жеткені Білге қаған мен оның бауыры, қолбасшы Күлтегіннің құрметіне тасқа қашалып жазылған жазбалар (б.д. 732ж.). Ұлы Түрік қағанаты (VI-IX ғ.ғ.) уақытысынан бастап Қазақстанның тәлім-тәрбиедегі этностық ерекшеліктері айқын көріне бастады. Орхон-Енисей бойынан табылған тас жазулары ұлтымыздың арғы тегіндегі жазу мәдениетінің белгілерін ғана көрсетіп қоймай, Білге қаған, Күлтегін батырлар мен ақылгөй Тоныкөктің сөздері арқылы қазіргі Қазақстанның сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі үлгі-қайнар көзін байқаймыз, ауыз әдебиетінің өнегелі үлгілері сол үрдістермен ұштасып жатқанын көреміз. Орхон, Енисей жазба ескерткіштерінде Түркі қағанатының көрнекті мемлекет қайраткерлері Білге қаған, Тоныкөк сияқты ержүрек қолбасшылардың ел-жұртын қорғап басқарудағы ерлік істері мен өнегелі қызметі дәріптеледі. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардың жастарға, кейінгі өскелең ұрпаққа лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастау түрінде берілуімен тәрбиелік мәні орасан зор. Күлтегін мен Тоныкөк бейнесі арқылы ақылдылықты, батырлықты, данышпандықты, қайсарлықты, адалдықты, табандылықты дәріптейді, бұл ескерткіштердің мазмұны тұлғаның бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыру жақтарын жан-жақты қарастырған.

«Үзе көк теңрі, асра йағыз йер

қылынтуқда, екін ара кісі оғлы қылынмыс»,

«Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған» деп адамзаттың кеңістіктегі орнын тәңір» мекені «Көк» пен адам мекені «Жердің» аясын көрсетіп, біздің діни-философиялық ойымызды толықтыра түседі.

«Ечүміз, апамыз тұтмыс йер-суб ідісіз болмазун тійін, аз будуңығ ітіп, жаратып…», аудармасы:

«Ата-бабамыз ұстаған жер-су иесіз қалмасын деп,

аздарды халық етіп құрап…» деген нақыл сөздерден туған жерді қорғау, оған құрметпен қарай отырып, ата-бабамыздың қалдырған жерін, мұрасын иесіз қалдырмай ұрпаққа мирас етуге тәрбиеленеміз.

«Қанұм қаған сүсі бөрі тег ерміс, Йағысы қоң теге ерміс.

(Әкем қағанның әскері бөрідей болыпты, жаулары қойдай болыпты)» деген афоризмдегі бөрі, қоң (бөрі, қой) сөздері түркілік рухты, тұрмыс-тіршілікті, ойлауды білдіре келіп, ислам діні бойынша бабаларымыздың тәңірге табынып, көк бөріні пір тұтқанын көрсетеді.

«Тағдырды тәңір жасар», -деген күлтегін ескерткішіндегі афоризм де адам тағдырының тәңірден екенін сезініп, ислам дінін жоққа шығармауға тәрбиелейді. [27,28]

Адамзат ақыл-ойының көркемдік сипатпен жинақталып, тыңдаушыларға да, оқырмандарға да ықпал етуі – ұрпақтардың қалыптасуына да, дамуына зор әсер етіп келе жатқан құбылыс. Ежелгі заманғы тайпалық бірлестіктерден бастап, кейінгі заманғы халық, ұлт болып ұйымдасқан, дербестенген кезеңдерге дейінгі жолында табиғи таланты, дарыны дараланған көрнекті тұлғалардың, қайраткерлердің (хандардың, би-шешендердің, ақын-жыраулардың, батырлардың, т.б.) ауызша айтып, халықтың көңіліне ұялап, кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұласып келе жатқан қанатты сөздері, нақыл-өсиеттері афоризмдер аясында танылып бағаланып келеді.

Орта ғасырлардағы, Қазақ хандығы дәуіріндегі афоризмдер

— бөлімшесінде туысқан түркі халықтарына ортақ рухани құндылықтар қазынасы құрамындағы мұралардың афоризмдері жинақтала қарастырылады. Қорқыт Атаның (VIIIғ.), Әбу-Нәсір Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның (1015-?), Махмұт Қашқаридың (1029-?), Қожа Ахмет Иасауидің (1103-1228),Құтыптың (?-1341), Ахмед Иүгінекиидің (XII-XIIIғғ.), Саиф Сарайдың (1321-1396), Майқы бидің (XII-XIIIғғ.), Жиренше шешеннің афоризмдері де мазмұн мен пішін поэтикасы заңдылықтары бойынша бағаланады. Ата-бабалар мен кейінгі ұрпақтар сабақтастығы жалғастығы жүйесінде туған жерін, атамекенін, отбасын, Отанын, ділін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ардақтау ұстанымындағы афоризмдер аталған кезең тұлғаларының халықтық эстетика аясындағы шынайы көзқарастарын танытады.

Қазақ афоризмдерінің арғы, әуелгі бастауында тұрған Анарыстың (Анахарсис), Қорқыт Атаның, Әбу Насыр әл-Фарабидің және т.б. аса көрнекті сөз өнері алыптарының афоризмдерінің [6,7,8]кейінгі дамуға негіз болған ықпалдылығын, өнегелілігін айтамыз[9,10,11,12].

Қазақ афоризмдерінің арғы бастауында тұрған Қорқыт Атаның нақыл сөздеріндегі ой желілері халқымыздың ежелгі замандардан келе жатқан ақыл-ойына тән қуаттылықты аңғартады.

