Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні


Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы Ә. Бөкейханов

атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы

Акибаева Ханзада

Ғылыми жетекшісі: Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

Ә. Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кансеитова Курбанкуль

Мақал-мәтелдер сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, күлкіге айналдырады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болады. Бұлардың бала тәрбиесіндег орны ерекше. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде моральдық-психологиялық өнер сайыскерлік ой-пікірлерін, бүкіл халық тәжірибесін мирасқа қалдырып отырады. Мәселен, халық ұғымында ақылдылық баға жетпес қазына. Бұл туралы халық « Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын», «Ақыл озбайды, білім тозбайды» дейді.Мақалдар сөзі салмақтап, ойлана айтуға үйретеді. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Андамай сөйлеген, ауырмай өледі». Халық даналығы мылжыңдықты ұнатпай, өткір сынға алған. «Құрғақ сөз бас ауыртар», «Көп сөз-күміс, аз сөз- алтын», «Қысыр сөзде қырсық көп» т.б. Осы айтылғандардың бәрі ақыл- ой мен зерделіктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отырғанын меңзейді.

Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет о бастан-ақ қазақ психологиясына тән сипат. Сөз-күшті, қуатты, құдіретті қару. «Сөз өнері – дертпен тең». Халқымыз ойға олақ, сөзге шолақ жанды әжуалап, аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажегеттігін ескерткен. Мәселен, «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жүйелі сөз жүйесін табар» т.б мысалдар сөз құдіретінің психологиялық астары қандай болатынын аңғартады. Сөйтіп, шебер де шешен сөйлей білу адамның асыл қасиеттерінің бірі болып, кісіге психологиялық әсер етудің ерекше тәсілі болып табылады. Мақал-мәтелдер қоғамдық ой сананың қалыптасуынан көптеген мәліметтер береді. Адам ақыл- ойының дамуында оқу, білім мен тәжірибенің атқаратын орны зор. Мәселен, «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі», «Білімнен асар байлық жоқ», «Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлейшешен болар» т.б.Халқымыз оқудың еңбек пен мандай

терді төгумен ғана миға қонатынын жақсы түсіндірген. «Оқу инемен құдық қазғандай». Өйткені оқу табысты болу үшін ерік- жігер, ынтызарлық пен құмарлық қажет. «Шыдамды еңбек алғыр ой, анық досың біліп қой», « Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап» т.б.

Мақал-сөздің көркі

«Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелді айтылатын оймен орайластырып, орынды қолдансақ, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны беретіндіктен, өте ұтымды болады, сөйлеген адамның шешендігін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын байқатады.

Мақал мен мәтелге бай халықтардың бірі – қазақ халқы. Қазақ мақалдары XIX ғасырда-ақ европа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. «Мақалды тудырушы – еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазынасы», — дейді атақты қазақ фольклористика ғылымының білгір профессоры Мәлік Ғабдуллин.

Мақал-мәтелдер бірнеше тақырыптарға жіктелген. Түркі тілдес халықтар мақал мен мәтелді былайша атайды. Өзбекше-мақал, қырғызша мақал мен лақаптар, татарша – мәкаль һәм әйтем, әзірбайжанша – аталар сөзі, ұйғырша – мақал вә тәтсил, түркіменше – нақылдар ве аталар сөзи, чуваштар – ватнисем калани.

Мақалдаадамның нәзік сезімдері мен терең ойлары ашық айтылады, дәлме-дәл көрсетіп, бейнелейді. Мысалы: «Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты». Ал, мәтел сөздің сырын: белгілі бір құбылысты астарлап, жұмбақтап, бейнелеп айтады. Мәтел сөзге бір мысал: «Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты. Сөз сауысқан туралы емес, сауысқан тектес, әсіре қызыл, еліктегіш, әсершіл адамды сынаған. Біреулер бар: өзінің дербес қасиеттерін жоғалтып, ықпалды адамдардың әуеніне төңкеріліп, соның көлеңкесіне тасаланады, өмірдің ағысынан өзін-өзі таба алмай әуре болады. Аталған мәтел сол образды бейнелеген.