Афоризмдер адамдардың өмір тәжірибесіне ақыл-ой даналығы тұжырымдары, психологиялық қисындар мен логикалық үйлесімдеріне негізделген түйінделген ойлар қорытылады. Ежелгі замандардағы ойшылдар да, берідегі би-шешендер де, кейінгі ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазбаша әдебиет қаламгерлері де осындай мағыналы сөздер шоғырын қалыптастырды. Мысалы, «Қорқыт Ата кітабы»[7] атты түркі халықтарының ортақ жазба құндылықтары нақылдар, афоризмдер арқылы біздің халқымыз даналығының қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ақыл-ой

санасының тереңдіктерімен, кеңдігімен, биіктігімен үндестігіне, деңгейлестігіне көз жеткізуге болады.

Аталған тарихи тұлғалардың афоризмдеріндегі дидактикалық-философиялық, педагогикалық-психологиялық сарынды көркемдік өрнектердің ұрпақтар дүниетанымын байытудағы тәлімдік-тәрбиелік, эстетикалық ықпалы мол болды. Бұл – қазақ және туысқан түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан шығармашылық ықпалдастығының негіздері.

Қорқыт Ата, Анақарыс (Анахарсис) және олардан кейінгі ойшылдардың даналық афоризмдеріндегі ойлардың қазіргі заманғы ғылыми анықтамаларға сәйкес тұжырымдарымен дәйектейміз:

Нақыл сөздерді шартты түрде:

а) Отан мен халыққа, дәуірге қатысты;

ә) оқу-білім, ғылым-өнерге;

б) ақыл-парасат, ұлттық мұрат, арман-тілекке;

в) адамгершілік қасиеттерге;

г) достық, махаббат, ұрпақ сабақтастығы, уақытқа, мінез ерекшеліктеріне байланысты деп бөлуге болады.

Нақылда аз сөзбен ордалы ой беріледі, олар өлең түрінде де, қара сөз қалпында да кездеседі. Нақылдың алғашқы сөздік түзілімі көп өзгеріске ұшырай бермейді[13,11-б.].

Қорқыт Атаның нақылдарында адам мен табиғат сабақтастығы баяндалған.

«Сайдың шөбін жеккен білер,

Түздың шөбін бөккен білер».

«Иесінің иісін ат білер».

«Жүктің ауыр-жеңілін есек білер».

Осы берілген нақыл сөздерді оқи отырып кез келген нарсенің, орындалатын іс-әрекетіміздің нәтижесі мен қадірін сол іске жауапты адамның өзі ғана түсініп, қорытынды жасай алатынын байқауымызға болады.

Аласа жерге салынған Алланың үйі – Меккеге – құрмет!

Мұнараға шығып азан оқығандарға – құрмет!

Тізелерін бүгіп, намаз оқыған жандарға – құрмет!

Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға – құрмет!

Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп тойғызған асыл аналарға – құрмет!

Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға – құрмет!

Берілген Қорқыт атамыздың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәніне тоқталатын болсақ, ислам дінін дәріптеу, шариғат тұрғысынан адам баласына парыз етілген міндеттерді толық орындауға және оны орындаған жандарға құрмет көрсетуді парыз ретінде көрсетеді.

«Қызы анадан үйренбей өнеге алмай, ұлы атадан үйренбей сапар шекпес» деген нақыл сөзінің де тәрбиелік маңызы ерекше. Себебі, қазақ халқы қыз баланы қонақ, өрісін ұзартатын жан ретінде бағалап, оң босағасынан орын беріп тәрбиелеген. Сондықтан да кішкентай кезінен бастап, анасы отбасылық өмірге тәрбиелеген. Қорқыт атамыз осылайша өнегесі аз, тәлім-тәрбие көрмеген ұл менен қыз өмірде де көздеген мақсатына қол жеткізе алмайды деген тәрбиелік мағынасы бар нақыл сөз қалдырған.

Қазақ сөз өнерінің алтын желісі боп саналатын ұлттық көркемдік ойлау биіктігін айрықша даралап танытқан кезеңі – Алтын Орда (XII-XIVғғ.), Қазақ хандығы дәуірлеріндегі (XY-XYIII ғғ.)би-шешендердің, жыраулардың шығармаларында афоризмдер мол орын алды. Асан Қайғының (Асан Сәбитұлы, XYғ.), Бәйдібек Қарашаұлының (1356-1419), Қазтуған Сүйінішұлының (XY-XYI ғғ.), Шалкиіз Тіленішұлының (XY-XYI ғғ.), Доспамбеттің(1405-1523), Әйтеке (Айтық) Байбекұлының(1644-1700), Төле Әлібекұлының(1663-1756), Қазыбек Келдібекұлының (1667-1764), Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781), Ақтамберді Сарыұлының (1675-1768), Үмбетей Тілеуұлының (1706-1778), Сырым Датұлының (1742-1802), Шал Құлекеұлының (1748-1819), Жанақ Сағындықұлының (1770-1836), Абыл Өтембетұлының (1777-1864) афоризмдері қазақтың дербес халық, ұлт, мемлекет болып ұйысуында, қалыптасуында қуатты ықпалды қызмет атқарды. Аталған кезеңдердегі көрнекті тұлғалар шығармашылығында жеке адамдар, ағайындар арасындағы қарым-қатынастар мәдениетін сақтау, мінез-құлық психологиясындағы қарама-қайшылықты қасиеттерді үйлестіру, ата-баба дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарды ұлықтау, т.б. сан алуан мәселелер сөз өнерінің эстетикалық тағылымын дәлелдейді.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s