Қазақ фольклорында «шыбынның басына бақ қонса, самұрық құс сәлемге келер» деген мәтел бар. Өмір қызық қой! Біреулер бар: тым жылпос, әккі қу өмірдің бос жерлерін білгіш-ақ. Көз ұшында мұнарланып көрінген бақ пен дәулетті жазбай таниды, соған жету жолында айламен өзін «алтын ыдысқа салып» көрсетуге тырысады. Ретін тауып жағымпазданады, жарамсақтанады. Ары мен ұжданын сатып, әйтеуір бір биліктің балақ бауынан ұстайды, айналасына шыбын-шіркейді жинайды. Өзінен ақылы асқан адамды жек көреді, ығыстыруға шеберлік көрсетеді, мүсәпірлік пен бағыныштылықты, өтірік пен өсекті дәріптейді, қорлау мен намысқа тиюдің

тәсілдерін ойлап табады, ел арасына жік салады, тозу мен құлдырауды ұйымдастырады.

Ондайлардан салмақты, зерек адамдардың өздері сескенеді, ішкі салмағын жоғалтады, оның айтқанына өз еркінең тыс бағынуға мәжбүр болады.

«Самұрық құс сауысқанға сәлемге келіпті» деген мәтел осы жайларды тұспалдап баяндайды.«Дүние – ақсақ елік жеткізбейді» деген мәтел де қиюы қашқан дүниені жалғаймын деп, тепеңдеп тозығы жеткен адамның күйін көрсетеді.

Фольклорист М.Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Соған бір мысал келтірейік:

Туған елдің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің.

Тепкі көріп теңтіреп,

Текке жүрсең білерсің.

Сол сияқты:«тозған қазды – топтанған қарға алады» , « Сұлу сұлу емес, сүйген – сұлу». Аталған мақал-мәтелдердің көркемдік құны олардың ұйқастары мен ырғақтарында.

Мақал – мәтелдердің тақырыптары

Мақал-мәтел – сөз мәйегі, саф алтыны. Мақалдар мен мәтелдерді, сара сөз бен нақылдардыхалқымыз ежелден жақсы көреді, сүттей ұйып, сүйсіне тыңдайды. «Сөздің көркі – мақал» деп қадірлейді, «Аталы сөзге арсыз жауап қайырады» деп, сөз қадірін білмейтіндерді сынайды, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, сөз өнерін жете бағалайды. «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Олардың қайсысында болсын поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация барлығы бар.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты тақырыбының бірі – Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Елін, Отанын емірене сүйген халқымыз Отанын шексіз сүюді ұрпағына өсиет еткен. «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елің — алтын бесігің», «Өз елім – өлең төсегім», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі терең түйінделген.

Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет», «Еңбек ет те, егін ек – жарымасаң , маған кел, белді бу да бейнет қыл, байымасаң, маған кел» деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер», «Еңбек еткен – мұратқа жеткен», «Әрекет болмай, берекет жоқ», «Еңбексіз рақат жоқ», «Бір еңбектің көп рақаты бар», «Біткен іс – піскен жеміс» деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген. Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген. «Тауық құс емес, жалқау кісі емес», «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтық – ырысы жоқтық», «Еріншектің егіні піспес», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ» деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамының беделін биіктетіп отырған.

Енді бір алуан мақал-мәтелдерде өнер-білім, оқу, ғылым дәріптеледі. Халқымыз олардың қоғамдық өмірдегі орнын ерекше бағалаған. Адамзат баласының дүние тіршілігіндегі қол жеткен табыстары – адам еңбегінің, ғылым-білімнің жемісі.

Сондықтан халықтың «Білімді өлмес, қағазда аты қалар, ұста өлмес, істеген заты қалар», «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – қайық», 12 «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақал-мәтелдері білімге, өнерге үндейді.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, БейімбетМайлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин т.б. шығармаларында да мақал-мәтел болып кеткен жолдар аз емес.

Мақал-мәтелдер – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. Мақал-мәтелдер – ел аузында, сөйлеутіліндеқолданылатын мазмұнды салалардың бірі. «Сөз асылы – мақал» деп тегін айтылмаса керек. «Мақал – логикалық, образдық ойдың қос қанаттасқан ғажап табысы, тәжірибеден туған философиялық сөздер. Сөздің ұйтқысын ең алдымен мақалдан іздеу керек. Онда этикалық, философиялық, ұжымдық мазмұн бар. Мақалдың қор

ытындыларын халық еш уақытта теріске шығара алмайды» дейді ғалым

Ә.Қоңыратбаев.

Мақал-мәтелдердің адамды игі қасиеттерге үндеу, уағыз-өсиет сипаты бар екені баршаға мәлім. Бұл қазына тәрбиелі қыз, ұлағатты ана, ардақты ұл, елі аялаған ер, жылы жүректі әке қандай болуы керек, осының бәрін тобықтай сөздің түйінінде түйіндейді.

Қазақ халқы мақал-мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі. Мақал-мәтелді кез келген адам шығаруға құқылы. Ал ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп, қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындар араласуымен жасалған. Қазақтың мақал-мәтелдеріне өз үлесін қосып, отты сөздері ел аузына кең тараған М. Әуезов, Б. Момышұлы, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты ұлы адамдар есімі ел есінде сақтаулы.

Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің біртүрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғанаөмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз.

Мақал-мәтелдер өмір құбылыстарының барлық саласын қамтитын болғандықтан, олардың тақырыптары да сан алуан. Мақал-мәтелдер де айтар ойды әсерлі жеткізу үшін көркемдеу құралдары қолданылады. Мысалы, «Жақсы жігіт – жағадағы құндыз, жақсы қыз – аспандағы жұлдыз», «Жаман тұқым егінді былғайды, жаман жігіт елді былғайды», т.б. Мұндай орынды қолданылған бейнелеу құралдары мақалдың ажарын ашып, ой өткірлігін арттырады, адамның бойында мәдени дағдыларды қалыптастырады.

Қазақтың халық педагогикасы – ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым. Халқымыз «Мақал – сөздің мұнарасы» деп, халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай бағаны өзі берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына мезгейді. Мақал-мәтелдің озық-артықшылығы ойды сығымдап, нақышты әрі әсерлі, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі мәнді айтып, суреттеуінде. Халық өзінің тәлімгерлік трактаттарын мақалдар мен мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Бір естігеннен жадыңда қалады, тәлімгерлердің де,

тәрбиеленушілердің де жаттауына оңтайлы, жеңіл. Және бір ғажабы, өмірдің өзі секілді желісі үзілмей, өркен жайып, жыл асқан сайын жемісін елге ұсынып отыратын даналық көзі мақал-мәтелдер өз қатарын қалыңдатып отырады. Жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал-мәтелдердің иесі де, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асылдарды сақтаушы да – қарапайым халық.

Мақал- мәтелдердің ерекшеліктері

Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің тақырыптары әр алуан: туған жер, ел-отан, еңбек, өнер, денсаулық, төрт түлік мал, егіншілік кәсібі, ынтымақ, достық, ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал мен мәтел құстың екі қанаты секілді бір-бірімен байланысты, бірақ олардың араларында аздаған өзгешеліктері мен айырмашылықтары болады.

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспал мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мәтелге айналған.

Тәрбие — адамның жан-дүниесінің қалыптасуында елеулі із қалдырады. Адам оқу,іздену,тәрбиелену арқылы өзін-өзі сомдайды. Білім, жақсы мінез-құлық арқылы ата-ана өз баласына үлгі болуға тиіс.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s